184
Осы заңның 1-тарауында: «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз,
демократиялық жәнеқұқықтық мемлекет. Ол барлық мемлекеттермен өзара
қатынасын халықаралық құқық принциптерi бойынша құрады. Өзiнiң
мемлекеттiк тәуелсiздiгiн басқа мемлекеттердің тануы үшiн Қазақстан
Республикасы ашық», - делінген. Рас, содан берігі 21 жылда елдің іргесі
сөгілген жоқ. Ұлтаралық татулыққа селкеу түспеді. Яғни Конс-
титуциялық заңның дер кезінде қабылдануы Қытай, Ресей, Қырғызстан,
Түркменстан және Өзбекстанмен шекараны реттеуге ықпал етті. Заң
Еуразиялық кеңістікте тұрақтылық пен серіктестік, сенім саясаты негіздерін
қалыптастырды.
Шындығы сол, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы» Конституциялық заңды қабылдау жаңа тәуелсіз мемлекетіміздің
шынайы егемендігінің бастауы болды. Тыңнан түрен салған Қазақстан
халқы,
оның
Көшбасшысы
тәуелсіз
мемлекеттің
басым
бағыттарын нығайтты. Ең алдымен шынайы егемендікті жария етіп, сыртқы
әлемге танылуға қол жеткізілді. Әлем Қазақстанды Елбасының арқасында
таныды, мойындады. Елбасы «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген
еді. «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы» деп Н.Назарбаев қадап
айтқандай, Егемендік, Тәуелсіздік, Ана тілі ұлтты біріктіруші күшке, ұлттық
идеологияның рухани тірегіне айналды. Ол мемлекеттіліктің өркениет жолын
ұсынды. Президенттік саяси институт енгізді. Осылай қазақтың Тұңғыш
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ата заңға сүйеніп, халық
алдында Ант берді. Тәуелсіз Қазақстанның көк Байрағын тізерлеп отырып
сүйгені тарихи сәт еді. Бұл бірінші рет өткізілген инаугурация болатын. 21
жылға жуық уақытта Қазақстан әлемнің азулы мемлекеттерінің қатарынан өз
орнын ойып алды. Ғасырға бергісіз жиырма жылдың ішінде қазақ деген
ұлтты, Қазақстан атты мемлекетті кәрі Еуропа да, мұхиттың арғы жағындағы
АҚШ та, көрші Ресей мен Қытай да мойындап, стратегиялық әріптестікке қол
қойды. Қазақтың шекарасы айқындалып, ол Ресей, Қытай, Өзбек елі Пар-
ламентінде тиісті ратификациядан өтті, заңды құжатқа айналды.
Осындай айтулы күн аясында барлық Қазақстанның облыстарында
мерекелік шаралар ұйымдастыралатын болады. Найзаның ұшы, білектің
күшімен ата-бабадан қалған елімізді бүгінде 21 жылға жуық басқарған
Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп
өзгертті. Елімізде тойланатын бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор екені
айдан анық.
Достарыңызбен бөлісу: