Қ. ЖҰБАНОВ ЖӘНЕ С. АМАНЖОЛОВ ҒЫЛЫМИ МҰРАЛАРЫ
АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ
Оразалин С., ф.ғ.д., профессор
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ
Ерекше пікір: Елбасы-Н. Ә. Назарбаев өзінің бір сөзінде «Біз жарқын болашаққа
ұмтыла отырып,өткеннен тағылым алғанымыз орынды» дейді. Ғалымдар да, білім іздеген
жастар да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті
қыры» бағдарламалық мақаласын, 2019 жылғы екінші қырықүйектегі ҚР Президенті Қ.Ж.
Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің
негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға арналған бағдарламалардың
177
өзектілері өткен тарихи жылдарға үңілу,ғалымдар мұрасына баға беру,осы негізге сүйене
отырып алға жылжуы деп түсінемін. Сондықтан да бүгінгі тақырып та, конференция да, Қ.
Жұбанов мұрасындағы зерттеулерді қайталап еске түсіру де кездейсоқ жасалған дүние емес.
Қазақ тiлi — осы уаққа шейiн жүйелi түрде тексеpiлiп, ғылым тезiне түспеген тiл. Қазақ
тiлiн алғаш зеpттегендеp патша үкiметiнiң отаpшыл саясатын iске асыpу мақсатымен отаp
елдеpдiң әдет-ғұpпын, тiл-әдебиетiн тексеpген миссионеpлеp, одан қалды күншығысшыл
оқымыстылаp болды. Бұл топтан шыққандаpдың басты-бастылаpы: Н.И.Ильминский, пpоф.
П.М.Мелиоpанский, М.Теpентьев, И.Лаптев, В.В.Катаpинский, академик В.В.Pадлов, пpоф.
Е.Д.Поливанов тағы басқалаp едi. Бұлаpдан бұpын қазақ ауыз әдебиетiн, таpих, этногpафиясын
тексеpген Уәлиханұлы Шоқанды да қазақ тiлiн тексеpуге қатысқандаpдан санауға
болады.деген екен Қ. Жұбанов. Біз бұндай пікірді енді айтып жүрміз
Екінші ерекше пікір: Шынында неге осы уақытқа дейiн Байтұpсынұлының кiтаптаpы
қолданылып келедi? Hеге оның «Тiл-құpалдаpы» 1-басқыштан бастап жоғаpы дәpежелi
мектептеpге (ВУЗ-ға) дейiн бәpiне де «жаpап» жүр. «Тiл–құpалмен» оқыту тиылған бола тұpса
да, мұғалiмдеpiмiз неге әлi күнге дейiн оны құpандай қолтықтап, сабаққа сонан даяpланады?
Кiм бұған айыпты? Әлде, сол мұғалiмдеp ме? Жоқ. Бұған бiз, тiл зеpттеушiлеpi айыптымыз.
Бүгінге шейiн қазақ тiлi жайында жазылған жолбасшы кiтаптаpымыздың бәpi де «Тiл–
құpалдан» кем болған. Бiздiң шығаpған кiтаптаpымыздың кеудесiне нан пiскендей мен-
мендiгi болғанмен, iшi қуысыpақ соққан. Бiлiмге сусаған қалың мұғалiм бұлаpдан шөлiн
қандыpа алмаса, бipқатаp жоғы «Тiл–құpалдан» табылып тұpса, ол сусынды содан iздемей,
қайдан iздесiн Біз қазір ХХ! Ғасыр биігінде тұрып, көзіміз жетіп тұрса да қорғаншақтап, тіл
білімінің өткен тарихына пікір бере алмай күмілжіп келеміз.
Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов бір естелік- мақаласында ғалым туралы
мынадай ерекше пікір айтады:
Енді бүгін сонау Абай меңзеген өрістен Абайша көз салып қарасақ, өз
тұрғыластарымыздың ішінен өнердің, істің, еңбектің талай майталман жорғасы мен өрен
жүйрігін көреміз. Жорға мен жүйріктің алғаш аяқ тастасынан көзге шалынатыны сияқты, сол
адамдардың қай-қайсысы да бастапқы қадамдарынан-ақ өздерінің кім екенін, қоғамдағы орны
қандайлық болатынын аңғарта білген-ді. Біз әңгімелегелі отырған Құдайберген Қуанұлы
Жұбанов туған жер, өскен еліне шынайы ой-арманымен, қалтқысыз көңілі, ақаусыз білімімен
танылған адал азамат, ардақты ғалым еді.
Үшінші пікір: Қазақ тілінің грамматикалық, фонетикалық құрылымын мектепте ана
тілінде оқытып үйрету мақсатымен алғаш рет зерделеген Ахмет Байтұрсынов екендігі тарихи
шындық. Соңғы кездерде Байтұрсынов мұрасын арнайы зерттеушілер оның қазақ тілінің
дыбыс жүйесін талдап, ұлттық әліпби (алфавит) түзуде ғылыми тіректерге сүйенгенін
дәлелдеп отыр. Демек, «қазақ тілі білімі» атты ұлттық ғылым саласының негізін салушы
Ахмет Байтұрсынов деп танимыз да, бұл ғылымды әрі қарай алып барушы, құр жалғастырушы
емес, теориялық негіздерге иек артып, қазақ лингвистикасын іргелі ғылым ретінде дамытуды
бастаған, яғни қазақ тіл білімі дамуының жаңа кезеңінің іргетасын қалаған Құдайберген
Жұбанов деп санаймыз.
Ғабит Мүсірепов
Фонетиканың жекелеген мәселелері әр кезде әр түрлі тіл мамандары арқылы
қаралғанымен іс жүзінде толық А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов ізденістері нәтижесінде ғана
қазақ фонетикасының ғылыми теориялық негізі жасалды деген қорытынды пікір айта аламыз.
Қ.Жұбановқа дейінгі ғалымдардың ешқайсысының да қазақ тілі дыбыстарын
зерттеудегі алғашқы ізденістерін жоққа шығаруға болмайды. Ол «қазақ тілі ғылымын бір адам
ғана жасай алмайды, бір мезгілде ғана жасалмайды» деп дұрыс қорытынды жасап,
А.Байтұрсыновтың еңбектерін атап, объективті баға бере отырып сол кездегі кейбір ғылыми
еңбектердің мектеп оқулықтары деңгейінде екендігін, заман, уақыт талабын қанағаттандыра
алмайтындығын да атап өткен. Ол өзіне дейінгі ізденіс еңбектер ішінде А.Байтұрсынов
еңбектеріне көңіл бөлген.
178
А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбановқа дейін қазақ тіл білімі дербес ғылым ретінде
қалыптаспаған еді, тіпті А.Байтұрсыновқа дейін қазақтарға арнап алфавит жасау мәселесі де
күн тәртібіне қойылмағандығы бәрімізге белгілі.
Қ.Жұбанов еңбек еткен кезеңдегі белгілі зерттеу А.Байтұрсынов еңбектері екенін
ескерсек, осы екі ғалым арасындағы ғылыми жалғастық пен өзіндік ерекшеліктерін айтудың
да маңызы зор.
А.Байтұрсынов: «Қазақ тіліндегі дыбыстарды жаңадан жіктейтін болсақ, әрі
айтылуына қарай, әрі сөз жүзінде білінетін қасиеттеріне қарай жіктеу керек»,- дейді де,
«айтылуына қарай жіктегенде қазақ тілінде дыбыстар дауысты, дауыссыз болып екі
айрылады», деп дауысты дыбыстар қатарына 12 дыбысты, дауыссыздар қатарына 12 дыбысты
жатқызады. Дауыстының өзін екіге- толық және шала дауыстылар деп бөледі. Ал Қ.Жұбанов
дыбыстарды бірден үш топқа бөледі. 1. дауыстылар
2. дауыссыздар
3. сонар дыбыстар .
Дыбыстың түріне қарай: толық дауысты – а, ә, е, о, ө.
келте дауысты – ы, і, ұ, ү.
қосынды дауысты – ұу, үу, ый, ій деп бөледі.
А.Байтұрсыновтың шала дауыстыларын (р, л, м, н, ң, у, й) Қ.Жұбанов сонар дауыстылар
деп атаған. А.Байтұрсынов б, г, ғ, д, ж, з дыбыстарын босаң, жалаң дауыссыздар деп атаса,
Қ.Жұбанов осы дыбыстарды тобымен алып, үнді дауыссыздар деп атаған. А.Байтұрсынов қ,
к, ш, с, т, п дыбыстарын қысаң жолды дауыссыздар деп атаса, Қ.Жұбанов оларды үнсіз
дауыссыздар деп атаған.
А.Байтұрсынов а, е, ы дыбыстарын ауыз арқылы өтетін еркіндері деп атаса Қ.Жұбанов
а/ә, е, ы, і дыбыстарын езу дауыстылары деген.
А.Байтұрсынов о, ұ ауыз арқылы өтетін қымқырындысы десе, Қ.Жұбанов о/ө, ұ, ү/
дыбыстарын ерін дауыстылары дейді. Сонда бұдан қазіргі тілімізде бар еріндік, езулік дейтін
терминдерді Қ.Жұбанов енгізген деп қортынды шығаруға болады.
А.Байтұрсынов ауыз арқылы өтетін именіштілер деп и,у дыбыстарын атаған болса,
Қ.Жұбанов бұларды тура жолды сонарлар деп атайды.
А.Байтұрсынов с, ш, ж, з дыбыстарын таңдай сүзулер десе, Қ.Жұбанов
созылымдылығына қарай үздіксіз, жасалу түріне қарай жуысыңқы деп атайды. Қазіргі ызың
дауыссыздар деп жүргеніміз де осы дыбыстар. (осы жуысыңқы дауыссыздарды зерттедім)
А.Байтұрсынов м, н, ң дыбыстарын мұрын шығысты шала дауысты десе, Қ.Жұбанов
мұрын жолды айналма сонар дейді.
А.Байтұрсынов - т, д дыбыстарын тіс қамаулы, с, ш, ж, з дыбыстарын таңдай сүзілулер
десе, Қ.Жұбанов бұларды тіс дауыссыздары дейді.
А.Байтұрсынов б, п, т, д, к, қ өткелсіздердің қамаулысы, ғ, г тамақ сүзілулер десе,
Қ.Жұбанов бұларды жасалу жолына қарай жабысыңқы, созымға келмеуіне қарай үздікті деп
атаған.
Осы арада көпшілік біле бермейтін бір ғажап дүние-Қ. Жұбанов қалдырған, атаған
фонетикаға қатысты тілдік атаулардың әрқайсысы бір- бір тілдік зерттеу жұмыстарына негіз
болып кеткендігі екен. Осы арада Ғалым тек тоғыз тілді біліп қана қоймаған.Олардың
лингвистикалық- айтылым, естілім тағы басқа белгілеріне,дыбыстау мүшелерінің атқаратын
қызметіне баса назар аударғандығы көптеген ғалымдардың ой-пікірлерімен дәлелденген.
Қ. Жұбанов-қазақ дыбыстарының артикуляциялық кестесін алғаш жасап, ғылыми
негізде ұсынған ғалым. Дыбыстарды үшке (дауысты, дауыссыз, сонор), дауыстыларды-толық,
сыбыр (с-з),сыбыс (ш, ж) деген де тілдік қолданыстар кездеседі. Әрине, мен бұл ойларды
Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты ғалымдары еңбектеріне сүйеніп айтып
отырмын.
Академик Әбдуәли Қайдар: «Профессор Құдайберген Жұбанов – өзінің қысқа
ғұмырында бір өзі бір а кадемиялық институттың атқаратын жүгін көтерген майталман ғалым»
179
«Абай – қазақ әдебиетінің классигі» еңбегі төрт бөлімнен тұрады. Соңында аяғы бар
деп ескерткен. Ақырап Жұбанов құрастырған Құдайберген Қуанұлының шығармалар мен
естеліктер жинағында «Абай туралы кітапшаның үзіндісі» [11, 28] делінген. Қ.Жұбановтың
Абай туралы тұтас зерттеу, кітап жазуға қамданғаны байқалады. Заманы қолын байлады,
мақсатты ісін аяқтай алмаған.-деп жазады ф.ғ.д., профессор А. С. Еспенбетов. Өзінің ғалым
туралы мақаласында.
Абай халықты жарқын әлемге жетелейді, достар! Біз өмірдің бар қиын кездерінде,
қиналған сәттерде, жауапты Абай шығармаларынан табамыз. Бұл қазақтың ұлы ақынын, оның
философиялық ойларын бұкіл әлем мойындайды деген сөз. Қай елдің ақынын, ойшылын
алсаңыз да,ешқайсысы Абайдан асырып ой айтпаған. Абай мұрасы қай күнді, қай жылды, қай
ғасырды алсаң да,адамзатты тәрбиелейтін құрал. Демек, оның философиялық ойлары адам
баласы үшін бүгін де, ертең де, келесі ғасырда да қызмет жасайды. Олай болса, Қ. Жұбанов
Ұлы ақын шығармалары құндылығын ерте түсінген, уақыттан оза шапқан ғалым.
Есіңде бар ма, жас күнің
Көкірегің толық, басың бос,
Қайғысыз ,ойсыз, мас күнің
Кімді көрсең, бәрі дос.
Махаббат, қызық, мал мен бақ,
Көрінуші еді- ау, досқа ортақ.
Үміт жақын, көңіл ақ
Болар ма, сондай қызық шақ.
Жалынасың, боқтайсың.
Сағынасың жоқтайсың,
Махаббат кетті, дос кетті.
Жете алмайсың, тоқтайсың.
Құдай ау қайда сол жылдар махаббат қызық мол жылдар Ақырын - ақырын
шегініп, алыстап кетті ау құрғырлар. Абайды танымау, мойындамау кім үшін болса да мүмкін
емес.
«Абайды тану – өзіңді тану, Абайды тану – қазақ ұлтын тану, Абайды тану – қазақ
рухын тану. Дәл осы ретте абайтанудың мақсат-мұраты, маңыз-мағынасы бедерлене түседі»-
деп,жазады
ғылым
докторы
А.
С.
Еспенбетов
өзінің
жоғарыда
аталған
мақаласында.Шындығында,Қ. Жұбанов туралы бұдан артық,бұдан басқаша айту мүмкін де
емес.
Осы мақаланы жазу барысында жинаған деректерге сүйене келе Қ. Жұбанов ғалым
ретінде тіл білім ғылымының да, әдебиет әлемінің де ірге тасын қалаушылардың бірі,негізгісі
деген терең ой түйеміз.
Құрметті әріптестер!
Қазақ тіл білімінің даму, қалыптасу кезеңдерін тек бір ғана ғалымның еңбектері
айналасына топтастырудан аулақпыз.Тіл білімі деген үлкен ғылымның тарихи жолында еңбек
жасаған жүздеген ғалымдарды атуға болады.Олардың зерттеулері қазіргі ізденістердің негізі
екені ешқандай күмән туғызбайды. «Бәрі де жастардан- Басымұлы Қажым, Аманжолұлы
Сәрсен сияқты Тіл мәселесіне белсене қатысқандар шығып отыр »- деп жазды Қ. Жұбанов
өзінің бір мақаласында.Шындап қарайтын болсақ, сол бір кезеңде қатар өмір сүрген,тіл және
әдебиет проблемаларымен бірге айналысқан, бір- біріне тілектес, ниеттес, тағдырлас ғалымдар
мұрасында ғылыми сабақтастық та,рухани байланыстар да молынан кездеседі.Осы бағытта
бірінші айтарым:Екі ғалымның да өздері өмір сүрген кезеңдегі жат элементтермен
күресі.Қоғамдағы формализммен, әділетсіздікпен күресі.
Зерттеу, іздену, салыстыру барысында байқағанымыз - екі ғалымның да әдеби-
шығармашылық бағыттарының ұқсастығы деуге болар. Мыс: «С.Аманжолұлы Орта Азия
мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін көлемді оқулықтар, бағдарламалар, ғылыми
еңбектер жазуды қолға алды»- деп жазады шәкірті Ғ. Қалиев өзінің ғалымның өміріне
180
арналған еңбегінде. Бұл да бір екі ірі ғалым өміріндегі ұқсастық дер едім. Құрмалас сөйлем
туралы пікірлері өте жақын. С.Аманжолов- қазақ тіл білімі топырағындағы үш ірі тұлғаның
бірі. Алайда, іштей болса да мойындайтын ащы шындық - әлі күнге дейін көпшілігіміз
ғалымның диалектіге, тіл тарихына және мектеп оқушыларына арналған еңбектерінен әрі
асырып, терең теориялық және әдістемелік зерттеу мәселелерін айта алмай келеміз. Бұл
ғалымның қалдырған еңбектері әлі күнге дейін толық зерттеуге түскен жоқ деген ойға
жетелейді. Сондай – ақ, ой тоқтатарлық тағы бір мәселе - С.А.Аманжоловтың тек ғылыми –
педагогикалық жұмыстармен ғана емес, қоғамдық іс – шаралармен, қызметтермен де
айналысуы. Халқымыздың басынан өткен қиын – қыстау кезеңдегі ел ішін жайлаған
сауатсыздық пен әділетсіздік мәселелерін шешуде ғалым еңбегі елеулі. Бұл арада оның өзге
ғалым ағартушылармен де терезесі тең деуге болады. Сондықтан С.А.Аманжоловтың халқына
қалдырған құндылығы зор ғылыми еңбектеріне зерделі зерттеулер жасау – бүгінгі таңдағы тіл
білімінде басты міндеттердің бірі. Осы арада айта кететін бір мәселе-2003 жылы
аманжоловтану бағытында 200 ге жуық құжат университет кітапханасына тапсырылғанын
айтқымыз келеді
Уақыттары солай болды ма, кім білсін екі ғалым да сол жылдарда еліміздің мәдени
дәрежесін көтеру мәселесіне араласпай тұра алмады.Жұртты жайлаған сауатсыздық,
орыстандыру мен отарлау саясаты екі ғалымды да бей- жай қалдырмады. Олар бұл
мәселелермен бел шеше күресті.
Сонымен қатар, поэзиялық шығармаларынан да,мақалаларынан да үндес ой- пкірлерді
кездестірдім. Мыс: Анама хат, ауылға хат, күрең ат деген секілді өлеңдерді салыстыра келе
ауыл тұрмысы, ауылға деген сағыныш секілді ойларға тап болдым. Түйгенім: екі ғалым да
шығармашылығы жағынан алғанда адам ретінде өздерін қоршаған ортадағы жағымды-
жағымсыз әрекеттерден, талас- тартыстан тысқары қала алмаған.
Құрметті әріптестер, бір мақала ішінде тағдырлары тарихи, білімі мен ғылымы шексіз
екі ғалымның халық үшін жасаған ұлағатты істерін аударып- төңкеріп айтып тастау мүмкін
мүмкін де емес,ондай мақсатымыз да болған жоқ. Бар болғаны қазақтың екі ғалымы
арасындағы рухани сабақтастыққа жұрт назарын аудару болды.
А.Байтұрсынов, Қ. Жұбанов,С. Аманжолов өз замандарына сай ғылыми көзқарастары
ұқсас,зерттеу нысандары бағыттас ғалымдар еді. Сонымен қатар,қоғамдық құрылыстарда
да,халқымыздың тыныс тіршілігін реттеу мәселесінде де бір –біріне қамқор-тілектес ғалым
ағаларымыз болды. Жалпы қазақ тіл білімінің бүгінгі жеткен биігі мен алған асулары көп
жағдайда осы үш алып тұлғаның ғылыми қайнар бұлағынан нәр алып,сусындап жатқаны
ұрпақ үшін шетсіз- шексіз қуаныш дер едім.
Достарыңызбен бөлісу: |