2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


 Шарбылық қапшық, шекаралары, қатынасы



Pdf көрінісі
бет118/199
Дата16.12.2022
өлшемі1,83 Mb.
#163057
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

107. Шарбылық қапшық, шекаралары, қатынасы. 
75.50% 
Ішастардың жоғарғы қабаты үш қапшыққа бөлінеді: bursa hepatica, bursa pregastrica және 
bursa omentalis.
Шарбылық қапшық, bursa omentalis немесе кіші ішастарлық қапшық - кұрсақ куысының 
бір бөлігі. Ол асқазан мен бауыр-асқазан байламының артында орналасатын саңылау 
тәрізді кеңістік. 
Орналасуы: 
фронталді жазықтыктың бойында кіші шарбымен асқазанның артында 
орналасқан. 


Шекаралары:
жоғарғы жағында-шарбы қабы бауырдың құйрық шұңқырымен шектелген; 
төменгі жағында – үлкен шарбының артқы беті мен тоқ ішектің көлденең жиек ішектің
шажырақайы;
алдыңғы жағында асқазанның артқы беті және кішкентай без, артқы жағында аортаны 
жабатын париетальды ішастар, сол бүйректің жоғарғы полюсінің төменгі қуыс венасы, сол 
жақ бүйрек үсті безі және ұйқы безі. 
Құрамында:
бауырдың екі қабатты ішастарынан құралған оң үшбұрышты байламы (lig. 
triangulare dextrum), орактәрізді байламы (lig. falciforme hepatis) және бір қабатты 
ішастардан кұралған тәждік байламы (lig. coronarium hepatis) бар. Бұл каптың кіреберіс 
бөлігі іштің ішастарлық қуысымен шарбылық тесік, Винслоев тесігі (foramen еріріоісum) 
арқылы байланысады. Сонымен қатар бауыр қабымен (bursa hepatica) де осы тесік арқылы 
байланысады.
108. Құрсақ қуысы ағзаларының құрсақ қуысының жоғарғы қабатындағы 
топографиясы. 
100% 
Құрсақ қуысын екі қабатқа бөледі — жоғарғы және төменгі. 
1. Жоғарғы қабат диафрагма мен көлденең ішектің қабырғаларымен шектелген. Онда: 
асқазан, көкбауыр, бауыр, өт қабы, ұйқы безі және он екі елі ішектің жоғарғы бөлігі 
орналасқан. Бұл қабатта ішастардың мүшелері, байламдары мен қатпарларынан құралған 
келесі кеңістіктер орналасқан: 
1. оң жақ ішкі кеңістік (оң жақ бауыр қабы, bursa hepatica dextra) шекаралары: 
• жоғарғы және алдыңғы диафрагма; 
• төменгі жағынан бауырдың оң жақ бөлігінің жоғарғы беті; 
• артқы жағынан ligg. coronarium et triangulare dextrum; 
• сол жақта lig. falciformis hepatis, төменгі қабаттың оң жақ каналына төмен қарай 
жалғасады; 
2. сол жақ субдиафрагмалық кеңістік (bursa hepatica sinistra және bursa pregastrica):
1. Сол жақ бауыр қабы, bursa hepatica sinistra: бауырдың оң бөлігін қоршап тұрады.
Шекаралары: жоғарыдан-көкет; Сол жағынан-орақ тәрізді жалғама. Төменнен-бауыр: 
париетальді ішастар. 
2. Асқазан алды қапшығы( bursa pregastrica): жоғарғы –көкет; оң жағынан-орақ тәрізді 
жалғама; асқазанның алдынан фронтальды жазықтықта орналасады. Ішінде бауырдың сол 
бөлігі, көкбауыр жатады.
3. Шарбылық қапшық ( bursa omentalis): кіші шарбымен асқазанның артында орналасқан.
Жоғары-бауырдың құйрық бөлігі. Төменнен- үлкен шарбының артқы табағы. Алдынан-
асқазанның артқы беткейі, кіші шарбы, асқазан-жиек жалғамасы. Артынан-артқы құрсақ 
қуысындағы орналасқан ағзаларды (қолқа, төменгі қуыс венасы, ұйқы безі, сол бүйрек 
және т.б.) жауып тұратын ішастар табағы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет