Ол туралы
Иосиф Лазаревич Стычинский //Қазақтың
тәлiмдiк
ой-пiкiр
антологиясы
ХХ ғасырдың 20 жылдарынан 1995 жылға дейiнгi кезең. Т.2. -
Алматы
Рауан, 1998. – 192 б.
Әдiскер-ғалым, бағдарламалар мен оқулықтар авторы
Шайқы Кәрiбаевтың туғанына
105 жыл
1911-1973
.
Кәрiбаев Шайқы өзiнiң ұстаздық жолын 1928 жылы Ақмоладағы жетi
жылдық мектеп мұғалiмi қызметiнен бастады, онан кейiн Қарағанды
қаласында ана тiлi мен әдебиет мұғалiмi болып жұмыс iстедi, ал 1932 ж.
Шайқы Кәрiбаев Петропавл педагогикалық училищесiне оқытушылық
қызметке жiберiлдi. 1936-1958 жылдары Педагогикалық ғылымдардың
Ы.Алтынсарин
атындағы
ғылыми-зерттеу
институтында
қазiргi
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың бiлiм академиясы
қазақ әдебиетiн оқыту
методикасы секторының меңгерушiсi болып жұмыс iстедi. 1958-1973
жылдары Абай атындағы қазақ мемлекеттiк педагогикалық институтында
қазiргi Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет
сабақ бердi.
Республикада қазақ әдебиетiн мектепте оқыту методикасының ғылым
ретiнде қалыптасып, дамуы Ш.Кәрiбаев есiмiмен тiкелей байланысты. 4-10
сыныптар бойынша қазақ әдебиетiнiң қазiргi бағдарламасының iрге тасын
қалаушылардың бiрi болды, осы бағдарламаларда тұңғыш рет ол өзiнiң
дидактикалық, әрi әдiстемелiк ойын жүзеге асырды.
Ш.Кәрiбаев 5-7 сыныптарға арналған әдебиет оқулығы кiтаптарының
авторы. Өзiнiң әдiстемелiк ойларын ол 1941 ж. жарық көрген «Әдебиеттiк
оқу» кiтабында жүзеге асырды. қазiр бұл кiтап мұғалiмдерге қолдан түспес
қойын кiтаптарының бiрi. Мұнда қазақ әдебиетiн оқытудың теориялық және
практикалық деңгейдегi өзектi проблемалары сөз болады.