2. Өңештің асқазанға ventriculus өткен жері ІІ кеуде омыртқа деңгейінде таралған.
92.Асқазан: құрылысы, топографиясы, ішастарға қатынасы, қызметі
.(100%)
Асқазан-ventriculus-асқорыту жолының кеңейген жері болып табылады.
Асқазанның топографиясы: (Топографияны айтқан кезде оның 3 құрылымын міндетті
түрде айту керек: голотопия, синтопия, скелетопия)
-Голотопиясы
Асқазан іш қуысында, сол жақ кабырқа асты және құрсақүстілік аймақтарда орналасқан
-Скелетопиясы:
Кіреберіс тесігі – ostium cardiacum- алдыңғы жақта сол жақ Ⅶ-ші қабыртқа шеміршегі, ал
артқы жақта Ⅺ-Ⅻ кеуде омыртқасы деңгейінде проекцияланады.
Шығаберіс тесігі-ostium pyloricum – алдыңғы жақта оң жақ Ⅷ-ші қабыртқа шеміршегі,
артқы жақта Ⅻ-ші кеуде немесе Ⅰ-ші бел омыртқасы деңгейінде орналасады.
Синтопиясы:
Алдыңғы беті:
бауырға диафрагмаға жанасады және іштің алдыңғы қабырғасына
жанасатын бос беті-facies libera болады.
Артқы беті:
көк бауырмен, ұйқы безімен, сол жақ бүйрекпен, бүйрекүсті безімен,
аортамен, төменгі қуыс венамен жанасады.
Үлкен иінінің төменгі беті: тоқ ішектің көлденең ішегімен
Асқазанның құрылысы:
1.Асқазанның 4 бөлігі болады:
-Кардиалді бөлігі-pars cardiac-өңештің асқазанға ашылатын жері.
-Асқазан түбі-fundus ventriculi- кардиалді бөлігінің сол жағында дөңестеу орналасқан.
-Асқазан денесі-corpus ventriculi
-Пилорикалық (қақпалық) бөлігі-pars pyloricum. Ол 2 бөлімнен тұрады: қақпалық үңгір-
antrum pyloricum және қақпалық түтік-canalis pyloricus.
2.Асқазанның екі қабырғасы бар:
Алдыңғы қабырғасы-paries anterior
Артқы қабырғасы-pars posterior
3.Асқазанның екі иіні бар:
Кіші иіні-curvatura ventriculi minor- жоғары және оң жаққа қарай бағытталған
Үлкен иіні-curvatura ventriculi major-төмен және сол жаққа қарай иіліп, ұзындау келген.
Достарыңызбен бөлісу: