10) Шүйделік қойнау, sinus occipitalis, ішкі шүйде шодырына кіреді. Ол көлденең
койнаудан шығып, 2-ге тармақталады, үлкен шүйде тесігін қоршайды да, сигматәрізді
қойнауға құяды.
-Торлы қабық, arachnoidea, немесе сірлі қабық, meninх serosa.
Торлы қабық пен ми арасында саңылаутәрізді қатты қабықасты кеңістік болады, шамалы
жұлын сұйыктығымен толтырылған.
Торлы қабықтың ішкі беті миға караған. Ми денгейлерінің шығыңқы бөліктерінде мидың
жұмсақ қабығымен тығыз байланысқан, алайда саңылау және жүлге артынан енбейді.
Осылайша, мидың торлы қабығынан жүлгелері копір сияқты байланысады, ал бітісіп
кеткен жерлер жок болса кеңістікте калып отырады. Олар торлы кабыкасты кеңістіктер
деп аталады (cavitates subarachno ideale). Кей жерлерде бүл кеңістіктер біршама үлкен
болып келеді және торлыасты цистерна, cisternae subarachnoideale, деп аталады, келесі ірі
цистерналар бар:
1. Мишық-ми цистернасы, cisterna cerebellomedullaris, ол мишық пен сопақша ми арасында
орналасады.
2. Үлкен ми латералді шұңқырының цистернасы, cisterna fossae lateralis, мидын латералді
шұңқырына сәйкес орналасқан.
3. Аяқшаларарасы цистернасы, cisterna interpeduncularis, ми аяқшалары арасында
орналасқан.
4. Қиылысқан цистерна, cisterna chiasmatis, көру нервімен маңдай үлесі арасында
орналасқан
-Ортаңғы кабық, қатты қабық пен жұмсақ қабық аралығында орналасады. Жұмсак кабық,
ріа mater, немесе тамырлы кабық, meninx vasculosa, ең ішкі қабығы.
Мидың жұмсақ қабығы, ріа mater encephali, барлық жүлге мен саңылауға еніп, ми затын
жауып тұрады. Мидың жұмсақ қабығы жұлынның жұмсақ қабығына қарағанда, жоғарғы
мимен тығыз байланысты болып келеді.
Қабықаралық кеңістіктері:
Торлы қабық пен жұмсақ қабық арасында- субарахноидалді кеңістік Spatium
Subarachnoidalis;
Қатты қабық пен торлы қабық арасында- субдуралді кеңістік Spatium Subdurale ;
Қатты қабық пен сүйек қабық арасында- эпидуралді кеңістік Spatium Epidurale бар.
Достарыңызбен бөлісу: