radialis).Праксимальді эпифиз бен диафиздің арасында шынтақтың бұдыры
болады(tuberositas ulnae).
Диафизінде(денесінде) 3 қыры болады: алдыңғы қыр(margo anterior) , артқы қыр(margo
posterior) және сүйек аралық қыр(margo intoresseus) (ол кәрі жілік жаққа қарап
тұрады).Шынтақ сүйегінің 3 беті болады:алдыңғы беті(facies anterior),артқы беті(facies
posterior) және медиальді беті(facies medialis) болады.
Шынтақ сүйектің дисталді эпифизінде дөңгелек басы(caput ulnae) болады,басының
медиалді бөлігіне қарай біз тәрізді өсінді(processus styloideys) болады.Баста буындық
айналма(circumferential articularis radiali) болады одакәрі жілікпенбуындасатын жері
болады.Және де шынтақсүйектің білезікпен бекінуге арналған буындық беті болады.
Кәрі жілік (radius)- шынтақ сүйегінің латералды жағында және шынтақ сүйегінің алдына
қарай орналасқан. Оның проксималді эпифизі, денесі және дисталді эпифизі болады.
Проксималді эпифизінде басы (caput radii), басынан төменірек мойны (collum radii),
мойнынан төменірек кәріжілік бұдыры (tuberositas radii) бар. Осы кәріділік бұдыр арқылы
бұлшықет бекиді. Басында тоқпан жілікпен буын құрайтын буындық шұңқыры (fovea
articularis), ал басының буын қапталында шеңбер бағытта орналасқан буын беті
(circumferential articularis) бар.
Денесінде 3 қыры бар: алдыңғы қыр(margo anterior), артқы қыр(margo posterior),
сүйекаралық қыр(margo interosseus).
Денесінде тағы 3 беті бар: алдыңғы беті(facies anterior), артқы беті(facies posterior),
латералді беті(facies lateralis). Алдыңғы бетінде сүйектік қантамырлар тесігі(foramen
nutricium) бар.
Дисталді эпифизі жуандау және қалыңдау болып келген. Оның бүйірінде бізтәрізді өсінді
(processus styloideus) бар. Және шынтақ сүйегімен буын құрау үшін шынтақ жіліктік тілігі
(incisura ulnaris) орналасқан. Бізтәрізді өсіндінің жанында дорсалды төмпешігі (tuberculum
dorsale) бар. Алдыңғы беті ойыстау және жазықтау. Ал артқы беті дөңестеу және бұдыр
болып келген. Білезік сүйектерімен буын құрайтын буын беті (facies articularis carii) екі
шұңқырға бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: