НҰСҚАУ
–
бірдеңенің жүзеге асырылуының жолы мен тәртібін белгілейтін ережелер
жиынтығы.
ОТЫРЫС –
қандайда бір ұйымның, ұжымның белгілі бір мәселелерді талқылау
мақсатында жиналуы.
ӨСИЕТНАМА
–
біреудің өзінің өлгенінен кейін мүлкін кімге тапсыратыны туралы
өкімінен тұратын ресми құжат.
ӨТЕМАҚЫ
–
мүліктерді бөлу немесе айырбастау кезінде мәмілеге негіз болған
мүліктердің құнын немесе үлестерін теңестіру мақсатында бір жақтың екінші жаққа беретін
ақшалай сомасы.
ӨТІЛ
–
қандай да бір саладағы қызметтің жалғастығы.Еңбек өтілі.
ПІКІР
–
бірдеңе немесе біреу туралы ой, пікір жазылған құжат.
РЕСІМДЕУ
–
белгілі бір құжаттарды толтыру, құрастыру
РҰҚСАТНАМА
–
бір жерге кіру немесе басқа жаққа бару үшін берілетін рұқсат
қағаз, куәлік
САЛЫҚ
–
міндетті, өтеусіз төлем, салық ұйымдармен түрлі салалардан меншік құқық
ережесі бойынша алынады, мемлекет тарапына шаруашылық жұмыстарын жүргізу, қауырт
жұмыстар ұсталатын ақшалай қаражат түрі.
САУАЛНАМА –
1) жұмыскерлер жұмысқа орналасқанда құрастыратын
құжат.
Сауалнамада көрсетiлген жазбалар тиiстi құжаттармен расталады. Бұны кадрлар қызметiнiң
жұмыскерлерi тексерiп, қол мен мөр қойып растаулары керек. Сауалнама жұмыскердiң жеке
iciнiң құрамдас бөлiмi; 2) қандай да бiр деректердi енгiзуге арналған сауал қағаз.
СЕРІКТЕСТІК
–
тең құқықты қатысушылардан тұратын өндірістік, сауда, т.б.
ұйымы.
СЫЙАҚЫ –
орындалған жұмыс көлемі үшін берілетін ақшалай немесе материалдық
сыйлық.
СІЛТЕМЕ
–
негізгі мәтіннен бөлек, беттің ең төменгі жағына жазылатын, негізгі
құжаттың мәтініне түсінік, ескерту берілетін мәтін.
Достарыңызбен бөлісу: |