Национальный конгресс историков казахстана исторический факультет


Список использованной литературы и источников



Pdf көрінісі
бет69/166
Дата23.12.2022
өлшемі3,3 Mb.
#164164
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   166
Байланысты:
thesis147359

Список использованной литературы и источников: 
 
1. Гумилев Л.Н. Конец и вновь начало. – М.: Айрис-Пресс, 2007. 
2. Козыбаев М.К. История и современность. – Алматы: Ғылым, 1991. – 254 с.
3. Назарбаев Н.А. Семь граней Великой степи – Астана, 21 ноября 2018 г. // 
http://www.akorda.kz/ru/events/statya-glavy-gosudarstva-sem-granei-velikoi-stepi 
4. Назарбаев Н.А. В потоке истории» - А., 1999 
5. Назарбаев Н.А. Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания - Астана, 12 апреля 
2017 г.
6. Закон Республики Казахстан «Об охране и использовании объектов историко-культурного 
наследия» от 2 июля 1992 г. 
 
 
МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖӘНЕ ЕУРОПАДАҒЫ ТҮРКІ ЭМИГРАЦИЯСЫ 
 
Көкебаева Г.К., т.ғ.д., профессор 
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты 
 
Түркі халықтары өкілдерінің шетелдерге эмиграциясының бірнеше толқыны болды, 
соның ішіндегі неғұрлым ауқымдысы және қуаттысы Ресей империясындағы түркі 
халықтарының азаттығы жолында күрескен зиялылардың шетелге кетуінен басталып, кеңес 
өкіметінің империялық саясатына саналы түрде қарсы болып, оны қабылдамаған зиялылардың 
сапарымен жалғасқан эмиграциялық толқын еді. Түркияға және басқа Азия елдеріне кеткен 
түркі эмигранттарының бір бөлігі 1920-1924 жылдар аралығында Еуропаға өтті. Еуропада 
түркі халықтарының бірлігі және отаршылдыққа қарсы күресі тарихына арналған 
зерттеулердің ішінде Г.фон Менденің,
 
П.фон Мюленнің және Ч.У. Хостлердің, Й. Бенцингтің 
еңбектерін атау қажет. Г.фон Менденің 1936 жылы басылып шыққан зерттеуінде Ресей 
империясындағы түркі халықтарының азаттық күресі бірнеше кезеңге бөлініп, жан-жақты 
сипатталған [1].
 
Еңбектің бірінші бөлімінде Ресей түркілерінің құрамы мен саны, олардың 
мұсылмандық идея төңірегіне топтасуы сияқты жалпы мәселелер қарастырылған. Келесі 
бөлімдерінде Ресей түркілерінің ұлттық санасының оянуы, түркішілік идеяның қалыптасу 
тарихына талдау жасаған. Автор Ресей империясындағы түркі халықтарының азаттыққа 
ұмтылуының бастамасын ХІХ ғасырдағы дін мен ағарту саласындағы реформалық 
қозғалыспен байланыстырады. Еңбектің Ресей түркілерінің кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі 
кезеңде дербес мемлекет құруға ұмтылыстарын талдаған тұстары неғұрлым тартымды, 
өйткені бұл жерде кеңестік ұлт саясатының шын мәні ашып көрсетілген. Г. фон Менде Ресей 
түркілерінің кеңестік кезеңдегі азаттық күресін талдау барысында М.Шоқайдың еңбегіне 
сілтеме жасай отырып, оны шетелдегі түркістандық эмиграцияның жетекшісі деп атайды 
[1,147-б].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет