Ұлттық тәрбие бағытында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыру
1 курстан басталатын практика барысында студенттер зерттеу жұмыстарын
жүргізеді, нәтижелерді өңдейді, жазба жұмыстарды орындайды. Бұл жұмысты
зерттеудің алғашқы сатысы деп қарастырылады. Нәтижесінде, әрбір курсте
болашақ маманды даярлаудың міндеттері орындалады: бірінші курста
ізденіске тұрақты қызығушылық; екінші курста – қажет ақпаратты жинау;
үшінші курста – практикалық әрекетке көшу; төртінші курста – оны іске асыру
және кәсіби әрекеті жетілдіру. Кәсіби әрекетте ғана әртүрлі пәндерден алынған
білімдер мен біліктер тоғысуы.
Эксперимент бойынша студенттер ғылыми-педагогикалық зерттеумен бірінші
курстан бастап айналысады.
Студенттердің ғылыми зерттеу жүргізуінің нәтижелі болуы үшін ғылыми
жетекшісінің зерттеу саласын анықтап, жоба тақырыбын таңдауы қажет.
Студенттер:
• мәселені анықтайды және зерттеу жұмысының жоспарын жасайды;
• ғылыми (психологиялық, педагогикалық) әдебиеттерді зерттеу тақырыбына
сай таңдап, жинастырады;