«Банк Хоум Кредит» АҚ еб директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген



Pdf көрінісі
бет9/118
Дата21.12.2022
өлшемі1,15 Mb.
#163664
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   118
Байланысты:
218045d518703b16f9bc638376687b7a

электрондық құжат
- ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және ЭЦҚ арқылы 
куәландырылған құжат; 
50)
электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)
– электрондық цифрлық қолтаңба құралдарының 
көмегімен құрылған және электрондық құжат құрамының дұрыстығын, тиістілігін және 
өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы; 
51)
SMS-хабарлама (SMS)
- Банк Клиенттің телефон нөміріне ұялы байланысты пайдалана 
отырып жіберетін бекітілген нысандағы қысқаша мәтіндік хабарлама. 
 
2-бап. Негізгі ережелер 
1.
Осы шарт Банктің жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету шарттары мен тәртібін, сонымен 
бірге жекелеген банктік қызметтерді ұсыну шарттарын жасасу тәртібін анықтайды. 
2.
Осы шарт Клиенттің ҚР Азаматтық кодексінің 389-бабына сәйкес шартқа толық қосылуы 
арқылы жасалынады. Шарт келесі шарттардың бірі орын алған сәттен бастап жасалынған болып 
саналады: 
1)
Банк Клиенттің шартқа қосылу туралы жазбаша өтінішін алған және ол туралы Банктің 
өтініште растайтын белгісі қойылған немесе осы шартқа қосылу туралы талап мазмұндалған жекелеген 
банктік қызметтерді көрсету туралы шартқа қол қойған күннен бастап; 
2)
Банк Клиенттен шартқа қосылу туралы өтінішін электрондық түрде алған және Банк Клиентке 
шотты ашқан күннен бастап; 
3)
Банк клиенттің оған мұндай банктік қызметті көрсету немесе төлемді жүзеге асыруды 
және/немесе электрондық терминал арқылы қолма-қол ақшаны енгізу арқылы ақшаны аударуды 
растайтын чекті берген сәтте жүгінген кезде төлем хабарламасын орындауға алған сәттен бастап; 
4)
осы шартта немесе Банк пен Клиент арасында жасалынған өзге шарттарда қарастырылған өзге 
әдіспен.
Егер өтініште жекелеген банктік қызметтерді көрсету туралы бірнеше шарттарды жасасу туралы 
талаптар болған жағдайда, осы тармақта қарастырылған бірінші орын алған талап осы шартты жасасу 
сәті болып табылады. 
3.
Жекелеген банктік қызметтерді көрсету туралы шарттарды жасасу және орындау ҚР 
заңнамасының талаптарына және Банктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Осы шарт 
тараптардың жекелеген банктік қызметтерді ұсыну туралы шарттармен реттелмеген қарым-
қатынастарын реттейді. 
4.
Тараптар осы шарт немесе осы шарттың талаптары қолданылатын шарттардың шеңберінде 
жасалынған мәмілелер және өзге әрекеттер, дербес деректерді өзгертуді қоса алғанда келесі әдістердің 
бірімен жасалынса, егер ҚР заңнамасында тікелей өзгеше көзделмесе, жазбаша түрде жасалынған 
болып саналады: 
1)
Пос-терминалда, АТМ-да ПИН-кодты енгізу; 
2)
Банк телефон нөміріне жіберген кодты Клиенттің енгізуі; 
3)
электрондық және өзге хабарламалармен және құжаттармен алмасу, оның ішінде жеке кабинет, 
Банктің веб-сайты арқылы; 
4)
телефон нөмірі арқылы SMS-хабарламамен алмасу; 
5)
тараптардың қалауын білдіретін өзге әдістер, егер ҚР заңнамасында өзгеше тікелей 
белгiленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмiлеге теңестiрiледi. 
Осы тармаққа сәйкес өзгертілген дербес деректерді Банк тараптар арасында жасалынған кез келген 
өзге шарттарда қолданады.
Клиент мәмілелерді жасасу кезінде Банк қолтаңбаның факсимильді көшірме құралдарын, 
электрондық цифрлық қолтаңбаны, егер ол ҚР заңнамасына қарама-қайшы болмаса, пайдалануға 
рұқсат етілетіндігімен келіседі. 
5.
Осы шартқа сәйкес Клиентке келесі банктік қызметтер көрсетілуі мүмкін: 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
1)
банктік шоттарды ашу және қызмет көрсету;
2)
салымдарды ашу және қызмет көрсету; 
3)
төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету;
4)
электрондық банктік қызметтер; 
5)
шот ашпастан ақша аудару; 
6)
шартта қарастырылған өзге банктік қызметтер. 
6.
Клиентке шартта қарастырылған қандай да бір банктік қызметті ұсынудың негізгі шартына 
Клиентті оң сәйкестендіру, сонымен бірге электрондық банктік қызметтерді ұсынған жағдайда 
Клиентті аутентификациядан өткізу жатады.
7.
Егер осы шарт пен Банктің ішкі құжаттарында өзгеше көзделмесе, Клиентке банктік қызметті 
ұсынуға негіз болып Клиенттің өтініші немесе Банк бекіткен нысанда тиісті түрде ресімделген өзге 
құжат саналады. 
8.
Клиентке шартпен, оның жалпы талаптарымен және тарифтерімен танысу мүмкіндігін ұсыну 
үшін Банк оларды веб-сайтқа жариялайды. Банк Клиентке ақпарат Банктен екендігін анықтауға және 
мұндай ақпаратты алуға мүмкіндік беретін өзге әдістермен қосымша хабарлай алады. 
9.
Клиенттің бастамасымен шартта қарастырылған банктік қызметтерді көрсетуді тоқтатуға негіз 
болып банктік қызметті ұсынуды тоқтату туралы тиісті өтініш немесе Банк бекіткен нысан бойынша 
тиісті түрде ресімделген өзге құжат саналады. 
10.
Банктік қызметтерді төлеу тарифтерде және (немесе) банк өнімдерінің талаптарында және 
(немесе) жекелеген банктік қызметтерді ұсыну шарттарында өзгеше көзделмесе, операцияны жүргізу 
(банктік қызметті көрсету) күнінде әрекет ететін жекелеген банктік қызметтерді ұсыну шарттарында 
бекітілген мөлшер мен мерзімде жүзеге асырылады. Қызметтерді төлеуді Банк Клиенттің шотынан 
комиссия сомасын есептен шығару арқылы акцептісіз тәртіпте немесе Клиенттің талап етілген соманы 
Банк кассасына енгізуі немесе ҚР заңнамасында, шарттар мен Банктің ішкі құжаттарында 
қарастырылған өзге әдістермен жүргізіледі.
11.
Комиссияларды есептеу тәртібі шарттарда және Банктің ішкі құжаттарында анықталады. Осы 
арқылы тараптар Клиент жекелеген банктік қызметтерді көрсету туралы шарттар бұзылған жағдайда 
төлеген комиссиялары қайтарылмайтындығымен келіседі. 
12.
Егер шартта және (немесе) тарифтерде және (немесе) банк өнімдерінің талаптарында өзгеше 
көзделмесе, комиссиялық сыйақы сомасы төлем шотының валютасында алынады. Егер комиссия 
белгіленген валюта шот валютасынан өзгеше болса, комиссияны шоттан есептен шығарған кезде 
комиссиялық сыйақыны ұстап қалу күнінде әрекет ететін бағам бойынша Банкте бекітілген шот 
валютасына сома конверсиясы жүзеге асырылады.
13.
Банк терминалдарын/банкоматтарын пайдалана отырып, қолма-қол ақшамен байланысты 
операциялар (оның ішінде қолма-қол ақшаны салу) ҚР заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына, 
сонымен бірге тиісті төлем жүйесінің ережелеріне сәйкес Банк белгіленген тәртіппен жүзеге 
асырылады. Клиент банк терминалдарын/банкоматтарын пайдалана отырып, қолма-қол ақшаны 16:00-
ден кейін салған жағдайда, ақша ҚР заңнамасының, Банктің ішкі құжаттарының және тиісті төлем 
жүйесінің нормаларын есепке ала отырып, келесі банктік күні есептеледі. 
14.
Клиент электрондық ақшаны пайдалана отырып, төлемдерді және аударымдарды жасаған 
кезде, салым енгізген немесе салымды толықтырған жағдайда, аударым және/немесе төлем 
электрондық ақшаны электрондық ақшаның эмитенті болып табылатын Банк алған немесе ақша тиісті 
электрондық ақша жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық ақшаның эмитенті басқа 
банк болып табылған кезде Банктің банктік шотына есепке алынған сәттен бастап есептелінеді.
15.
Шоттан ақша берілген, оның ішінде 10 (он) АҚШ долларынан немесе 5 (бес) Еуродан кем 
сомаға Банк кассасы арқылы қолма-қол ақшалай шетел валютасында салым және/немесе ол бойынша 
есептелген сыйақы қайтарылған жағдайда, Банк айырбастау күні ҚР Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 
теңгеге тиісті соманы қолма-қол ақшасыз айырбастауға және теңгемен тиісті соманы беруге құқылы. 
16.
Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады 
(18.04.2013ж. № 34 куәлік). ҚР заңнамасына сәйкес Банк мәжбүрлі түрде таратылған жағдайда, 
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ депозиторларға кепілдендірілген депозиттер 
бойынша сыйақы есебінсіз кепілдендірілген келесі соманы: 
1) жинақ депозиті (салым) бойынша қалдықты: 
ұлттық валютадағы кепілдендірілген жинақ депозиті (салым) бойынша он бес миллион теңгеден 


This item's classification is Internal. It was created by and is in property of the Home Credit Group. Do not distribute outside of the organization. 
аспайтын соманы; 
депозит бойынша қалдық сомасын: 
ұлттық валютадағы кепілдендірілген депозиттердің басқа түрлері бойынша он миллион теңгеден 
аспайтын соманы; 
шетел валютасындағы кепілдендірілген депозит бойынша бес миллион теңгеден аспайтын 
соманы өтейді. 
Клиенттің Банкте валютасы мен түрлері бойынша ерекшеленетін бірнеше кепілдендірілген 
депозиттері болған жағдайда, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ олар бойынша 10 
000 000 (он миллион) теңгеден аспайтын сомада жиынтық кепілдік берілген өтем төлейді. ҚР 
депозиттерге кепілдік беру мәселелері жөніндегі заңнамасы өзгерген кезде шоттағы ақша қалдығына 
заңнаманың өзгеруін ескере отырып, айқындалған кепілдік беру талаптары қолданылады. 
17.
Осы шартқа сәйкес ашылатын шот (шоттар) бойынша кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке 
нотариаттық қызметпен, жеке сот орындаушысының қызметімен байланысты операциялар жүзеге 
асырылмайды. 
18.
Банк ҚР заңнамасының талаптарын есепке ала отырып, Банк қызметкерлеріне ұсынылатын 
банктік қызметтердің ерекше шарттарын белгілей алады. Банк өнімдерінің ерекше талаптарына сәйкес 
банктік қызметтерді алуға ықылас білдірген қызметкер Банкке тиісті өтінішпен жүгінуге міндетті. 
19.
Клиент Банкпен осы шартты жасасу арқылы Банкке және байланыс операторларына: 
1) Банк пен байланыс операторларының Клиенттің дербес деректерін үшінші тұлғаларға табыстау, 
оның ішінде деректерді трансшекаралық табыстау құқығын сақтай отырып, Клиентке кеңес беру, 
Клиентке Банк қызметтерін, байланыс операторлары мен олардың серіктестерінің қызметтерін ұсыну, 
Клиентпен шарттар жасасу туралы Банктің шешім қабылдауы, шарттарды жасасу және орындау, 
Банктің өз міндеттемелерін ҚР заңнамасына және (немесе) Клиент пен Банк арасындағы қарым-
қатынасқа өзінің әрекетін тарататын шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес орындау мақсатында 
өзінің дербес деректерін ҚР заңнамасымен рұқсат етілетін кез келген жолмен және кез келген, оның 
ішінде жалпыға қолжетімді дереккөздерден жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға; 
2) Клиентті сәйкестендіру мақсатында шарттарды жасасу мен орындау кезінде алынған Клиенттің 
суреттерін (фотосуреттері мен видеожазбаларын) пайдалануға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет