Тексеру түрлері (144-бап) 1. Тексерудің мынандай түрлері бар:
1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер; 2) жоспардан тыс тексерулер. Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлға-
лардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және
(немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 141-
бабы 2-тармағының төртінші бөлігінде айқындалған мемлекеттік бақылау және қа-
дағалау салаларында тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты бақылау және қа-
дағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты тағайындайтын тексеру
ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексеру болып табылады.
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлға-
лардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және
(немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы нақты бақылау
және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді таға-
йындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын
тексеру
жоспардан тыс тексеру болып табылады.
2. Тексерулер көлемі бойынша мыналарға бөлінеді:
1) кешенді;
2) тақырыптық.
Кешенді тексеру тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін Кәсіпкерлік Ко-
декстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнама-
сымен белгіленген талаптары сақталуының кешенді мәселелері бойынша тексеру
болып табылады.
Тақырыптық тексеру тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін Кәсіпкерлік
Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңна-
206
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
масымен белгіленген талаптары сақталуының жекелеген мәселелері бойынша тек-
серу болып табылады.