Список использованной литературы и источников:
1. Гейнс А. К. Путешествие по киргизским степям. Сборник литературных трудов. 1897, Т. 1,
с. 298.
2. Попов Ю. Г. Волостные управители и Бии средней части Сарыарки. СПб, 2011, с. 18-24.
3. Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по
исследованию степных областей под руководством П. В. Щербины. Акмолинская область,
Акмолинский уезд, 1907, Т. 3, с. 162-193.
4. Акмолинские областные ведомости, 1907, 17 октября.
5. Акмолинские областные ведомости, 1911, 23 марта.
ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУДАҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ РӨЛІ
Рахимов А. А., оқытушы
ҚАЗГЗУ Гуманитарлық заң колледжі
Тәуелсіздігімізді алып, егемендігімізді бекіткен кейінгі еліміздің дамуы, оның
алдындағы беделінің өсуі Ұлт көбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлінің Назарбаевтың салихалы
саясатының арқасында және қазақ халқының ауыз біршілігінің арқасында екені даусыз.
Ғасырларға созылған мемлекеттіліктің даму эволюциясында ең ерекше заңды факт, ол
Елбасының Қазақстанды халықаралық құқықтың суьбектісі ретінде дүние жүзіне танытуы.
Әрине тәуелсіздігін қайта жаңғыртқан қазақ мемлекеттілігінің қалыптаусының алғышарттары
да тереңде жатыр.Қазақ хандығының құрылуына дейінгі ұзақ тарихи кезеңде ұлан-байтақ
Орталық Азия өңірін мекендеген түркі тілдес ру-тайпалардың ортақ аумақта өмір сүріп, бірте-
бірте бірігуі мен дамуы арқылы өз алдына қазақ халқы болып қалыптасу процесінің
алғышарртары қалыптасты. Қазақ елі тәуелсіздіктің көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтеріп,
тәуелсіз Қазақстан мемлкетін құрған – Елбасымыздың өз жылдың аясында туған елін әлемдік
қауымдастыққа танытқандығына, өзгелермен бірге өз халқымыз да куә.
1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар өдерінің Тұңғыш Президентін сайлап,
сенім артты, ел тәуелсіздігін аманат етті, жауапкершілік жүгін арқалатты, халық өздері
таңдаған Көшбасшысының не істеу керектігін білетіндігіне, елді адастырмайтынына, тура
жолға бастайтынына сенді.Еліміз бен халықымыздың сол сенімін Елбасының толық ақтап
отырғандығына да осы күндері көзіміз анық жетіп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының
жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге
187
құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан
айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату
жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті
Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен
экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам
басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын
көзқарастарымен бөліседі [1].
Ант беру рәсімінен кейін тебірене сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: - Бүгінгі күн
–қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн.Тарихтың талай бұралаң белесінен өтіп, бұл күнге
де жетіп отырмыз. Бәрін де көрген халықпыз, бәріне көнген халықпыз. Ежелден еркіндікті
аңсап, азаттықтыкөксеп келе жатқан еліміздің басына талай рет бақ та орнап, ашаршылыққа
ұрынып, ұрандап жұріп ұлт мүдесін ұмытқанымыз да ақиқат. Шүкір, кештеу болса да ес жиып,
еңсе көтеріп, егеменді елдің туын да тіге бастадық. Қазақ Республикасының Президентін
бүкіл халық сайлағаны – осы жолдағы ең биік белестің бірі. Елдің қамын ойлайды, намысын
жібермейді деп бір ауыздан сенімін артқандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды
айтамын.Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін тарихтың қай сынағын да тәуелкел деп
бас тігуге дайынмын. Бұл жолда ең алдымен дана халқыма, дарқан еліме, ата-бабамның
аруағына сүйемін,- деп тебірене ағынан жарылды.
Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой
жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи
тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан
сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра
білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға
бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан
қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Саяси, экономикалық реформаларда
егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами
құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре
білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз
– ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді,
мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың
рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың
алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің
бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани
байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған
қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.
Мемлекеттілік қашан қалыптасты деген мәселеде, қазақ халқының өмір сүрген
кеңестігі – мемлекетіміздің айшықты көрініс бола алады.Себебі, мемлкеттіліктің міндетті бес
белгісінің бір- оның территориясы екені көпшілікке мәлім [2].
Қазақ елі тәуелсіздік ғасырының бестен бірін толтырды. Бұл мерзімі адам өмірімен
есептегенде де, тарихи тұрғыдан алып қарағанда да көп уақыт емес. Бірақ осы бір қысқа
мерзімге қарамастан тәуелсіздіқтің алғашқы жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік және
саяси қиыншылықтарды еңсере білген қазақ елі әлем мойындаған мемлкеттер қатарына
қосылды. Еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбейгелі өзгерістер жасалды. Мемлекеттіліктің
барлық институттары құрылып, экономикамыз нарықтық жолға түсті. Халықтың әл-ауқаты
жаңа деңгейге көтерілді, әлеуметтік салада жаңа асулар бағындырылды. Мемлекеттік
шекарамыз айқындалып, елдің тұстатығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Елбасының
көрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде мемлекетіміз әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан
бас тартып, Семей сынақ полигонын жабуы бүкіл дүниежүзінің назарын өзіне еріксіз
аудартты. Осы бір батыл қадамның нәтижесінде мемлекетіміздің тәуелсіздігінің қауіпсіздігіне
әлемнің іргелі мемлекеттері кепілдік берді. Әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет
құрып, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы ұлы арманы мен мақсаты орындалды.
188
Қазақ елі тәуелсіздіктің көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтеріп, тәуелсіз Қазақстан
мемлкетін құрған – Елбасымыздың өз жылдың аясында туған елін әлемдік қауымдастыққа
танытқандығына, өзгелермен бірге өз халқымыз да куә [3].
Ант беру рәсімінен кейін тебірене сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: - Бүгінгі күн
–қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн.Тарихтың талай бұралаң белесінен өтіп, бұл күнге
де жетіп отырмыз. Бәрін де көрген халықпыз, бәріне көнген халықпыз. Ежелден еркіндікті
аңсап, азаттықтыкөксеп келе жатқан еліміздің басына талай рет бақ та орнап, ашаршылыққа
ұрынып, ұрандап жұріп ұлт мүдесін ұмытқанымыз да ақиқат. Шүкір, кештеу болса да ес
жиып, еңсе көтеріп, егеменді елдің туын да тіге бастадық. Қазақ Республикасының
Президентін бүкіл халық сайлағаны – осы жолдағы ең биік белестің бірі. Елдің қамын
ойлайды, намысын жібермейді деп бір ауыздан сенімін артқандарыңыз үшін шын жүректен
алғысымды айтамын.Елім үшін, халқым үшін, Қазақстаным үшін тарихтың қай сынағын да
тәуелкел деп бас тігуге дайынмын. Бұл жолда ең алдымен дана халқыма, дарқан еліме, ата-
бабамның аруағына сүйемін,- деп тебірене ағынан жарылды [4].
Президентке бүкіл халық атынан өкілдік берілгенен кейін 16 желтоқсанда «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң» қабылданды.Тарих бізге 1991
жылдың 16 желтоқсаныннан бастап Тәуелсіз мемлекет құрудың сыбағасын ұсынды. Сөйтіп,
еліміздің тар жол, тайғақ кешулі қасиетті сапары, азаттықтың арпалысқа толы ақ жолы
басталып еді. Елбасы өзінің туған халқына деген сеніммен тәуекел деп тәуелсіз елдің
іргетасын қалауды, оны нығайтуды қолға алған болатын.
Елбасы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев өзіне сенім артқан өз халқына ең бір қиын
жылдардың өзінде орындалуы мүмкін болмайтын мәлеселеге байланысты ешқандапй уәде
бермеді.Халқының алдындағы беделі сонысымен де арта түсті.егер уәде бере қалса, бәрін де
орындады.Бойындағы да туа біткен қасиеті және өмірлік тәжірибемен бекіген төзімшілікдігі,
сабырлығы, ұстамдылығы бар Тұңғыш Президентіміздің бүкіл қазақстандықтарды өзінің
айласына топтастыра алатын саясаткер және дара тұлға екендігін танытты. Н.Назарбаевтың
Ұлт көшбасшысы екендігін Парламент қабылдаған Конституциялық Заңнан көп бұрын-ақ
халықтың өзі мойындаған еді.
Елбасымыздың мемлекет басшылығына келген алғашқы сәттен бастап айрықша
ерекшелігі бар өзгеше бір халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің шешуін
асығыстыққа салмай,уақыттың талабына,қазақстандық жолдың ерекшелігіне үйлестіре,жан-
жақты мүдделердің түйісу нүктесін таба біліп шешудегі даралығымен бірден әлем назарын
аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің бетбұрысы кезеңдерінде Мемлекет басшысы
ретінде әсіресе экономикалық және саяси дамудың үлгілерін талдау мәселесіндегі
біліксіздікке қатаң қарсы тұра білді. Ешкімнің ойына келмеген және де бәріне бірдей жаға
бермейтін,бірақ өміршең маңызы бар шешімдерді батыл қабылдап жатты. Елбасының өз
кезінде:-Кейде адамдарды еркінен тыс казір барғысы келмейтін. Бірақ объективті түрде баруға
тиіс жаққа жетелеуге тура келді,-деп айтқанын осы күндері еске ала отырып , яғни, билік үшін
күрестегі батылдық пен билік басындағы батылдықтың екеуі екі басқа екендігін өз ісімен
дәлелдей білгендігі еріксіз сүйсіндереді.
Нұрсұлан Назарбаев жаңа астынан тұрғызу бастамасы мен оны ақиқатқа айналдыру
Елбасының модернизациялық жобасының басты табысының символына айналды.
Қазақстанның жаңа астанасы шы мәніндегі жаңа дәуірдің қаласы бола алды.1994 жылы
Н.Назарбаев астананы көшіру ойына алғаш рет тартқан кезде бұл жағдай қоғамда екі ұдай
пікір туғызған болатын.Дүние тарихыда өз тәуелсіз мемлекеттіліктерін қалыптастыру
кезеңінде бір де бір мемлекет басшысы мұндай түбегейлі батыл қадамға барғанда емес.
Жаңа астананың салынуы және көшірілуі рекордтық аса қысқа мерзімде өтті. Бұл қадам
дағдарыс кезеңінде қазақстандықтардың әлеуметтік оптимизміне қолдау жасау үші өте
маңызды еді. Астана елдің өткенінен болашаққа,жаңа дәуірге ауысуының нышандық
оқиғасына айналды. Жас елдің мүмкіндіктері әлемге паш етілді.Астана саяси және
189
экономикалық қана емес,сонымен бірге Назарбаевтың жеке,адами жобасында да,ұлттық
тарихтың жаңа келбетіне де айналды.
Мемлкеттің,оның басшылығының қандай саясат құрылым,саяси жүйе,саяси билік түрі
орнайды. Аталған саяси жүйе мен билік түрі жіне елдің саяси бағыты жаңадан тәуелсіздік
алған елдердің таңдаған даму үрдісіне және сол елдің басшылығының жүргізілген саясатына
байланысты да қалыптастырады.Сол сияқты тәуелсіздік алғанына жиырма бір жыл толған
Қазақстанның да жаңа мемлкеттіліктің қалыптастырудан бастап өзіндік мемлекеттік
құрылыстағы, әлеуметтік-экономикалық дамудағы, елдің қоғамдық өмірінің кезең-кезеңімен
демократияландыру бағытындағы қазақстандық жол қалыптастыру.
«Назарбаевтың нұсқасы» деп аталған бұл стратегия шетелдік саясаттанушылармен
қайраткерлердің оң бағасына ие болумен қатар қазақстандықтардың да басым көпшілігінің
қолдауына ие болды. Бұд қолдаудың дәйектілігі мен шынайлығы Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың елдің Тұңғыш Президенті ретінде де тәуелсіз еліміздің өтпелі кезеңнен ауыр
қиыншылығынан алып шығуда және оның бұл бағыттағы жүргізіп отырған саясатымен
байланысты болған Парламент және Президент сайлауларында айқын жеңіске жетуінен де
көрініс тауып келді.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның егемендігі мемлекет ретінде қалыптасу мен
дамуының стратегиясында» жария етілді.
Тәуелсіз еліміздің бағытын айқындауда,оқиғаны болжап білуде,түпкі мақсатқа қол
жеткізуге сенімді болуға мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын және нақты
стратегиясының қажеттілігін баса көрсеткен Елбасы Н.Назарбаев аталған еңбегінде мемелекет
алдында қойылып отырға нақты стратегиялық мақстаттарды белгілеп берді. Мемлекет
басшысы еліміздің саяси саласындағы басым бағыты жас егемеді мемлекеттің күшті
президенттік республика құру бағытына тікелей байланысты болу қажеттілігіне назар
аудартты.
Ел тәулсіздігінен баянды болуы мен болашақтың кемелділігін қамтамасыз ету
жолындағы Тұңғыш Президентке артылар жүк те ауыр болды.Артылған жүкті абыроймен
көтеру халық сенімінақтау,тәуелсіздікті тұғырлы ету,әлемдік қауымдастыққа терезесі тең
елдер қатарында болуды жүзеге асыру одан да қиынырақ істерді атқаруды,батыл шешімдер
қбылдауды қажет етті.Осы аталған аса маңызды мақсат,міндеттерді шешу тұрғысында Елбасы
Н.Назарбаев бірден бір дұрыс қадам жасай алды.Бұл қадам-тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен
қалана басталған Қазақстанның өзідік даму жолы еді.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның даму тарихын бізге өткеннен іздеудің қажеті жоқ.
Өйткені, біздің өзіміз тәуелсіз елімізбен бірге өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің қиышылығын
да, жемісі мен жеңісінде, тіпті әрбір қадамын өзімізде бірге көріп,бірге іргелі жылжудамыз.
Содан да болар елдің бүгінгі жетістігін мен табысын Құдай берген несібе сияқты болып көріну
де мүмкін. Бірақ оның олай еместігін тәуелсізелдің бүгінгі әлем сүйсініп отырған жетістігін
біз өзіміздің өткенімізбен және бүгінімізбен салыстыоа отырып, тәуелсіздіктің жиырма бір
жылдық жолын еңсеру бізге оңайға түспегендігін,мұның сарабдал жолында Елбасының
даналығы мен көрегендігін жатқандығын айтқанымыз дұрыс.
Ел Тәуелсіздігінің басында тұрған өтпелі кезеңнің барлық қиыншылығын
еңсеріп,мемлекетімізді саяси,әлеуметтік,экономикалық дағдарыстағы соқтырмай бүгінгі көз
көрген ынтымақ пен жетістікке қол жеткізген еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың қажырлы еңбегін,дұрыс таңдаған саясатын әлем жұртшылығы да мойындауда.
Қазір тәуелсіз қазақ елінің тарихи жасалды.Бірақ оны қазақ елнің Көшбасшысы бола
алған Н.Назарбаев 1991 жылы бүкіл халықтық сайлаудан кейін қолға алған басшылық
қызметінсіз көзге елестету мүмкін де емес. Өйткені,тәуелсіздік қарсаңындағы және
тәуелсіздіктің сан қырлы соқпақты жылдарындағы оның тізгінін ұстаған Мемлекет
басшысы,оның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел басқарған
қызметінсіз тәуелсіз ел тарихының парақтарын жазып шығу мүмін емес, өйткені бұл тарихта
тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап, керегесін керіп, оның әрбір уығын шаншып, шаңырағын
190
көтеріп, бар жоғын түгендеп, іргесін кеңейтіп, оны әлем елдері сойындаған мемлекетке
айналдырған, онымен санасуға мәжбүр еткен Қазақстан Республикасының Президенті, оның
Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қолтаңбасы, қабылдаған тарихи шешімдері, ұсынған
саясаты, саяси қызметі, өзіндік дара жолы жатыр.[8]
Бастық саясаткерлер мен қайраткерлер де Қазақстанның бүгінгі табыстарын оның
Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырады.Солардың бірі ағылшын
публицисі, саяси еңбектерімен белгілі Дж.Айткен мырза «Назарбаев және Қазақстанның
қалыптасып дамуы» деген еңбегінде Қазақстанды әлемдік қауымдастықпен таныстырудың,
оның жетістіктерін жеткізудің кілті Назарбаев тұлғасында екендігін мойындайды және
аталған кітабын осы бағытта жазады.Қзақстанды қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, өркендеу
жолындағы, жыл сайынғы өрлеу бағытындағы мемлекетке айналдыруда Елбасының басты рөл
атқарғанын әлемнің басқа саясатанушылары да үнемі айтып жүр.Бұның өзі де еліміздегі
мемлекет тізгінің сенімді қолда екендігін еліміз ғана емес басқа елдерге де мойындатуды
білдірді. Тәуелсіздіктің алғашқы таңында айтылған бұл сөздің ақиқатқа айналуына да Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың халық сеніміне лайық бола білу қасиеті берілген уәделері орындауы
және қажымас қайраты мен табандылығы, көреген саясаткерлігі себеп болғанын
мойындағандар жетіп артылады.Сонымен бірге Қазақстан халқы еліміздің жасампаз бүгіні
мен жарқын болашағының кепілділігін Елбасымен байланыстырады.
Тәуелсіздіктердің бастаауында болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел ертеңін де
айқындады. Тәуелсіздік десек ең алдымен оның бастауында болған,оны нық сеніммен алға
апарған, тәуелсіз ел мемлекетінің негізін қалаған Елбасы ойға келді. Елбасы десек қиын-
қыстау кезеңді елді басқарып, оны бір қиыншылықтан алып шығып, бүгінгі өркенді дамуға
жеткізген Елбасы мен Ел ертеңі тағы да алдымыздан шығады.Ел ертеңі де өз халқы Елбасы
деп аталған тұңғыш Президентіміздің Нұрсұлтан Назабаевтың ел басшылығын одан әлі қолға
ұстауымен байланыстырылады.
Елбасының, Ұлт Көшбасшысының еңбегі мен беделін оның өткен қызметін баяндау
және ол туралы басқалардың ой пікірін жеткізу арқылы да бағалауға болады. Қазақстан халқы
да елбасының еңбегін осылай бағалайды.
Елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын және өркенді дамуға серпін беретін
реформаларды жедел де тиімді жүргізу үшін және бұл мақсатқа жетудің бірінші кезекте
халықтың қолдауына ие болатын қабілетті де күшті тұлғаның қажет болатындығын тарих
парақтары әлдеқашан дәлелденген. Тәуелсіз Қазақстан тарихында мұндай тұлға болды және
алдағы уақытта да қажет. Сондықтан да Елбасы,Ел тәуелсіздігін, Ел ертеңі ұғымдарын
қастерлей де, қолдай да білуіміз парыз етіледі. Бұл біздің, ұрпақтарымыздың болашағы үшін
қажет. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының
бәсекелік қабілетімен айқындалады… Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт
ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет
тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті
алғышарттардың санатында. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда,
технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең
сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық
идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып,
жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани
жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз.
Елбасының осы сөздерін өздерінің алға қойған өмірлік мақсаттарына енгізе отырып,
еліміздің рухани тұрғыдан дамып, интеллектуалдық дәрежесінің жоғарылауына үлесін қосады
деген сенімдемін. Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарымыздың интеллектуалды
көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен бірге олардың ұлттық
тәрбиесімен, рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты. Ұлттық кодтың өзегін сақтай
отырып, болашаққа қадам басуымыз қажет. Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты.
Өйткені, ой жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам
191
ғана бәсекеге төтеп береді деген ауқымды ұғымды білдіреді. Тәулесіздіктің алғашқы
жылдарындағы Елбасы белгілеген және батыл жүргізілген бағыт өзін-өзі ақтады және алдағы
уақытта да өміршең болатындығын дәледеп отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың жүргізілген бұл
саясаты мен бағыты қазіргі уақытта «Қазақстанның даму жолы» ретінде дүниежүзі
қауымдастығын мойыдады. Елбасының қоғамды реформалауға қатысты іс-щараларының әлем
тарапынан танылғанын көрсетеді. Қазақстанның Тәуелсіздігі мен Елбасы еңбегінің бір-
бірімен тығыз ұштасып жатқандығын, олардың бір-бірімен ажырағысыз егіз ұғым екендігін
ақиқат есебінде тарих алдымызға тартып отыр
Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты
– ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке,
бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру
ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлем мен қабыспайтын кейбір дағдылар мен
әдеттерден арылу дегенді білдіреді» , -деді Ұлт Көшбасшысы. Сондықтанда рухани жаңғыру
үдерісін дер кезінде қабылданған оңшешім деп танимыз. Осы рухани жаңғырудың жүзеге
асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте
орындауымыз аса қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |