Танысу, алғашқы қадам



Pdf көрінісі
бет50/57
Дата26.12.2022
өлшемі2,59 Mb.
#164403
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57
Байланысты:
ilovepdf merged

ӨЗІНЕ СЕНІМСІЗ ЕР АДАМ


келіншектер:"ешқайда шығармайды, ештеңені көргізбейді,
барлығынан шектеу қояды, ал өзі болса керек жеріне барады,
керек адамдармен сөйлеседі, екеуміздің теңдігіміз жоқ",-
дейді. Бір жағынан қызғанышы бар шығар. Бірақ
қызғаныштың ар жағында жасырын тұрған сенімсіздігі бар.
Адамның өзіне деген сенімсіздігі. Әйел адам одан да жақсы ер
адамды көріп қала ма, оданда күштірек жігітті кездестіріп мені
салыстыра ма",- деген қорқынышы. Өзіне сенімді,
самооценкасы жоғары ер адам ешқашан шектеу қоймайды.
Дәл қазір жігітіңізбен сөйлесіп жүрсеңіз, достарыңызбен қайда
шығу керек болса да жібереді, 5 минут сайын хабарласып "не
істеп жатсың, кімменсің, суретіңді жібер",- деп, өзіне деген
сенімсіздігін көрсететін қылықтарын жасамайды.
Самооценканың төмендігі неден көрінеді? Ер адамға 100 рет
хабарласып, басқа қыздармен сөйлессе немесе группаластары
болса оған қатты қызғанышын көрсетіп, өзінің төмен, бағалы
емес екенін көрсетіп қояды. Дәл осы іс-әрекеттер ер адамның
бойында да көрінеді. 
Қазір ойланып есіңізге түсірсеңіз болады. Не үшін ол сізге
барлық нәрседен шектеу қояды? Бір жаққа шығатын болсаңыз,
ол үнемі хабарласып, іздеп, есеп бер деп сізден талап ете ма?
Бұл да кішкене қызғаныштың артында тұрған сенімсіздіктің
белгісі болады. Өзіне сенімділігі мықты, самооценкасы жоғары
ер адам кез-келген компанияда өзін бос, жеңіл, еркін сезінеді.
Яғни онда ешқандай сенімсіздік болмайды. Жанындағы таныс
емес адамдардың қасына барса, жеңіл тіл табысып кете алады
және сіз ұсынған мекемелерге, күшті бір жерлерге ешқандай
күмәнсіз бара береді. Егер ол жаңа таныстықтардан қорықса,
мысалы қонаққа баруға, жаңа орындардан қысылатын болса,
өзін сіздің жаныныңызда керемет әңгімешіл, ашық, өзіне
сенімді болып көрінеді де, ал басқа адамдардың жанында 
бірден өшіп қалса, демек ол ер адамның өзіне деген
сенімділігі жоқ деген сөз.
Некеге дейін... 
165


Байқаған шығарсыздар, әр топта, компанияда әдемі емес, бойы
кішкентай немесе толық ер адам болса да, өзіне сенімділігі
арқылы сексуально көрінеді және кез-келген адам соның
жанында болғысы келеді. Менің группамда ондай ер адамдар
көп болатын. Сабақты оқымайды, үнемі кешігіп келеді, бет
әлпеті де ондай бір әдемі деп айтпайсың. Бірақ оның өзіне
деген сенімділігі мол. Кез-келген адаммен кез-келген жағдайда
ойын ашық жеткізеді. Бір мәселе туындап қалса, ең бірінші сол
адамға барып, мәселеңді айтып, одан кеңес сұрағың келіп
тұрады. Ондай адамның жанында өзіңізді ерекше сезініп
қаласыз. Адам өзіне сенімді болса, өзінің статусын
компанияда, топта өзгерте алады екен.
Өзіне сенімсіз ер адам тіпті сізді ұнатып тұрса да, алғашқы
қадам жасауға тырыспайды. Оны бірнәрсе ұстап тұрады, оның
ойы бойынша сіз бас тартасыз немесе алғашқы қадам жасайды,
бірақ сенімсіз болып тұрады. Сіз бір рет бас тартқаннан кейін
сізге екінші рет қайтып келмейді. Мен айтамын ғой, қоян мен
қасқыр болу керек деп. Сіз қоян болып өз позицияңызды
күшті ұстанып бастайсыз, бірақ ер адам ол позицияны "мені
ұнатпай қалды, мені жақтырмай қалды",- деп қабылдайды.
Сіздің бағаңыз жоғары деп ойлаудың орнына "мына әйел
өзінше, тәкаппар екен, мені жақтырмайды, қырсығып қалған",-
деп қабылдап, артыңыздан жүгіргісі келмей қалады. Яғни
мүмкіндікті қолданбайды. Әрі қарай жалғастырудың орнына,
дәл сол қиындықтан қашып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет