193
Желтоқсан
6 жұлдыз
Ғалым, көрнектi педагог, профессор
Қажым Аманғалиұлы
Басымовтың
туғанына
120 жыл
6.12.1896-18.02.1939
Басымов Хажым Аманғалиұлы
1896 жылы 6 желтоқсанда Батыс
Қазақстан облысы Бөрлi ауданында дүниеге келдi.
Хажым Аманғалиұлы 7 жастан 14 жасқа дейiн Орынбордағы жоғары
педагогикалық бiлiм беретiн татар медресесi «Медресе Құсайынияда» оқиды.
1916 жылы мектеп үйiн патша әскерлерi қазармаға алғандықтан оқу
тоқтатылады. Содан кейiн Уфа қаласындағы «Медресе Ғалия» атты
педагогикалық татар мектебiнде оқиды. Бұл мектептi 1917 жылы бiтiрдi.
Х.Басымов 1913 жылдан бастап, 1918 жылға дейiн Торғай, Орал,
Астрахань губернияларының ауылдық бiрiншi басқыш мектептерiнде
мұғалiм болып iстедi
.
1919-1921 жылдары Ташкент қаласындағы Қазақ университетiнде оқып,
1922-1929 жылдары Алматыдағы педагогикалық институтта оқытушы
болады.
1921 жылы 11 қыркүйекте Алматы қаласында педучилище ашылады. Осы
педучилищенi ұйымдастырып, оны басқару iсiне Хажым Басымов пен
Шамғали Сарыбаев белсене қатысады. 1922 жылғы қазан айынан бұл
училище Жетiсудың облыстық педучилищесi деп аталды. 1922 жылғы 14
желтоқсанда осы педучилище ағарту институтына айналады.
Х.Басымов 1929-1930 жылдары Қапалдағы педтехникумда оқытушы
болып iстедi, 1930-1934 жылдары Қостанайдағы педагогикалық институтта
оқытушы болып iстедi. 1934-1937 жылдары Ақтөбедегi жоғары дәрежелi
ауыл шаруашылық қызметiн атқарды. 1937 жылы Ақтөбедегi мұғалiмдер
даярлайтын екi жылдық институтта қазақ тiлi мен әдебиетi кафедрасының
меңгерушiсi болып тағайындалып, тiл мен әдебиеттен сабақ бердi.
Қажым Басымов 1937-1938 жылдары Қазақ КСР Халық ағарту
комиссариатында
қызмет
iстеп,
ғылыми-методикалық
жұмыстарды
басқарды.
Ғылыми-зерттеу еңбектерi қазақ тiлiнiң морфологиясы, синтаксисi,
этимологиясы мен стилистикасына және оны оқыту әдiстемесiне арналған.
Оқулықтар жазуға қатысып, фольклор жинаумен айналысты.
Ол өзiнiң барлық саналы өмiрiн халық ағарту жұмысына арнап, ағарту
саласында көп еңбек сiңiрдi, жүздеген педагогикалық кадрларды әзiрлеуге
барлық күш-жiгерiн, бiлiмiн жұмсады.
Достарыңызбен бөлісу: