2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


 Ұйқы безі, дамуы, топографиясы, құрылысы, қызметі. Бауыр-12 ішек



Pdf көрінісі
бет112/199
Дата16.12.2022
өлшемі1,83 Mb.
#163057
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

100. Ұйқы безі, дамуы, топографиясы, құрылысы, қызметі. Бауыр-12 ішек 
жалғамасының құрамы. 
Уникальность: 100.00% 
Ұйқыбез
(pancreas), омыртқалылар эволюциясында біршама кеш дамыған ағза. Төменгі 
сатылаларда (балықтар, амфибиялар) ол шағын ұрық түрінде байқалады, ал ересектерде 
без сопақша пішінді, ұзындығы 16-20 см, ені 4 см және қалыңдығы 2-3 см шамасындағы 
дене, салмағы 70-80 г жетеді. Ұйқыбез ішастар артында 2-ші кейде 3-ші бел омыртқасы 
денесінің тұсында көлденең орналасқан. Безде ажыратады: 12-елі ішек тағасына жанасып 
жатқан басын (caput pancreatis), алдыңғы, төменгі және артқы беттерін бөліп тұрған үш 
қырлы денесін (corpus pancreatis) және көкбауырға тиісіп жатқан тарылған бөлігі ұйқыбез 
құйрығын (cauda pancreatis). Бездің қапшығы өте жұқа. Ұйқыбез күрделі альвеолалық без. 
Оның үлесшелерінің (қарапайым көзге көрінетін) шығаратын 189 түтіктері ұйқыбез 
түтігіне (ductus pancreaticus) тікелей ашылады. Түтік бездің ортасының өн бойына 
орналасқан және жалпы өт түтігімен бірігіп 12-елі ішектің үлкен бүртігіне ашылады. 
Панкреатикалық сөлмен өттің іш қуысына түсуін реттейтін екі түтіктің де шығатын 
тесіктері бұлшықеттік қысқышпен жабдықталған. Кейде ұйқыбезде бас түтіктен бөлініп 
шығатын қосалқы түтік кездеседі, ол 12 елі ішектің кіші бүртігіне ашылады.
Ұйқыбез асқорыту және зат алмасу үрдісінде маңызды роль атқарады. Ұйқыбезде 
секреттік құрылымдардан бөлек ішкі секреттік сипаттамадағы жасушалық топтар 
орналасқан. Бұл топтар – аралшықтар (insulae), без паренхимасының өне бойына 
жайылған, шағын мөлшерлі жасушалардан (кейде үлкен көлемге жететін – 175 мкм) 
құралған. Бірақ жасушалар саны бездің құйрығында басымырақ. Аралшықтар көмірсу 
алмасуын реттеуге қатысатын инсулин гормонын өндіреді. Бездің бұл қызметі нерв 
жүйесінің қызметімен тығыз байланысты. Бұны аралшықтың мол нервтенуінен байқауға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет