189
ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен, сол бағдарламаны негізге ала
отырып ұйымдастырылған «Жүре пайда болатын Иммунитет Тапшылығы
Синдромы - ғасыр дерті» атты кездесу кешінің сценарийі] / Ш. Райымбаева
// Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. - 2013. - № 1. - 4-8 б.
Сұлтанова Н
. Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама: [есірткі ғасыр дерті
ЖҚТБ жұқтырады] / Н.Сұлтанова //Мектептегі мерекелер. – 2013. - № 4. – 41-
42 б.
Желтоқсан
3 жұлдыз
Фольклоршы, этнограф, мәдениет мұраларын жинаушы және
зерттеушi
Әбубәкiр Ахметжанұлы Диваевтың
туғанына
160
жыл
3.12.1856-5.02.1933
Ескерту
Кейбiр деректерде туған
жылы 1855 жыл деп, қайтыс болған жылы 1933 жыл деп
берiлген.
Диваев Әбубәкiр Ахметжанұлы
1856 жылы 3 желтоқсанда Ресейдiң
Орынбор қаласында туған. Ұлты башқұрт. 1876 жылы Орынбор кадет
корпусының Азия бөлiмiн бiтiрдi. Диваев өзбек, тәжiк, парсы, араб тiлдерiн
меңгерген. Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқып жүрiп қазақ тiлiн
үйренiп, қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпынаа қатысты құнды
материалдар, ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинаумен шұғылданған. 1883 жылдан
бастап, Сырдария, Орта Азия, Түркiстан далаларында қазақ, қырғыз, өзбек
халықтарының ауыз әдебиетiн жинаған. Диваевтың қатысуымен 1895 ж.
Қожа Ахмет Иасауи мешiтiнен табылған көне жазулар Түркiстан өлкесi
тарихын зерттеуге қосылған елеулi үлес болды.
Әбубәкiр Диваев «Шора батыр»
«Бекет батыр»
«Қобыланды»
«Алпамыс батыр»
оның бiрнеше нұсқасы
, «Қамбар батыр»
«Ер Тарғын»
«Айман-Шолпан» жырларын, «Алаша хан мен Алдар көсе» т.б.ертегiлерiн,
«Қазақ балаларының ерте замандағы ойындарын»
«Шешендiк сөздерiн»
жинап, қағаз бетiне түсiрдi, олардың кейбiреулерiн орыс тiлiне аударды.
Диваев жинаған нұсқалардың тағы бiрi – ежелгi күнтiзбе, астрономия
туралы халық ұғымдары. Қорқыт Ата бейiтiнiң су үңгiп, жоғалып кету
алдында тұрғанын айтып, жергiлiктi әкiмшiлiктен адамзат мәдениетi
тарихындағы қымбат ескерткiштi қорғауға алуды сұрағаны ғылымға сiңiрген
еңбегi деп, жоғары бағаланған.
Әбубәкiр Диваев Кеңес өкiметi тұсында 1917-1923 жж. Орта Азия
университетiнде, Түркiстан шығыстану институтында дәрiс берiп,
профессорлық қызмет атқарған. Сонымен қоса Ташкенттегi өлкелiк
мұражайдың этнография-археология бөлiмiн басқарған.
Достарыңызбен бөлісу: