166
«БАСТАУ БИЗНЕС»
ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Мысал:
Мынадай сипаттамалары бар инвестициялық жобаны талдаңыз: бастапқы ин-
вестициялар – 150 млн. теңге. Пайда ретіндегі жыл сайынғы ақша түсімдері: бірін-
ші жылы – 50 млн. теңге; екінші жылы – 70 млн. теңге; үшінші жылы – 70 млн. теңге.
Дисконттау мөлшерлемесі 10% деңгейінде белгіленген.
Шешімі:
Формуланы (1) қолданайық:
NPV>0, демек, инвестициялық жоба тиімді болып табылады.
Оны жүзеге асырған кезде алынатын таза табыс 5,93 млн. теңгені құрайды.
Табыстылықтың
ішкі нормасы
(Internal Rate of Return – IRR)
Инвестиция табыстылығының ішкі нормасы дегеніміз r дисконттау мөлшер-
лемесінің мәнін түсінеді, мұнда жоба NPV-сі нөлге тең.
Басқаша айтқанда, егер
IC=CF0 деп белгілесек, онда IRR теңдеуден табылады:
Табыстылықтың ішкі нормасын есептеудің маңызы мынада: IRR жобаның бол-
жалды табыстылығын көрсетеді. Егер жоба несие арқылы қаржыландырылып жат-
са, онда IRR мағынасы ең жоғары ұйғарынды банктің пайыздық мөлшерлемесін
көрсетеді, оның артуы жобаны шығынды етеді.
Инвестициялар
өтелімділігінің мерзімі
(Payback Period – PP).
Өтелімділік мерзімі инвестиция алынған таза табыспен жабылған жылдар са-
нын тікелей санаумен есептеледі.
РР өлшемінің қисыны мынада: бұл инвестициялардың толығымен өтелетін ке-
зеңдер санын көрсетеді.
Мысалы:
Мынадай сипаттамалары бар инвестициялық жоба өтелімділігінің мерзімін
анықтаңыз: бастапқы инвестициялар – 100 млн. теңге. Пайда ретіндегі жыл сай-
ынғы ақша түсімдері: бірінші жылы – 50 млн. теңге; екінші жылы – 50 млн. теңге;
үшінші жылы – 70 млн. теңге.
Шешімі:
түскен табыстар бастапқы инвестициялардан артпай тұрып, бұлардың қосын-
дысынан өтелімділік мерзімін табамыз. Сөйтіп 100 млн. теңгені біз 2 жылда қай-
тарамыз (50+50). PP = 2 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: