2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


 Омыртқа жотасының бассүйекпен қосылысы



Pdf көрінісі
бет46/199
Дата16.12.2022
өлшемі1,83 Mb.
#163057
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

39. Омыртқа жотасының бассүйекпен қосылысы. 
Атлант-шүйделік буын, articulatio atlantooccipitalis.Буын басы, шүйде сүйегінің 
айдаршығының,condylus occipitalis, буын бетінен тұрса, буын ойысы атланттың немесе 
ауыз омыртқаның жоғарғы буын ойысының буын бетінен, facies articularis superior, 
түрады. Буын басының буын беті, буын ойысына қарағанда шағын келген. Буын 
беттерігиалинмнен көмкерілген. Буын беттерінің сыртқы пішініне қарай эллипс немесе 
айдаршық тәрізді құрама буын, articulation combinata, жатады. Буын беттері сэйкес келген. 
Буын қапшықтары буын беттерінің жиектеріне өзара тартылып бекіген.Буынның меншікті 
буын қапшығының байламы жоқ, жанамажарғақтар арқылы мықталған. 
1.Алдыңғы атлант-шүйделік жарғақ. Membrana atlanto-occipitalis anterior, ол ауыз 
омыртқаның алдыңғы доғасы мен шүйде сүйегінің үлкен тесігінің алдыңғы жиектерінің 
аралығында өзара тартылып орналасқан. Ол омыртқалар денелерін бойлай орналасқан 
алдыңғы байламның, lig. Iongitudinale anterior, тікелей жалғасы болып саналады.Бұл 
жарғақтың артқы қапталында, алдыңғы атлант-шүйделік байлам, lig.atlanto-occipitalis 
anterior, орналасқан қызметі: буынның тым шалқаюынтежеу. 
2. Атлант-шүйделік артқы жарғақ, membrane atlanto-occipitalis posterior Ол жарғақ шүйде 
сүйегінің үлкен тесігінің артқы жиегінен басталып,ауыз омыртқаның артқы доғасына 
барып бекиді. Атлант-шүйделік артқы жарғақтың алдыңғы бетінде,қантамырлар мен 
нервтердің тесікшелері айқын байқалады. Сонымен қатар бұл жарғақ, омыртқа доғалары 
аралығындағы сары түсті байламның тікелей жалғасы болып саналады. Атлант-шүйделік 
артқы жарғақтыңбүйір қапталында, латералды атлант шүйделік байлам орналасқан. Ол 
бұл жарғақтың тікелей жалғасы болып саналады. қызметі: атлант-шүйделік буынның тым 
алға қарай иілуін тежеу. 
Атлант пен біліктік омыртқалар бір-бірімен өзара беттесіп, екіжұп, біртақ буынды 
құрайды. 
1. Латералды атлант-біліктік буын.articulatio atlanto-axialis lateralis, ол атлант немесе ауыз 
омыртқаның төменгі буын бетімен, біліктік омыртқаның жоғарғы буын бетінің беттесуі 
нәтижесінде құралған жұп буын. Буын беттері тегіс, жазық үш білікті буынға жатады. 
Буын беттері гиалинмен көмкерілген. Буын қапшықтары буын шеміршектерінің 
жиектеріне бекіген. Мұндағы болатын қозғалыс екі білікті және айналма бағытта, 
circumductio. 
2. Орталық атлант-біліктік буыны, articulation atlanto-axialis mediana, ол ауыз омыртқаның 
алдыңғы доғасының артқы бетіндегі тістік ойығы, fovea dentis, мен біліктік омыртқаның 
тісінің, dens axis, буын беттерінің нәтижесінде құрылған. Буын беттері цилиндр тәрізді. 
Буын беттері, гиалинмен көмкерілген,бір-біріне сәйкес келген. Буын қапшықтары буын 
беттерінің жиектеріне бекіген. Буында болатын қозғалыс вертикальды біліктің бойында 
басты оңға немесе солға бұруға ықпал етеді. Бұл буынның қапшығы төменде аталған 
байламдар арқылы мықталған. 
1.Жамылғы жарғақ, membrana tectoria, өте мықты жалпақ дәнекер талшықты табақша. Бұл 
жарғақ шүйде сүйегінің алдыңғы жиегінен басталып, омыртқа өзекшесінің ішінде 
орналасып, бойлай томен бағытта өтіп, білікті омыртқаның тіс тәрізді өсіндісінің артқы 


бетін және көлденең байламын жауып, омыртқаларды бойлай орналасқан артқы байламға 
ұласады. 
2. Крест тәрізді байлам, lig.cuneiform eatlantis.Бұл байлам бір-бірімен крест тәрізді 
қиылысып орналасқан дәнекер тканды галшықтардан тұратындықтан крест тәрізді байлам 
деп аталған. Крест тәрізді байлам: көлденең және бойлай орналасқан жоғарғы және 
төменгі байламдардан тұрады. 
Көлденең байлам, lig.transversum atlantis, өте тығыз келген дәнекер тканды байлам. Ол 
ауыз омыртқалардың латералды бөлігінің аралығында көлденең бағытта және білікті 
омыртқаның тіс тәрізді өсіндісінің артқы бетін жанай өтіп орналасқан, қызметі: білікті 
омыртқаның тіс тәрізді өсіндісін омыртқа қуысындағы жұлынға қарай ығысып, 
қозғалуынан сақтау. Сонымен қатар, көлденең байлам мен тіс тәрізді өсіндінің 
аралығында буындық қуыстық орналасқан. Бұл қуыстықтың маңызы, әсіресе, тіс тәрізді 
өсіндінің оңға немесе солға қарай қоз-ғалуын қамтамасыз ету. 
3. Тістік байлам, lig.apicis dentis, ол білікті омыртқа тісінің ұшынан вертикальды бағытта 
өтіп, шүйде сүйегінің үлкен тесігінің артқы жиегіне барып бекиді. қызметі: тіс тәрізді 
өсіндіні жұлынға қарай ығысуын тежеу. 
4. Қанат тәрізді байлам, lig.alare, өте ірі талшықты дәнекер тканды байлам.Бұл байлам 
білікті омыртқаның бүйір қапталынан жоғары өрлеме бағытта өтіп, шүйде сүйегінің 
айдаршығының ішкі қапталына бекиді. қызметі: тіс төрізді өсіндінің бүйір қапталына 
қарай қозғалуын сақтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет