Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ ДІНИ КӨЗҚАРАСЫ



Pdf көрінісі
бет46/166
Дата23.12.2022
өлшемі3,3 Mb.
#164164
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   166
Байланысты:
thesis147359

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ ДІНИ КӨЗҚАРАСЫ 
 
Елтай Р.М., 1 курс магистранты 
Дүкенбаева З.О., т.ғ.д., профессор 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Қазіргі жаһандану жағдайында елімізде дін төңірегінде елеулі өзгерістер орын алып 
жатыр. Елдің тәуелсіздігін алуы, діни-рухани жаңғыру үрдісі, жаңа діндер мен ағымдардың 
белсенді таралуы, халықтың руханиятқа бетбұрысы, дәстүр мен дін талаптарының 
қайшылыққа түсуі сияқты әралуан үрдістер қазақ дін ғұламаларының еңбектерінің қазіргі 
кезде қаншалықты рухани бағдарлық қызмет атқаруы қажеттілігін көрсетеді. Міне, осы 
орайда, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 
туған жердің тарихы, мәдениеті, діні, тілі, салт-дәстүрі және әдет-ғұрпы арқылы 
отансүйгіштікке тәрбиелеу рухани жаңғырудың басты қағидаларының бірі екенін атап 
көрсетті. Елдің бүгіні мен болашағы туралы ой-толғамдарымен бөлісе отырып, қазақстандық 
әрбір азаматтың туған жеріне тағзым етуге деген құлшынысын, Отанына, еліне деген 
сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға ұмтылысын қолдауды 
өзекті мақсаттардың бірі деп санайды.
Жүсіп Хас Қажыб 1010-1015 жылдар шамасында Шудың бойында, Талас даласында 
Баласағұн шаһарында дүниеге келген. Самарқанд медресеcінде тәлім алып, оқуын Бұхарада 
жалғастырды. Жүсіп Қарахандар мемлекетінде, оның орталығы Баласағұнда жоғарғы 
лауазымдарға иеленді. Ғұлама ойшылдың туған жылы, өмір сүрген дәуірінің хронологиясы 
туралы пікір болжамдар әр түрлі. Зерттеушілер оны негізінен шығарма деректеріне, текстегі 
мағына, меңзеулерге сүйене отырып есептеп шығарған. Туркияның атақты ғалымы Рәшит 
Рахмати Арат ақын атақты дастанын аяқтағанда шамамен 54 жаста болған. Демек, 1015-1016 
жылдары туылған деген болжам айтады. Ал сол елдің екінші бір әйгілі зерттеушісі А.Ділашар 
«Жүсіп Хас Қажыб» дастаның жазуды елу жасында бастаған, сонда ол 1018 жылы туылған 
болып шығады деп жазады. А.Ділашар ойшыл ақын 1068 жылы Қашқарға аттанады, 
шығарманы сонда жазды деген де болжам білдіреді. Дастанның кіріспесінде: «Қашқарда 
жазып бітірдім», - деген дерек түсірілген.
Жүсіп Баласағұни – «өтпелі кезеңде» ғұмыр кешкен кемеңгер. Жүсіп Баласағұн 
(Баласағұни) — ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшһүр болған 
данышпан-ойшыл, белгілі қоғам қайраткері. Ол замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға 


89 
тек дарынды ақын ғана емес, сондай-ақ Орта ғасырдың атақты ғалымы, дәлірек айтсақ, 
табиғаттану, риезиет (математика), фәләкият (астрономия), тарих, араб-парсы тіл білімі, тағы 
басқа толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама-ғалым ретінде жақсы мәлім 
болған. XI ғасырда түркі тілдес тайпалар араб-парсы мәдениетін жатсынбай қабылдай 
бастады, оның обьективті себептері де бар болатын. Соның бірі Түрік қағанаты ыдырап, оның 
орнына жаңа мемлекеттер, этностар пайда бола бастаған замаңда олар өзге, жаңа мәдени 
дүниетанымды қажет етті. Мұндай қажеттілік болмағанда араб-парсы мәдениеті түркі әлеміне 
кеңінен тарамас еді. 
Ислам Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүріп жатқан халықтарға тарала 
бастағанда, өзінің алғашқы қарқынынан қайтқан кезі болатынды. Алғашқы араб 
басқыншылары исламды әуел баста күштеп, зорлық пен таратса, бұл дәстүр кейін өзге күйге 
көшті. Енді ислам дінін таратушы миссионерлер пайда болды. Олар исламды бейбіт жолмен 
насихаттай бастады. Қазақтарға ислам осы соңғы жолмен бірте-бірте таралған. Исламның 
қазақ жерінде қан төгіссіз таралуының басты себептерінің бірі ислам дінімен бірге енген араб-
парсы мәдениетінің қуаты еді. 
Жүсіп Баласағұни өзі түркі жұртының өкілі бола отырып, мұсылмандық идеологияның 
насихатшысына айналуы тегін емес. Бірақ «Құтадғу білік» дастанын мұқият оқыған адам 
Жүсіптің осы кітапты жазудағы мақсаты дінді тарату емес, адамдардың қауымдасып, қоғам 
болып өмір сүре отырып әділеттілікке, бақытқа қалай жетудің жолдары туралы ой-толғамдары 
туралы екендігін түсінеді.[3] 
Құдіретті бір хақ озық баршадан, 
Мадақ, мақтау, құрмет лайық бір соған! 
деп басталатын «Құтты білік» шығармасы алланың құдіреттілігін баяндайды. 
Орта ғасырдағы Қарахан әулетінің билігі тұсында жазылған «Құтты білік» шығармасы 
отбасылық тәртіптен бастап мемлекет құрумен қатар, оның алып істерін жүргізуге дейінгі 
аралықты қамтыған қанатты сөздермен берілген ойлардан тұрады. Жалпы адамзатқа ортақ 
құндылықтар, соның ішінде имандылық қасиеттерін жетілдіру, яғни рухани кемелділік Жүсіп 
Баласағұн философиялық поэзиясының негізгі өзегі. Өйткені, ол билікті, білімге ие 
адамдардан құралған қоғамның тұрақтылығы берік болатынына сенеді. Осы мақсатта ақын 
қоғамның әр топ өкілін мінез-құлыққа, қатынас әдебіне үйретіп, білім жинауға талпындырады.
Сонымен «Құтағду білік» - түркі мен араб-парсы мәдениетінің тоғысуы нәтижесінде дүниеге 
келген шығарма. 
«Құтты білік» адамгершілік құндылық жайлы жазылған моральдық философиялық 
шығарма. Онда адам өмірінің мәні мен мінез-құлқының нормалары айқындалады. 
Шығарманың негізгі кейіпкерлерін таңдап алу әдісі де түркі халықтарының эпикалық салты 
бойынша берілген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет