«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген



Pdf көрінісі
бет58/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

8. Тараптардың жауапкершілігі 
1.
Клиент: 

токен провайдерінің жүйесінде сәйкестендіргіштің (егер қолданылса), құпиясөздің және 
ұстаушыны верификациялау үшін қажетті басқа да құралдардың құпиялылығын сақтауға; 

үшінші тұлғалардың электрондық байланыс құралдарын пайдалануға; 

ұстаушының электрондық байланыс құралында тіркелген карточканың деректемелерін 
пайдалана отырып, МТЖ-да ұстаушы жасаған операциялар үшін; 

осы шарттарда көрсетілген электрондық байланыс құралын техникалық қорғауға 
қойылатын талаптардың бұзылуына, оның ішінде ұстаушы құрылғының операциялық жүйесінің 
артықшылықтарын арттыру/бұзу операциялары жасалған электрондық байланыс құралын 
пайдаланған жағдайларда; 

осы шарттарда көрсетілген міндеттерді орындамау нәтижесінде туындаған операциялар 
үшін жауапты. 
2.
Банк: 

МТЖ жұмысы және электрондық байланыс құралында/құрылғыда орнатылған басқа 
қосымшалармен өзара байланысы үшін; 

МТЖ арқылы операциялар жасау мүмкіндігінің жоқтығы үшін; 

МТЖ-да карточканы кез келген бұғаттау, тоқтата тұру, жою немесе пайдалануды тоқтату 
үшін; 

электрондық байланыс құралының жоғалуына, ұрлануына немесе бүлінуіне байланысты 
ұстаушы шеккен қандай да бір залал немесе шығын үшін; 

электрондық байланыс құралының операциялық жүйесін қолдағаны үшін жауапты емес. 
3.
Банк ҚР заңнамасына сәйкес осы шарттардың орындалуына жауап береді. 
9. Өзге де шарттар 
1.
Осы шарттарды қабылдай отырып, Клиент өзінің электрондық байланыс құралына 
Банктен МТЖ пайдалана отырып, төлемдер жасау үшін қажетті SMS-хабарламаларды/Push 
хабарламаларды алуға келісім береді. 
2.
Осы шарттарды қабылдай отырып, Клиент: 

МТЖ-ны пайдалана отырып, карточканың деректемелері арқылы оған қол жеткізу, 
пайдалану және төлемдерді жасау мүмкіндігі тек МТЖ-ның жұмысқа қабілеттілігіне, МТЖ 
пайдаланатын сымсыз байланыс желілерінің жай-күйіне және/немесе электрондық байланыс 
құралына байланысты екенін түсінеді және келіседі. 

Банк сымсыз байланыс желілеріне қызмет көрсету, сымсыз қосуды ажырату/үзу жүйесі 
бойынша бақылау жасамайды және оған әсер етпейді; 
Банк Банктің бақылауында болмайтын бөгде қосылулар арқылы деректерді электрондық беруге 
байланысты деректерді берудің құпиялылығы мен қауіпсіздігіне кепілдік бермейді. Деректерді 
берудің құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету токен провайдерінің ережелеріне 
сәйкес жүзеге асырылады. 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет