КЕҢСЕ
–
мекеменің іс жүргізу жұмысын басқаратын бөлім және осы бөлімнің орны.
КЕПІЛАҚЫ –
міндеттің толық орндалуын қамтамасыз ету үшін
алдын
-
ала берілген
ақша.
КЕПІЛГЕР
–
біреуге немесе бірдеңеге кепіл болатын жеке, заңды тұлға немесе
мемлекет.
КӨШІРМЕ –
түпнұсқаның ешбір өзгеріссіз нұсқасы.
КУӘЛАНДЫРУ –
мөрмен және қолмен құжаттың дұрыстығын, шындығын растау.
КҮН ТӘРТІБІ
–
алқалық органның мәжілісінде талқыланатын сұрақтар тізбесі.
КІРІС НӨМІРІ
–
мекемеге түскен құжаттардың реттік саны.
ҚОЛДАУХАТ –
тұлғаның біреуді, бірдеңені қолдаған ресми өтініші.
ҚОЛЖАЗБА –
қолмен жазылған немесе жазу машинасына, я компьютерге
көшірілген мәтіннің түпнұсқасы немесе көшірмесі.
ҚОРЫТЫНДЫ –
қандайда бір мәселеге, құжатқа байланысты комиссияның,
маманның, лауазым иесінің пікірі жазылған құжат.
ҚОСА АТҚАРУШЫ
–
бір жұмыс орнындағы жұмысымен қатар екінші бір орында
жұмыс істейтін лауазым иесі.
ҚОСЫМША
–
құжаттың негізгі мәтінін толықтыру үшін берілетін түрлі ресми және
анықтамалық материалдар (фотосуреттер, схемалар, кестелер, құжаттар).
ҚУЫНЫМ
–
сотқа азаматтық құқықтарды қорғауды талап етіп өтініш жасау.
ҚҰЖАТТЫҢ КІРІСПЕ БӨЛІМІ –
эмблема, кәсіпорынның атауы, анықтамалық
деректер, құжат түрінің атауы, дата, келіп түскен құжаттардың нөмірі мен датасына сілтеме
деректемелерінің жиынтығы.
ҚҰЗЫРЕТТІ, БІЛІКТІ
–
бір салада жеткілікті хабардар, білімді лауазым иесі.
ҚҰПИЯ
–
жарияланбайтын, жасырын ұсталатын ақпарат.
Достарыңызбен бөлісу: |