2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


 Бөксе аймағының бұлшықеттері. Олардың топографиясы. Алмұртүсті және



Pdf көрінісі
бет81/199
Дата16.12.2022
өлшемі1,83 Mb.
#163057
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

73. Бөксе аймағының бұлшықеттері. Олардың топографиясы. Алмұртүсті және 
алмұртасты тесіктер, олардың құрамы. 
Regio glutea бөксе аймағы.Жамбас бұлшықеттері жамбас сүйегінен омыртқа бағанының 
бел және сегізкөз бөлімдерінен басталып, ұршық буынынан жан-жағынан қоршап,ортан 
жіліктің жоғары шетіне бекиді.Жамбас бұлшықеттерінің топографиясына қарай ішкі және 
сыртқы топ бұлшықеттері болып бөлінеді. Ішкі-musculus iliopsoas мықын-бел, piriformis 
алмұрттәрізді, obturatorius internus ішкі жапқыш бұлшықеттері жатады.Сыртқы-musculus 
gluteus maximus үлкен бөксе, gluteus medius ортаңғы бөксе, gluteus minimus кіші бөксе, 
quadratus femoris санның шаршы бұлшықеті, gemellus superior жоғарғы егіз, gemellus 
inferior төменгі егіз, tensor fascia latae санның жалпақ шандырын көтеретін бұлшықет 


obturatorius externus сыртқы жапқыш бұлшықеттері жатады.Мықын-бел бұлшықеті 
бекінер жерінде белдің үлкен және мықын бұлшықеттерінен тұрады.Сонымен қатар бұл 
бұлшықетке белдің кіші бұлшықетін де жатқызады.Белдің үлкен бұлшықеті musculus 
psoas major 12 кеуде 1-4 бел омыртқалардың бүйір бетінен және барлық бел 
омыртқалардың көлденең өсіндісінен басталады. Сегізкөз-мықын буыны деңгейінде 
мықын бұлшықетінің талшықтарымен қосылады.Мықын бұлшықеті musculus iliacus 
барлық fossa iliaca-ны толтырып, оның бетінен басталады.Ол шап жалғамасының астымен 
бұлшықет лакунасы арқылы өтіп, trochanter minor-ға бекиді.Функциясы-санды ұршық 
буынында бүгіп, сыртқа айналдырады.Санды қимылдатпай ұстаған кезде тұлғаны алға 
қарай иіп, төмен қарай тартады.Белдің кіші бұлшықеті musculus psoas minor тұрақсыз, 
желпуіш тәрізді қысқа қарыншасы және ұзын сіңірі бар.Ол 12 кеуде және 1 бел 
омыртқалардың бүйір бетінен басталып, eminentia iliopubica, fascia iliaca және arcus 
iliopectineus бекиді.Функциясы-fascia iliaca-ны кереді. Алмұрттәрізді бұлшықет сегізкөздің 
алдыңғы бетінен басталып,кіші жамбас астауынан шонданайдың үлкен тесігі арқылы 
бөксе аймағына өтеді және trochanter major ұшына бекиді. Функциясы-ортан жілікті 
сыртқа айналдырады. Ішкі жапқыш бұлшықеті жапқыштық жарғақтың ішкі бетінен және 
жапқыш тесіктің айналасындағы жамбас сүйектің ішкі бетінен басталады. Кіші жамбас 
астауынан шонданайдың үлкен тесігі арқылы өтіп, шонданайдың кіші тілігінің жиегінен 
өтіп,fossa trochanterica-ға бекиді. Кіші жамбас астауынан шыққан соң бұлшықеттің 
сіңіріне жоғарғы және төменгі егіз бұлшықеттер қосылады.Функциясы-ортан жілікті 
сыртқа қарай айналдырады.Жамбастың сыртқы топ бұлшықеттері. Бөксенің үлкен 
бұлшықеті musculus gluteus maximus ірі талшықты жалпақ бұлшықет. Ол мықын сүйектен 
linea glutea posterior-дың артынан, сегізкөз бен құйымшақтың facies dorsalis-нен , 
ligamentum sacrotuberale және fascia thoracolumbalis басталып, tuberositas glutea бекиді. 
Оның кейбір будалары tractus iliotibialis fascie latae жалғасады.Функциясы-санды жазады, 
сыртқа айналдырады, жамбасты фиксациялайды.Бөксенің ортаңғы бұлшықеті үшбұрыш 
пішінді көп бөлігі musculus gluteus maximus астында орналасып, musculus gluteus minimus 
жабады.Бұлшықет os illium сыртқы бетінен, linea glutea anterior мен linea glutea posterior 
арасынан басталып, trochanter major бекиді. Бөксенің кіші бұлшықеті жалпақ, үшбұрыш 
пішінді, os coxae жағында жатып, бөксенің ортаңғы бұлшықетімен жабылады.Сыртқы 
пішіні желпуіш тәрізді, жұқалау, енді болып келеді. Бұлшықет os illium сыртқы бетінен os 
illium сыртқы бетінен, linea glutea anterior мен linea glutea posterior арасынан басталып, 
trochanter major бекиді.Функциясы-санды әкетеді, алдыңғы будалары ішке айналдырады, 
артқылары сыртқа айналдырады. Жоғарғы егіз бұлшықет spina ischiadica ,төменгі егіз 
бұлшықет tuber ischiadicum басталып, musculus obturatorius internus –пен бірге fossa 
trochanterica бекиді.Функциясы-санды сыртқа қарай айналдырады.Санның шаршы 
бұлшықеті musculus gluteus maximus пен musculus obturatorius externus арасында 
жатады.Ол tuber ischiadicum басталып, латеральды жүреді және crista intertrochanterica мен 
trochanter major-ға бекиді.Функциясы-санды сыртқа сыртқа қарай айналдырады.Сыртқы 
жапқыш бұлшықет os pubis пен os ischiі сыртқы бетінен, membrana obturatoria басталып, 
ортан жілік мойнының артымен латеральды бағытталып,musculus quadratus femoris 
астымен өтіп, fossa trochanterica–ға бекиді.Функциясы-санды сыртқа қарай 
айналдыру.Санның жалпақ шандырын керуші бұлшықет spina iliaca anterior superior et 
labium externum cristae iliacae басталып, musculus gluteus minimus-тің бастапқы бөлігімен 
бірігеді. Санның жоғарғы және ортаңғы ұшында ол мықын-сан жолына ұласып, асық 
жіліктің жоғарғы шетінің латеральды жағына бекиді.Функциясы-санның жалпақ 
шандырын керіп, санды бүгеді және ішке айналдырады.Алмұртүсті foramen suprapiriforme 
– алмұрттәрізді бұлшықеттің жоғарғы жиегі мен үлкен шонданайлық тілік арасындағы 


тесік. Ол арқылы жоғарғы жамбас қантамырлары және нервтер өтеді.Алмұртасты тесігі 
foramen infraperiforme – бұлшықеттің төменгі жиегі мен сегізкөз-қылқан байламы 
арасындағы тесік. Ол арқылы шонданайлық нерв, төменгі жамбастық қантамырлар мен 
нервтер, жамбастың артқы тері нерві, ішкі жыныс қантамырлары, жыныс нервтері өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет