Танысу, алғашқы қадам


Өтінішті жайлап айту техникасы



Pdf көрінісі
бет16/57
Дата26.12.2022
өлшемі2,59 Mb.
#164403
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57
Байланысты:
ilovepdf merged

Өтінішті жайлап айту техникасы
Еркекке келіп өтінішті бірден айтса салсаң, ол блокқа түсіп,
қорғанып, ақша жоқ деп бірден реакциясын көрсетеді. Себебі,
ол ойлануға уақыт болмай, бірден жауап беру керек болған соң
тез реакция көрсетеді. Сіз келе салып, 5000 теңге берші шалбар
аламын немесе жұмысқа шығамын десеңіз, одан бірден бас
тартуы мүмкін. Онда не істеу керек? Бірінші жұмыстан
келгенде оны 15 минуттай жайына қалдырыңыз. Тынығып,
демалып, тамағын ішіп тойып алсын. Сосын оның әңгімесін,
оның жаңалықтарын тыңдап алыңыз (үшбұрыш техникасын
қолданыңыз). Одан кейін ғана өтінішіңізді айта аласыз. Бірақ
өтінішіңізді дұрыс бастау керек. Жандарыңызда артық адам
Некеге дейін... 
46


"Жаным, менің саған бірнәрсе айтқым келіп тұр". Ол "иә"
дейді. Оған "сөйлесу керекпіз" деген сөзді айтпаңыз. Ол сөз
еркекке ұнамайды. Бірден өзін мәселені шешу керек деген
сияқты сезініп, алдын-ала дайындалады. Жай ғана "бірнәрсе
айтамын" деп айтыңыз. Өтінішім бар деп те айтпаңыз. Себебі,
ол тыңдаушы рөлінде тұрмайды. Алдын-ала не сұрайды екен,
бас тарту керек деген сияқты ойда тұруы мүмкін. Өтінішіңізді
айтар алдында оның жағдайы бар екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
Мысалы, үйде ақша жоқ, ал сіз шуба алғыңыз келеді. Жағдайы
жоқ болған кезде оны сұраудың пайдасы жоқ. Өтінішті айтып
бастағанда, "жағдайыңыз келіп тұрса" деген сөзді қосыңыз.
Тіпті еркек бас тартса да, ол айқайлап, ренжіп, "неге мені
түсінбейсің, онсыз да ақша жоқ қой" деп сізге ұрсып бас
салмайды. Ол жай ғана сізге "күте тұр, сосын аламыз" деген
сияқты жауапты ақырындап және сізге себебін түсіндіріп
айтады. Ол кезде араларыңызда ешқандай реніш болмайды.
Сосын одан уақыты келгенде "өтінішімді орындай аласың ба
немесе шешімін қайтеміз?" деген сияқты сұрақтарды қойыңыз.
Ол "келесі айда немесе келесі аптада ақша аламын сол кезде
алып беремін" деген сияқты сөздерді айтуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет