«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


«Агронесие корпорациясы» АҚ (АНК) КҚ, МҚҰ арқылы кредиттеуі



Pdf көрінісі
бет38/196
Дата12.01.2023
өлшемі9,76 Mb.
#165400
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   196
Байланысты:
edu kk

«Агронесие корпорациясы» АҚ (АНК) КҚ, МҚҰ арқылы кредиттеуі
Ауылдық елді мекендердегі және шағын қалалардағы Бағдарлама қатысушыла-
рына кредит және микрокредит беру. Түпкі қарыз алушыларды кредиттеу МҚҰ мен 
КС арқылы, «АгроНесиеКорпорациясы» АҚ қаржыландырады.
«Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының заңы микро-
кредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатына-
старды реттейдi, микроқаржы ұйымдарының құқықтық жағдайының, құрылуының, 
қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарын мемле-
кеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiк-
терiн айқындайды.


46
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер нысанында құрылтай шарты негiзiнде 
құрылады.
Кредиттiк серiктестiк 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын-
сыз банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын коммерциялық 
ұйым болып табылады.
Кредиттiк серiктестiк жұмысының негізгі принциптері
Кредиттік серіктестік (КС)
Микроқаржы ұйымы (МҚҰ)
• Адамдарды біріктіру
• Бір қатысушы – бір дауыс
• Клиенттер – тек қатысушылар
• Қарапайым қаржылық қызметтер
• Мақсаты – қатысушылар үшін барынша 
пайда
• Пайдаға байланысты қызметтердің 
құнын төмендету
• Меншік иелері – қатысушылар: 
бақылау мен саясатты қалыптастыратын 
қатысушылардың өздері
Капиталды біріктіру
• Акцияларға иелік етудегі пропорционалды 
құқық
• Шектеусіз клиенттер саны
• Қаржылық қызметтердің көптеген тізбесі
• Мақсат – акционерлер үшін ең көп пайда
• Пайданы акциялар иелеріне 
пропорционалды түрде бөлу
• Меншік иелері = акционерлер: бақылау 
мен саясатты қалыптастыратын ірі 
акционерлер
Кредиттік серіктестікке кіру үшін қатысушы міндетті салымның ең төменгі со-
масын салады. Кредиттік серіктестіктің ұлттық валютамен қалыптастырылған және 
төленген бастапқы жарғылық капиталы қатысушылардың міндетті жарналары-
ның сомасына тең және уәкілетті орган белгілеген сомадан кем болмауы керек. 
Әр қатысушының міндетті серіктестіктің жарғылық капиталының жалпы сомасына 
қатынасы кредиттік серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   196




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет