206
13.10,
б
-суретте шығыс құрылғысы
С2
конденсаторы
болып
табылады. Конденсаторлар мен резисторлар күшейткіштің жəне
жүктің
шығу
тізбегінің
тоқ
жəне
кернеуінің
тұрақты
компоненттерін ажырату үшін қолданылады.
Каскад аралық байланыстар сигнал көзінен бірінші
күшейткіштің кірісіне, бір каскадтың
шығысынан басқа каскадтың
кірісіне жəне соңғы күшейткіштің шығыс тізбегінен жүктемеге
сигналды тасымалдау үшін қызмет етеді, жəне бөлгіш элементтер
функцияларын орындайды. Бұл
жағдайда олар арқылы қуат
күшейткіш құрылғылардың қысқыштарына беріледі.
Каскад аралық байланыстардың негізгі түрлері: гальваникалық,
резисторлық, сыйымдылықты, трансформаторлық жəне дроссельді.
Кейде осы байланыстардың комбинациясы қолданылады. Сигнаның
тұрақты құрамдас бөлігінен
гальваникалық байланыс ғана
қамтамасыз етіледі, сондықтан бұл байланыс түрі тікелей тоқ
күшейткіштерінде қолданылуы мүмкін. Байланыстардың басқа
түрлері кез келген күшейткіштерде қолданылады.
Гальваникалық
байланыс тікелей жəне потенциометриялық болуы мүмкін.
Күшейткіш каскадтар онда қолданылатын қосылыс түрі
бойынша аталады: ЛС-байланысы бар каскад, трансформаторлық
каскад жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: