Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі



Pdf көрінісі
бет150/166
Дата23.12.2022
өлшемі3,3 Mb.
#164164
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   166
Байланысты:
thesis147359

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі: 
 
1.
Алексеенко А.Н. Население Казахстана за 100 лет (1897-1997). – Усть-Каменогорск: 1999. 
– С.158. 
2.
Масанов Н.Э., Абылхожин Ж.Б., Ерофеева И.В., Алексеенко А.Н., Баратова Г.С. История 
Казахстана: народы и культуры. – Алматы: Дайк-Пресс. 2001. - С.608. 
3.
Мейірманов С.Т. Демографиялық саясат. – Алматы: Эверо. 2015. - 380 б. 
4.
Тәтімов М., Әлиев Ж. Дербестігіміз демографияда. - Алматы: Жеті жарғы, 1999. – 264 б. 
5.
Зимовина Е. П. Основные этапы формирования диаспоральной структуры Казахстана и 
стран Центральной Азии/ № 377 – 378. 18 - 31 мая 2009. Электронная версия бюллетеня Население и 
общество. Институт демографии Государственного университета - Высшей школы экономики.
http://[www.demoscope.ru/weekly/2009/0377/analit04.php].
6.
Алексеенко А.Н., Алексеенко Н.В., Козыбаев М.К. и др. Этносы Казахстана: историко-
демографический справочник - Астана: Елорда. 2001. – С.168. 
7.
Козина В.В. Демографическая история Казахстана (конец ХIХ – нач. ХХI вв.). - Алматы: 
Атамұра. 1995. – с.145. 
8.
Абдыкаликова Г.Н., Курманов А.М. Социальная защита населения в условиях 
демографических изменений в Республике Казахстан.- Астана: 2010.-С.396. 
9.
Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-
1980). - Алма Ата: Гылым. – с.192. 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ 
Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» МАҚАЛАСЫНЫҢ МӘНІ 
МЕН МАҢЫЗЫ 
 
Багитова А. Б., 4 курс студенті 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 
Еуразияның нақ ортасында, батыстағы Каспий теңізінен шығыстағы Алтай тауларына 
дейін, Оңтүстік Сібірдің орманды далаларынан Арал маңы шөлейттері мен Солтүстік Тянь-
Шань жоталарына дейін ежелгі Қазақ елі кеңінен көсіліп жатыр.
Бұл жерде көптеген мыңжылдықтар бойы түрлі халықтар өмір сүріп, олардың 
мемлекеттері пайда болып, ғасырлар қойнауына сіңіп, жоғалып жатты; бұл жерде шексіз 
керуен жолдары түзілді, тарихта айрықша із қалдырған ұлы қалалар салынып, өсіп-
өркендеді. 
Бұл жерде мекен еткендер көп салалы шаруашылықпен айналысып, жартылай 
көшпелі, жартылай отырықшылық тіршілік кешті. Олар мал бағып, жер өңдеумен 
айналысты, руда өндірді, металл балқытты, егістігін суару үшін канал қазып, жол салды, 
қолөнер мен сауданы дамытты. Ең дарындылары ғалым, ақын, музыкант және сәулетші 
атанып, олардың шығармашылық жетістіктері, ашқан жаңалықтары мен өнертабыстары өзге 
халықтар арасына тарап, бүкіл адамзатқа қызмет ете бастады. Ғылымда анықталған деректер 
адам мен табиғаттың достығы мен жемісі одағының мысалы бола алады, бұл жөнінде бүгінде 
ғалымдар көп айтып та, жазып та жүр. Есте жоқ ескі замандарда жылқы да құлан, сайғақ 
немесе бұлан сияқты жабайы хайуан болған екен, оларды алғаш рет қолға үйрету Еуразияда, 
нақ осы біздің даламыздың аумағында жүзеге асырылыпты. Салт атпен жүруге қолайлы 
болуы үшін үзеңгіні де осы жерде ойлап тауыпты, мұның өзі ұлы көшпелі өркениеттің пайда 
болуына қуатты серпін берген. Тағы бір қызғылықты мәлімет планетағы алманың көптеген 
танымал мәдени сұрыптарының әдепкі отаны Қазақстан, нақты айтқанда, қазіргі Алматы 
облысының Жетісу таулы аудандары болғанын айғақтайды. Еуропалық ғалымдардың 
пікірінше, бұл жерде әлемдегі ең тәтті әрі хош иісті алмалар өседі. Өз ісіне берілген еңбеккер 
жандар, қарапайым әуесқой бағбандар уақыт өте келе осындағы жабайы алманың негізінде 
сан алуан сұрып түрлерін өсіріп шығарған. Солардың ішіндегі ең танымалы Алматы апорты 


319 
болды. Егер ежелден осы өлке тұрғындары табиғаттың өздеріне тарту еткен тау бақтарын 
аялай білмесе, осы ғажап нәрсені болашақ ұрпақ үшін сақтау мақсатында қамқорлық 
танытпаса, бұл алмалар болмас та еді. 
Қазақтар халықтың ұзақ тарихындағы еркіндік пен 
тоқшылықта өмір сүрген ең тәуір кезеңдерді Ғасыр сағадат деп атап, аңыз-әпсаналар мен 
әндер шығарған. Өз Отанын «жұрттың бәрі де бақытты ғұмыр кешіп, молшылық пен алаңсыз 
тіршілік салтанат құрған, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» сиқырлы мекен – 
Жерұйыққа теңеген. Бірақ әрдайым олай бола бермеген. Қысқа ғана берекелі жылдар ондаған 
және тіпті жүздеген жылдарға созылған ауыртпалықтармен алмасқан. Еркін жүрген 
малшылардың, диқандар мен қолөнершілердің бейбіт тіршілігін бірде оңтүстіктен, бірде 
шығыстан, бірде солтүстіктен, бірде батыстан келген қаһарлы жатжерлік басқыншылар жиі-
жиі бұзып отырған. Сонда біздің байырғы бабаларымыз – асыл текті хандар, сұлтандар мен 
билер, әйгілі қолбасшылар мен қатардағы жауынгерлер, қарапайым қала тұрғындары мен 
далалықтар қолдарына қару алып, келімсектермен күреске шығып, оларды жерінен қуып 
тастап отырған. Біздің халқымыздың сын сағатта туған Отанының бостандағын, ары мен 
ожданын қорғау үшін тайсалмай шыққан ерлердің есімдері мен жауынгерлік ерліктерін 
әрдайым ұмытпай, ерекше қастерлейтіні, міне, сондықтан. 
Қазақтарды ешбір сыртқы жау ешқашан жеңе алмаған және жеңетіндей жағдайда 
болмаған. Олар тек қана өзара тартыстан әлсіреген, ал біріккен кезде қуатты күшке айналып 
шыға келетін. Елге соғыс пен құлдыққа ұшырау қаупі төнген кезде қазақтар өз арасындағы 
ежелгі өкпе-ренішін ұмытып, намыс туын биік көтеріп, нағыз көсемдердің төңірегіне 
топтасқан. Егер біздің халқымыздың ынтымағы мен жанқиярлық болмағанда, онда 
қазақтардың қазіргі ұлттығы да, бізге бабаларымыздан қалған мынау кең-байтақ жер де, 
егемен Қазақстан мемлекеті де болмас еді. Қазақстан мемлекетінің атын шығарған, әлемге 
танытқан тұлғаларымызды айта кетпесек болмайды. Елдің қамын ойлаумен, халқын бірлік, 
ынтымақтастықта, бір тудың астында ұстап отыру еліміздің Президентінің басты міндеті 
және парызы болды. 
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан халқы өзінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан 
Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен тәуелсіздігін салтанатты түрде жария еткен соң, 
әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Көптен 
күткен Азаттықпен және өзін-өзі айқандау құқығымен бірге адамдарға зор тарихи міндет – 
өз жерінің толыққанды иесі болу, ата-бабаларының көпғасырлық арман-аңсарларын жүзеге 
асырып, қазіргі заманғы қуатты мемлекет орнату және кейіннен Тәуелсіздіктің қасиетті туын 
қолына табыс ету үшін өскелең ұрпақты лайықты тәрбиелеу жауапкершілігі жүктелді. 
Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының осындай шиеленісті сәтінде тарих 
сахнасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 
Назарбаев феномені пайда болып, бар тұлғасымен толық танылды.
Әр адам – өз халқының, өз елінің және бүкіл адамзаттың перзенті. Әрбір адамның 
өзінің үлкен Отанынан басқа іңгәлап дүние есігін ашқан, кіндігі кесілгенде тамған қаны осы 
топырақпен мәңгілік бауырластыратын кіші отаны – туған жері болады. 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 
Алматы облысы Қаскелең ауданына қарасты Шамалған ауылында 1940 жылғы 6 шілдеде 
дүниеге келді. Бұл мекеннің қазіргі атауы – Қазақстан Республикасының Алматы облысы 
Қарасай ауданындағы Үшқоңыр ауылы. Бұл жердің біздің байырғы ата-бабаларымыз қойып 
кеткен байырғы атаулары оның табиғи ерекшеліктерін дәл танытады. Алматы – «алмаға 
бай», Қаскелең – «мөлдір салқын суы көбіктене буырқанып ағатын өзен», Шамалған – «таңғы 
шықтан сыз тартқан салқын самал», «Үшқоңыр – «алуан түрлі көкорай шалғын қалың өскен 
үш шоқы» дегенді білдіреді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаһандық қауымдастықта 
ілгеріден-ақ әрі заңды түрде әлемдік деңгейдегі саяси көшбасшы ретінде танылды. Ол игі 
істері, жетістіктері мен еңбектері үшін әлемнің түрлі елдерінің көптеген жоғары мемлекеттік 
және қоғамдық марапаттарына ие болғанын айрықша атап өткен жөн. Қазақстан 
Республикасы Тұңғыш Президентінің Астанадағы музейінде экскурсияда болғандардың қай-


320 
қайсысы да онда қойылған наградалар мен олардың сипаттамаларына қызыға көз салған 
болар. Кеңестік кезеңнің өзінде-ақ Қазақстан үкіметін басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2 
орденнің кавалері, 3 медаль, 4 құрмет грамотасы, 4 құрметті атақтың иегері болып еді. 
Қазақстан Республикасының наградалары мен ерекшелік белгілерінен оған ерекше үлгідегі 
«Алтын Қыран» ордені, «Халық Қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтары 
берілген. Шетелдер мен халықаралық ұйымдардың 49 орденімен, 29 медалімен 
марапатталып, шетелдік қоғамдық бірлестіктердің 40-тан астам құрмет белгілері мен 
сыйлықтарына ие болған. Оған көптеген отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының 
құрметті профессеры атағы берілген. Бірқатар шетелдерде Н.Ә. Назарбаевтың құрметіне 
ескерткіш мүсіндер орнатылып, қала көшелері есімімен аталған. Егер әр марапаттың 
тарихын: оны қашан және не үшін алғанын талдап-таразылайтын болсақ, саясаттан, 
экономикадан, ғылымнан, білім беруден, мәдениеттен, рухани өмірден бастап дене 
шынықтыру мен спортқа дейін тұғырлы тұлғаның зор әрі сан қырлы таланты бой көрсетпеген 
маңызды сала табыла қоймайды. «Еңбегіне қарай құрметі» деген мәтел бар қазақта. Басқаша 
айтар болсақ, адам бұл өмірдегі жақсылық атаулының бәріне де – танымалдыққа да, құрметке 
де, даңққа да ең алдымен өзінің халық игілігі жолындағы адал еңбегімен қол жеткізеді. Қазақ 
даласының сан ғасырлық тарихынан, мәдениетінен сыр шертетін «Ұлы даланың жеті қыры» 
атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мақаласы 2018 жылы 21 қарашада 
жарық көрген болатын. Ұлы дала елінің сан ғасырлық мұрасын ұрпақ санасына сіңіру, ұлт 
тарихының өзекті мәселелерін кеңінен насихаттау, жастардың ұлт тарихына деген 
көзқарастарын қалыптастыру еліміздің басты мақсаттарының бірі болуы керек. Әбу Насыр 
әл-Фараби бабамыз: "Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, болашақты болжау 
қиын» деп бекер айтпаса керек. Бұл мақала әлемдік өркениетке өлшеусіз үлес қосқан Түркі 
жұртының қарашаңырағы болған Қазақстанның сан мың жылдық тамырлы тарихының 
кеткенін келтіріп, кемтігін толтыратын игі бастама болары айдан анық. Кез келген ұрпақтың 
өкілі өзінің бабасының қандай болғанын көріп, байтақ тарихын сезініп, онымен мақтануы 
керек. Өзіңнің ұлтыңның, халқыңның төл тарихымен мақтана білу үшін, әуелі сол тарихты 
оқып-біліп, өзгеге жеткізе білу де – ардың ісі. Шынында да төл тарихымыздың зерттелмеген 
қатпарлары, ашылмаған тұстары жетіп артылады. Тіпті, Қазақ хандығын қалыптастырған 
тайпалардың XV ғасырда осы Ұлы далада жоқ жерден пайда болмағаны анық. Қазақтың 
кейбір ру-тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. 
Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен 
тым әріде жатқанын айғақтайды. Мұндағы басты мақсат жаһандық тарихтағы қазақ 
халқының рөлін байыппен әрі дұрыс пайымдай білу. Н. Ә. Назарбаев жүйелі мақаласында 
аса көрегендікпен қарауға және зерделеуге, өткеннен сабақ үйренуге шақырады. Себебі, әр 
халықтың шежіресі қаһармандыққа, жеңістер мен трагедияға толы, оны сол күйінде 
қабылдаған абзал. Ол үшін ғылыми тұрғыдағы көзқарас қажет. «Ұлы даланың жеті қыры» 
мақаласы екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп 
аталады. Мақаланың аты айтып тұрғандай, негізгі бөлім Ұлы даланың жеті қырын айқындап 
береді. Оның ішінде жеті қазынамыздың бірі жылқыға ерекше мән беріліп отыр. Жалпы 
«жеті» саны киелі сан екені санамызға сіңіп қалған. Тұңғыш Елбасымыздың да бұл мақаланы 
киелі санмен байланыстыруында үлкен тарихи мән жатыр деп ойлаймын. Тұңғыш 
Елбасымыз атап көрсеткен Ұлы даланың жеті қыры төмендегідей: 
1. Атқа міну мәдениеті 
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия 
3. Аң стилі
4. Алтын адам 
5. Түркі әлемінің бесігі 
6. Ұлы Жібек жолы 
7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны. 


321 
Ұлы дала халқы металл өндіру мен терең тарихымен мақтана алады. Сондай-ақ Түркі 
әлемінің бесігі болып, Еуропа мен Азияны жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек жолын 
жаңғыртуды да көздеп отыр. Қазақ даласының сулы, нулы табиғаты да елеусіз қалмады. Ал, 
мақаланың екінші бөлімі алдағы уақытқа бағыт-бағдар береді. Тұңғыш Президентіміз бұл 
мақаласында Қазақстанның тарихын зерттеу және ұлттық мұрамызды паш етуге бағытталған 
ірі алты жобаны таныстырды. Оның ішінде «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын 
жасау, Түркологтардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру атты, ежелгі өнер және 
технологиялар музейін ашу сынды тарихи әрі маңызды міндеттер бар. Осы «Ұлы даланың 
жеті қырына» қысқаша тоқтала кетейік. Н.Ә. Назарбаев: «Атқа міну мәдениеті мен жылқы 
шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі» - деген ғибратты сөздер 
айтқан болатын. Осындайда әйгілі Асқар Сүлейменовтің «Өзгелер маймылдан жаратылса 
жаратылған шығар, қазақ жылқыдан жаратылған» дейтін сөзі еске түседі. Иә, қазақтың арғы-
бергі тарихын саралап қарасаңыз ұйқысыз өтсе де, жылқысыз өтпегенін көруге болады. Дала 
тарихын ат тұяғының ізімен жазған көшпенділердің соңында Ботай, Берел, Есік секілді 
тарихи қорғандар қалды. Бұлар жылқы тарихының, жылқыны қолға үйрету тарихының 
бастауы екенін қазіргі тарих өзі-ақ айқындап берді. Мән мағынасы терең мақалада біздің 
тарихымыздың ажырамас бөлігі болып табылатын атқа міну мәдениеті жөнінде атап өткені 
көңілге қонарлық жайт. Ата-бабаларымыз ат үстінде жүріп ұлан-ғайыр жерімізді жаудан 
қорғап қана қоймай, күнкөріс көзіне де айналдырып, оны көлік те, тамақ та, сусын да қыла 
білген. Жылқы малы қазақ халқының өмірінде аса маңызды ерекше орын алып келген 
жануар. Қазақ балаларын жастайынан атқа(тайға) мінгізіп үйреткен. Тайға мініп жарысу, ат 
үстінде аңға шығу, аттың құлағында ойнап жүріп ұлттық ойынның түрлерін меңгеру – 
баланы ептілікке, қарулы болуға, жинақылыққа бағыттайды. Сондықтан біз ата-бабамыздан 
қалған бұл мұраны сақтап қалу үшін, оны тек біліп қоймай, жаңғыртып, қолданысқа 
енгізуіміз қажет. 
Қазақ даласы – ежелгі металлургияның отаны. Металды балқытып, одан бұйым 
жасауды ата-бабаларымыз осыдан сан ғасыр бұрын меңгерген. Оны археологтар ғылыми 
тұрғыда дәлелдеп келеді, қаншама құнды жәдігер табылды. Археологтардың айтуынша ұлы 
даладағы ежелгі металлургия Ұлытау жерінде дамыған. Киелі өлкедегі Талдысай қонысы – 
соның дәлелі. Бұл жерде ерте қола дәуірінде ата-бабаларымыз мыс балқытып, түрлі 
бұйымдар жасапты. Осыдан бірер жыл бұрын ғалымдарымыз шахталық тәсілмен жұмыс 
істейтін жерасты пештерін тапқан болатын. Тарихшылар «Ұлы Жібек жолынан» бұрын 
«Мыс жолының» болғанын, керуеннің дәл осы Ұлытау жерінен өткенін айтады. Қазба 
жұмыстары кезінде ел аумағында табылған археологиялық жәдігерлер – ежелде бұл жерде 
жоғары мәдениет болғандығының дәлелі. Табылған заттардың арасында құмыралар, қару-
жарақ, ерекше алтын бұйымдар бар. Ежелгі жазулар да кездеседі. Бұл,әрине, Қазақстанның 
бай шежіресінің маңызды бөлігі. Қазір оларға жергілікті тұрғындар ғана емес, барша әлем 
жұртшылығы қызығушылық танытып отыр. Қазақстанның тарихи өткеніне ерекше 
қызығушылық танытылуы ежелгі сақ мәдениетінің аң стилімен де тікелей байланысты. Оны 
әрбір жәдігерден көруге болады. 1969 жылы Есік қорғанында табылған "Алтын адам» осыған 
дәлел. Оның киімі 4 мыңнан астам алтын әшекейлермен безендірілген.
Бұл мақаланы 
оқи отырып Алтай мен Атыраудың арасын, Ертіс пен Есілдің жағасын мекендеп, Қаратаудан 
Ұлытауға дейінгі ұлы даланы жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың 
батырлығына тағы көзіміз жетті. Біздің бабаларымыз адамзат өркениетіне атқа міну 
мәдениетін енгізіп, болатты балқытып, темірден түйін түйіп, дала заңы бойынша өмір сүрген. 
Тауында жатқан тасын түртсең тарихы сөйлейтін даламыздан «Алтын адам» табылып, Ұлы 
Жібек жолы өтті. Ал асқаралы Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі. Ұлы Жібек жолы 
еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы 
ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда 
болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Еуразияның 
шығысы мен батысы, солтүстігі мен оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы 


322 
байланыстардың желісіне айналды. Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар 
айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа 
болды. Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала 
халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері 
саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян 
өркениеттерін байланыстырды. Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы 
картасы, негізінен, Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымды 
экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді.
Кең байтақ қазақ даласының қойнауы табиғи байлыққа, алуан түрлі өсімдік түрлеріне 
бай. Соның бірі – көктем шыға көздің жауын алып, қырда құлпырып, жайнайтын қызғалдақ 
гүлі. Қызғалдақтың елімізде 35 түрі кездеседі. Оның 12 тек қазақ жерінде ғана өсетін түр 
болып саналады. Осы себепті де Қазақстан – «Қызғалдақтын отаны» аталады. Шындығында, 
аталмыш гүлдің қазақ даласынан бастап бүкіл жер жүзіне таралғандығы бүгінде ғалымдар 
нақты дәлелдер келтіруде. Осылай әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге 
насихаттап, Қазақстанның төл өнімі ретінде мақтаныш етуге біздің толық қақымыз бар. 
Әлемнің бірқатар елдері өздерінің жерінде өсетін табиғи өнімдерін дүние жүзіне 
жарнамалап және экспорттап мемлкетінің бренді ретінде көрсететіні белгілі. Мысалы, 
Үндістан үнді шайымен, Бразилия кофесімен, Куба қантымен, Голландия гүлімен әйгілі. 
Ендеше бізге де қызғалдақ пен алмамызды брендке айналдыруға неге болмасқа? Академик 
Рақым Оразалиевтің дерегіне қарағанда XX ғасырдың басында голландиялық мамандар 
Шымкенттің Сарыағаш тауларында өсетін қызғалдақ гүлінің тұқымын алып кеткен. Соны 
өсіріп, түрлі тәсілдер арқылы сапасын жақсартып, қазір атақты «голландские тюльпаны» 
ретінде әлемге танытып отыр. Қызғалдақты орыс тілінде «тюльпан» атап кеткен. 
Қызғалдақтың гүлшанағы шығыс халықтары киетін бас киім – сәлдеге ұқсағандықтан осы 
сөзге бейімдеп «тюльпан» атап кеткен. Міне, қараңыздаршы қазір қыз-келіншектердің 
басынан тастамай киетін тюрбанның түбі қайда жатыр? Сондықтан, қызғалдақты тек 
мақтаныш етіп қана қоймай, көбейтіп өсіруді, қорғауды қолға алуымыз керек. Оған тағы бір 
себеп, жерімізде өсетін қызғалдақтардың 18 түрінің «Қызыл кітапқа» енгендігі.
Алма туралы, алманың тарихы жайында да аз жазылған жоқ. 1913 жылы Мәскеуде 
үлкен тарихи оқиға болды. Романовтар әулетінің тұғырдан таймай таққа отырғанына 300 
жыл толып, оны әлемдік деңгейде атап өтті. Бұл мерейтой Ресейдің қол астына қараған 
барлық «бұратана» халықтың жерлерінде де аталып өтті. Мәскеудегі үш ғасырлық осы 
торқалы тойға барған қазақтардың сол уақытта төбесі көкке бір елі жетпей қалды. Әлемдегі 
ең үлкен империяны ғасырлар бойы уысында ұстап келген Романовтар әулеті ол кезде 
барлық құрметке лайықты еді. Патша ағзам өткізген ұлан-асыр тойда жан-жақтан Мәскеуге 
келген сый-сияпатта шек болмады. Алайда, қазақ топырағынан барған тартудың орны бөлек 
болды. Ол кәдімгі алма болатын. Алматы апортының даңқы осы сәтте бүкіл әлемді дүр 
сілкіндіріп өтті. Тойға қазақ жерінен 30-дан астам адам барған еді. Бұл жайында тереңнен 
сөз қозғаған: "Біздің қазақтың үш жүзінен барған ақсақалдар патша тойына Алматының 
апортын алып барған. Оның әрқайсысының салмағы 1 килограмм 200 грамм – 1 килограмм 
300 граммнан шыққан еді. Тойға жиналған қауым сол жерде өлшеп көріп, Алматының 
алмасына таңқалысады. Небәрі 300 граммның айналасындағы өздерінің «Антоновка» сияқты 
алмаларын ғана көріп жүрген жұрт риза болғаны соншалық: «Мұны біздің патшамыздың 
құрметіне «Александра» деп атайық!» дейді сол жерде. Сөйтіп, біздің Алматының апорты 
сол атқа ие болып шыға келді. Негізі апорт алмалар Қырғызстанда да бар, біздің елімізде де 
бар, басқа жерде де болуы мүмкін., бірақ нағыз апорт, өзінің топырағын тапқан апорт – 
Алматының апорты», - деген еді ғалым-биолог Құнанбай Ысмағұлов. Алматы апортының 
таихы адамның басын айналдырғандай еді. Ол – араға миллиондаған жылдар салып, 
атамекеніне қайта оралған алма ағашының жемісі. Жер шарын шыр айналып шыққан алма 
ағасы, ақырында, өз топырағын қайта тапқан. Ол алмалы Алматының айналасы болатын. 
Қазіргі Қазақстан жерінде керемет алмалардың өсетіндігін Қытай мемлекеті 1240 жылдан 


323 
бастап жаза бастаған, сондай-ақ алма тұқымының осы жерден таралғанын да айтқан. Көріп 
тұрғанымыздай жеріміз, еліміз көптеген нәрселерге бай. Н.Ә. Назарбаев атамыз ерекше назар 
аударып өткен алма мен қызғалдақ біздің басты назарамызда болуы керек. 
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын Президенттің «Ұлы 
даланың жеті қыры» жаңа бағдарламалық мақаласы Қазақстан халқының ыстық ықыласына 
бөленіп, қоғамда кең талқыға түсуде. Ол қазірден-ақ тарихи құжат деген атқа ие болып 
үлгерді. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы пікір білдірген Қазақстан Республикасы 
Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси 
ғылымдар докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов Тұңғыш Елбасының стратегиялық 
мақаласын терең ұғынуды талап ететінін жеткізді, себебі мемлекет басшысы ұлт тарихының 
әлемдік өркениеттегі орны мен рөлін зерделеуге шақырады: «Өз еліңнің ұлттық дәстүріне, 
тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарау кез келген тәрбиенің негізі болып табылады және 
ең зор ұлттық құндылығымызды көрсетеді. Шыққан тегімізге зор мән беріп қарау арқылы 
нағыз азаматтар тәрбиелеп, мықты мемлекет құра аламыз. Осы жағынан алғанда Қазақстан 
Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» 
бағдарламалық мақаласы біздің назарымызды мемлекеттік тарихи мұрасына оның тарихи 
кеңістіктегі өзектілігі мен маңызы тұрғысынан қарауымызға назар аудартады. Мақаланың 
мағынасы тереңде екені сөзсіз. Тұңғыш Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
мақаласында айтқаны секілді кезекті рет ұлттық тарихымыздың әлемдік өркениеттегі орны 
мен рөлін бағамдауға шақырады».
Тұңғыш Елбасы ерекше атап көрсеткен Ұлы даланың жеті қыры әлемдік өркениетті 
құру мен дамытуға септік еткен ұлттық мұра топтарын ұсынады. Жылқыны қолға үйрету 
және жылқы шаруашылығының кейінгі дамуы Ұлы даланың экономикалық және 
технологиялық жарылысқа серпін берді. Ерте заманда-ақ металлургияны, қола мен темірді 
өңдеуді меңгере отырып біздің ата-бабаларымыз әлемдік өркениеттің дамуына зор үлес 
қосты. Көшпенді халықтар айрықша құрылған әскери жүйенің арқасында бірнеше ғасырлар 
қатарынан қарсыластарына өздерінің әскери-саяси артықшылықтарымен үстемдікке ие бола 
білді.
Ұлы Жібек жолы далалық Еуразиядағы өркениеттің дамуының мықты факторына 
айналды, түріктердің Орталық Азияда өркендеп, гүлденуіне ынталандырушы рөл атқарды. 
Бұл мұра қазірдің өзінде де еуроазиялық аймақ мемлекеттерінің тағыз өзара іс-қимылын 
қозғаушы күштердің бірі болып табылады, соның жарқын көріністерінің бірі – «Бір белдеу – 
бір жол» бағдарламасы.
Қазақстан 
сақтарының 
материалдық-мәдени 
мұрасы 
бойынша 
көптеген 
ескерткіштердің ашылуы Қазақстан мен Еуразияның іргелес аймақтарының ежелгі тарихын 
қайта құруда зор маңызға ие. Ғылым мен мәдениеттің орталығы болып, Әбу Насыр әл-
Фараби, Қожа Ахмет Яссауилер өмір сүрген және түрлі еңбектер жазған ортағасырлық 
қалалар – бұлар нағыз Ұлы дала жетістіктері. Олар әлем тарихы мен мәдениетінің дамуы мен 
қалыптасуына зор ықпал еткен. Ұлы даланың біртуар ойшылдары бейнелерінің галереясы 
және келбеті орын тебетін Отырардың қайта жаңғыруы – бұл біздің мемлекетіміздің 
дамуының заманауи кезеңіндегі абсолютті қажеттілік. Сондықтан Тұңғыш Елбасы айтқан 
Қазақстан тарихын зерттеу мен елдің мәдени мұрасын паш етуге бағытталған жаңа, күрделі 
жобаларды сапалы етіп орындау, Ұлы дала елдерінің тарихи рөлін тануға және Қазақстанның 
рухани-идеологиялық дамуына септік етеді. Өткен ұлы көшпелі өркениетті нақты тану 
қазіргі заманғы Қазақстанның дамуына қанат бітіріп, ұлттық мұрамыздың барлық маңызын 
терең түсінуіміздің көрінісі болады».
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ұлттық мұраларымызды терең тануға серпін 
беретін үлкен тарихи мәнге ие өсиет болып табылады. Тұңғыш Елбасының осы мақаласында 
айтқан керемет сөзі бар: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі 
қалуға тиіс. Әсіресе, Ұлы даланың ғасырлар қойнауынан келген батырлар үні – бұлар біздің 
рухани мәдениетіміздің қайнар бұлағы» , - деп атап айтқан жолдары рухани жаңғырудың 


324 
негізі еліміздің өнері мен мәдениетінің қайнар көзі ұлттық күйлері мен ән-жырларымыз күн 
сайын санамызда жаңғырып тұруы қажет. Бұл мақаланың мәні мен маңызының арқасында 
қазақ қандай ел болған деген сұрақтарға сансыз жауап алуымызға болады. Бұл біз үшін 
тарихи сәт – жас ұрпақ ғұлама халқымыздың болғанын терең түсінуімізге үлкен септігін 
тигізеді. 
Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев өзінің сөзінде: «Ал кейінгі толқын жастарға 
айтарым: сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып 
жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда. Сендер тәуелсіз Қазақ елінің 
перзенттерісіңдер. Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар. Сендердің азат 
ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда 
көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш. Мен сендерді, жас отандастарымды 
табандылық танытуға және Отанымыздың жарқын болашағын қалыптастыруға көмектесетін 
мәңгілік құндылықтар – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға 
сіңіруге шақырамын. Мен сендерге сенемін!» деп жастарға үлкен үміт артқан болатын. 
Біздің алдымызда тұрған ендігі міндет – Қазақстан Республикасының Тұңғыш 
Президенті Н.Ә. Назарбаев айқындап берген басымдықтарды іске асыруға қоғам болып, 
жастар болып жұмылу. Бұл ауқымды жұмысқа баршамыз бір кісідей атсалысып, өз үлестерін 
қосса, көздеген мақсатқа қол жеткізу жеңілдейтіні анық. Ең бастысы, ел дамуы мен 
тарихымызды танудың жаңа кезеңі жолында әрқайсымыздың аянбай еңбек еткеніміз абзал. 
Себебі, болашақтың жарқын болуы – жастардың, яғни біздің қолымызда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет