87. Қатты таңдай және жұмсақ таңдай. 100% Таңдай palatum құрылысы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді қатты таңдай palatum durum
және жұмсақ таңдай palatum molle бөлінеді.
Қатты таңдайдың негізі сүйектен тұрады нақтырақ айтсақ жоғарғы жақсүйектің таңдай
өсіндісі processus palatinus мен palatina сүйегінің lamina horizontalis тұрады. Қатты
таңдайда орта сызық бойында таңдай жігі raphe palate көрінеді. Осы жіктің алдыңғы
бөлігінде көлденең қатпарлар plicae palatinae transversae орналасқан. Мұнда шырышты
қабық фиброзды тін арқылы сүйекпен тұтасып кеткен.
Жұмсақ таңдай, palatum molle. Оның алдыңғы жиегі p. durum-ң артқы бөліміне бекіп, ал
артқы жиегі төмен және артқа қарай салбырап тұрады, ал орта бойында тілшігі uvula
болады. Жұмсақ таңдай бүйірлері доғашықтарды arcus құрайды. Олардың алдыңғысы
arcus palatoglossus тілдің бүйіріне келсе, ал артқысы, arcus palatopharyngeus,
жұтқыншақтың бүйір қабырғасына бекиді. Осы доғашықтардың арасында таңдай
бадамшасы, tonsilla palatina, орналасатын шұңқыр fossulae tonsillares болады. Әрбір
бадамшасы лимфа тінінің сопақша келген жиынтығы болып табылады. Бадамша
доғашықтар арасындағы үшбұрышты ойыстың көп бөлігін алып жатады.
Жұмсақ таңдайдың бұлшықеттері екі топқа бөлінеді: 1) Таңдай пердесін көтеруші 2)
таңдай пердесін төмен түсуші бұлшықтер. Бірінші топ бұлшықеттеріне жататындар:
А)таңдай пердесін керетін бұлшықет m.tensor veli palatini. Есту түтігінің шеміршегінен
бастап, Hamulus pterygoideus-ті орай жұмсақ таңдайдың фиброзды қабығына дейін
созылады. Қызметі: жұтынған кезде тамақты жұтқыншақтың мұрын бөлігіне жібереу
болып табылады.
Б) таңдай пердесін көтеруші бұл. m.levator veli palatini. Бұлшықеттің басталып аяқталатын
жері пердені керетін бұлшықетпен шамалас. Қызметі: тамақты жұтқан кезде palatum
molle-ні көтеріп, жұтқыншақтың мұрындық бөлігін жауып, Евстахийев тесігін бітеп,
дабыл қуысындағы қысымды арттырады.
В) Тілшік бұлшықеті, m.uvulae, spina nasalis posterior мен жұмсақ таңдай апоневро- зынан
басталып, тілшікте аяқталады. Қызметі: тілшікті қысқарту