жөнелтуші – ҚР Банкінің төлем карточкасын ұстаушы болып табылатын, ақша төлеміне және
(немесе) аударымына байланысты нұсқауды жөнелтетін, сонымен бірге ақша жөнелтуші, бастамашы
немесе бенефициар болуы мүмкін тұлға;
37)
Банк провайдері – Банкпен шарттық қатынастарға сәйкес Банк қызмет көрсеткен кезде
процессинг (ақпаратты жинау, өңдеу, төлем карточкаларымен жүргізілетін операциялар бойынша есеп
айырысуға қатысушыларға ақпарат тарату) қызметін көрсететін CNP Processing Kazakhstan;
38)
рефералдық бағдарлама – рефералдық бағдарламаға қатысушыға рефералдық код немесе
рефералдық сілтеме арқылы мобильді қосымшаға жаңа клиенттерді тарту үшін бонустық шотқа
бонустар түрінде сыйақы алу мүмкіндігін беретін, мобильді қосымшаны пайдаланатын Клиенттердің
санын арттыруға бағытталған Банк пен оның серіктестерінің бағдарламасы;
39)
рефералдық код – рефералдық бағдарламаның құралы болып табылатын және рефералдық
бағдарламаның қатысушысын сәйкестендіру, сондай-ақ рефералдық бағдарламаға қатысқаны үшін
бонустық шотқа сыйақыны одан әрі есептеу үшін Банк реферерге берген сандық және/немесе әріптік
символдардың бірегей комбинациясы;
40)
рефералдық сілтеме — бұл реферерге байланыстырылған, сандық және/немесе әріптік
символдардың комбинацияларынан тұратын, рефералдық бағдарламаның қатысушысын
сәйкестендіруге және рефералдық бағдарламаға қатысқаны үшін бонустық шотқа сыйақы есептеуге
арналған рефералдық бағдарламаның құралы болып табылатын, Банктің интернет желісіндегі
мобильді қосымшасының біріздендірілген мекенжайы;
41)
реферал — Банктің мобильді қосымшасының жаңа пайдаланушысы болып табылатын,
рефералдық бағдарлама шеңберінде тіркелген рефералдық бағдарламаның қатысушысы;
42)
реферер — Банктің клиенті болып табылатын, рефералдық бағдарлама аясында мобильді
қосымшаға жаңа пайдаланушыларды тартатын рефералдық бағдарламаның қатысушысы;
43)