«Ұлы даланың жеті қыры»
бағдарламалық мақаласында айтылған адамзаттың рухани кемелденуіне тың серпін беретін
құндылықтарды зерделеуге, жаңаша пайымдауға бүгінгі
Еуразиялық Форумның
мүмкіндіктері мен қосатын үлесі шексіз. Бүгінгі Форумның да негізгі мақсаты - Ұлы Дала
тарихы мен мәдениеті бойынша ғылыми зерттеулердің қазіргі тәжірибесімен алмасу.
Еуразияның ен даласын еншілеген ежелгі түркінің түп мұрагері – Қазақ елі. Алтай мен
Дунайдың арасын аттың жалында, түйенің қомында жүріп өткен арғы бабалар тарихы –
ұлылық ұлағаты.
Бүгінгі әлемде,
Батыс пен Шығыс өркениетінің
аражігін ажыратар құндылықтар
біртұтастанып, ұлттар болмысы жаһандық болмысқа айналып отырған кезеңде түркілік
өркениет әлем жұртшылығының назарын өзіне қайта аударуға бет алды. Батыстың Шығыс
өркениетіне, соның ішінде
Түркі өркениетінің
мәдениеті мен өмірлік философиясына, өнері
мен тұрмысына қарай бет бұру үрдісі әлемдік деңгейде кең етек жайып келе жатқан үдеріске
айналды. Бұл заңды құбылыс. Бірақ бұл үдеріс біржақты емес. Оның екіжақты да қайтарымы
бар және солай болатын үдеріс.
Осы тұрғыдан алғанда
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
Қазақстанның
ұлттық өрлеуінің және еуразия идеясының қолдаушы дара тұлғасы деп танимыз. Қазақстан
үшін
Елбасының
Еуразия халықтарының бірлігі контексіндегі түркілер мен славяндардың
өзара қарым-қатынасы мәселесі бойынша, түркі-монғол әлемінің тарихын тану бойынша
атқарған істері аса маңызды болып табылды
. Елбасының
«Түркі өркениеті, оның мәңгі
өшпестей болып, тура мың жарым жылға жуық уақыт бұрын Еуразия құрлығының төсінде
бедерленген көне жазбалары – жалпы адамзат өркениетінің үлкен қазынасы» деп толғануы да
осы ойымызға дәлел.
ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың
«Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның
Достарыңызбен бөлісу: |