Жүк автомобильдерінде орнатылған
сораптар қышқыл ерітіндісін
ұңғыма арқылы ӛнімді қабатқа беру үшін қолданылады. Сораптардың
бензиндік және дизельдік қозғалтқыштары гидравликалық қуатты 1000 ат
күшіне дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үлкен қуаттар қышқылды
қабаттағы табиғи күшке қарсы қозғалта отырып жыныс кеуектеріне енуге
мәжбүрлеу үшін қажет.
Ұңғыманы және тұз қышқылы ерітіндісін өңдеуге дайындау.
Ұңғыманы ӛңдеу алдында құмнан, ластанудан және коррозия
ӛнімдерінен мұқият тазарту қажет. Табан
сулары болған жағдайда
ұңғыманың түбін тығыздығы 1,2-1,3 г/см
3
болатын хлорлы кальций
ерітіндісімен немесе тығыздығы қышқыл ерітіндісі тығыздығынан 0,1-
0,15г/см
3
-ке кӛп болатын тұзды су құю арқылы оқшаулайды. Қиманың жеке
зоналарын бӛлшектеп немесе таңдап ӛңдеу кезінде де ұңғыма түбіне хлорлы
кальций ерітіндісін құяды. Бұл мақсат үшін пакерлерді және ұңғымаға сұйық
күйінде енгізіліп, онда қышқылмен араласпайтын гельге айналатын
химиялық заттарды қолдануға болады. Құрамына енгізілетін барлық
реагенттерді ескере отырып белгілі концентрациядағы тұз қышқылын оны
қолдану алдында дайындайды.
Егер ерітіндіні дайындау кезінде концентрленген
қышқыл мен судың
ӛте дәл арақатынасын алу керек болса, мына формуланы қолдануға болады
[6]:
.
Д
с
cД
V
V
(4.1)
мұндағы
V
– араластырылған қышқылдың ақырғы кӛлемі; с
–
араластырылған қышқылдың керекті концентрациясы;
Д
– араластырылған
қышқылдың тығыздығы;
V
– концентрленген қышқылдың қажетті кӛлемі;
с
– концентрленген қышқылдағы НСl-дың пайыздық құрамы;
Д
–
концентрленген қышқылдың тығыздығы.
Далалық жағдайда алынған қышқылдың
концентрациясын ареометрмен
бақылайды.
Ұңғыманы ӛңдеуге арналған қышқылдың шамасы мен концентрациясын
қабаттық шарттардан шыға отырып таңдайды. Жоғары қабаттық қысым
есебінен ӛңдеп болғаннан кейін жоғары депрессиялар тууы мүмкін болатын
ұңғымаларды ӛңдеу үшін 12 – 15 %-дық қышқылды қолданады. Шамалы
қабаттық қысымы бар ұңғымаларда реакция ӛнімдерін шығару шарттарын
жақсарту үшін концентрациясы 8-ден 12 %-ға дейін болатын қышқылды
қолдану керек (қышқыл концентрациясының ӛте жоғары кезінде қабат
кеуектерінен қиын шығарылатын жоғары тұтқырлы реакция ӛнімдері
түзіледі). Бұл кезде концентрацияның жоғарғы шектері аз ӛткізгішті
жыныстар үшін, тӛменгісі – жақсы ӛткізгішті жыныстар үшін ұсынылады.
Қабатқа айдалатын қышқыл кӛлемін ӛңделетін қабат бӛлігінің 1 м
қалыңдығына 0,4-тен 1,5 м
3
-қа дейін алу ұсынылады. Бұл кезде 0,4 – 0,6 м
3
/м
қышқылды аз ӛткізгішті
жыныстарға, 0,8 – 1,0 м
3
/м – орташа ӛткізгішті
жыныстар үшін, 1 – 1,5 м
3
/м – жоғары ӛткізгішті жыныстар үшін алады [6].
Қабаттық қысымға байланысты ұңғымаларда қышқылды ұстаудың
келесі уақыттары ұсынылады.
Қысым, МПа
0,7-ге дейін 0,7 – 2,0
2,0 – 6,0
Ұстау уақыты, сағ
3 – 6
12 – 24
30-ға дейін және жоғары
Достарыңызбен бөлісу: