144
өзара қарым-қатынасқа, бейбітшілікке, гүлденуге, адам құқыларын жаппай
құрметтеп, сақтауға үлес қосу үшін туризмді дамытуға жәрдемдесу.
Басқарушы органы - Бас Ассамблея. Секретариатының тұрған жері —
Мадрид қаласы (Испания). Дүниежүзілік Туристік Ұйым - Біріккен Ұлттар
Ұйымының мекемесі болып табылады.
1980 ж. бастап, Дүниежүзілік Туристік Ұйым мүшелері жыл сайын 27
қыркүйек күні Дүниежүзілік туризм күнін атап өтеді. Мерекені атап өтуге
қатысты іс-шараларға: сан қилы шерулер, концерттер, туристік жәрмеңкелер,
семинарлар, мерекелік астар, би кештері және мұражайларға тегін кіру ,
сонымен қатар, туризмнің маңыздылығын атап көрсететін шараларға
халықты тартатын орындарды көрсету кіреді.
27 қыркүйек күні «Халықаралық туризм күніне» орай «Жас турист»
байқауын өткізуге болады. Аталған байқаудың аясында балалар келесі
тапсырмалар орындайды: командалардың сап түзеуі, онда сыртқы түрлері,
біріңғай формалары, таныстыру есепке алынады; палаткаларды құрастыру
және жинастырудан, уақытқа от жағудан сайыс; «Өткел», «Тұрған
орындарын бағдарлай білу» спортық сайыстары, туристік әндерді үздік
орындау конкурсы. Байқаудың мақсаты - өңірде балалар мен жасөспірімдер
туризмін дамыту, дені сау өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Жүлдегерлер
дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Достарыңызбен бөлісу: