Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi республикалық Ғылыми-педагогикалық кiтапхана



Pdf көрінісі
бет153/284
Дата07.01.2023
өлшемі2,59 Mb.
#165118
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   284
Байланысты:
аза стан республикасы бiлiм ж не ылым министрлiгi республикалы

Тамыз айының ортасы 
республикалық «Жол ашар» акциясы
Бұл акция Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі 
балалардың тең құқықтар мен өмірін жақсарту бойынша ұзақ мерзімді 
перспективаның Ұлттық жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында әрбір адамның бостандығы 
мен құқықтарын сақтауға кепілдік беру арқылы қоғамдық мүдделерінің 
негізінде жеке тұлғаның бастапқы мүделлер қағидасын жариялаған.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатынасы - бұл дамуында ауытқушылығы 
бар баланың белгілі деңгейдегі дербестік пен қоғамдағы тәуелсіздігін 
болжайтын әлеуметтік оңалту идеясына негізделген.
Халықаралық 
стандарттарға 
сәйкес 
Қазақстан 
Республикасы 
инклюзивті білім беруді төмендегідей қағидалар арқылы жүзеге асырады:
- қоғамдық ортадағы жағымсыз әсерлерді, баспалдақтар мен тар есіктерді 
жойып, сонымен қатар өмірдің барлық сферасына қатысу үшін барлық 
адамдарды тең құқылы мүмкіндіктермен және ережелермен қамтамасыз ету; 
- адамның денсаулық күйіне және даму ерекшеліктеріне қарамастан 
адамдардың тепе-теңдігін мойындайды; 


124 
- жаңа мәдени норма - адамдар арасындағы айырмашылықтарына 
сыйластықпен қарау қалыптасады;
- мемлекет мүмкіндігі шектеулі баланың жеке қажеттіліктерін ескере 
отырып әлеуметтік ортаға жемісті бейімделуіне барлық қажетті жағдаятпен 
және қызмет түрлерімен қамтамасыз етуге міндеті; 

мектеп барлық баланың дене, интеллектуалды, әлеуметтік, 
эмоционалды, тіл және тағы басқа ерекшеліктеріне қарамастан қабылдап, 
оның сәтті білім алудың жолдарын іздестіруге міндеті;
- мүмкіндігі шектеулі балалар қалыпты деңгейдегі балаларға тән 
ережелермен емес, керісінше, баланың мүмкіндігі мен жағдаяттарына қарай 
әлеуметтік ортаға біріктірілуі қажет. 
Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім 
беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта 
оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр 
сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр 
оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру
Акцияның мақсаты — балаға қатысты проблемаларға қоғамның 
тұрақты назарын аудару, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге 
қарасты мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мен қалыптастыру бойынша 
мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншік құрылымдардың, халықаралық 
ұйымдардың, бизнес ортасын, ақпарат беруші құралдарын және тағы басқа 
әлеуметтік топтардың күштерін біріктіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   284




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет