50
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Халық банкінің бағдарламасы бойынша несие алу үшін әйел кәсіпкерлер өз
аймағындағы ҰКП-ға тіркеліп, өтінім берулері керек.
Қарыз беруден бас тартудың себептері
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша микрокредиттер мынан-
дай жағдайларда берілмейді:
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалған орта
және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне;
2) Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеу;
3) тұтыну мақсаттары үшін, бұрынғы несиелерді өтеу үшін, тұрғын үйді сатып
алу және салу үшін, жер сатып алу, акцизделетін өнімдерді өндіру үшін;
4) салық төлеуде, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы
жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі барларға
(берешек 10 АЕК-ден аспаса, рұқсат етіледі).
Достарыңызбен бөлісу: