231
кетпейді, оқушыға да шығарғыштық сыбаға қалдырып кетеді
». Шынында
да, «
Абайдың өлеңге қойған осы шарттары – күні бүгінге шейін құнын
жоғалтпаған артықшылықтарының бірі
». Абай өлеңдерін осылайша
тереңнен толғап, тебірене талдау үшін де адамға ақындық қасиет, тілдік
түйсік керек екенін аңғарамыз. Қ.Жұбановтың сол аласапыран, алақұйын
кереғар пікір өрбітіп, Абайды сан тартысқа салып жатқан заманда тиянақты
да табанды дәлел дәйектемелермен «әдебиеттегі артық жүктерден
тазартқанын» саралағаны – көрегендік.
Қ.Жұбанов өз зерттеуінде Абай туындыларына тірек болған қайнар көзін
іздейді. Қайнар көзі
халық әдебиетінде
екенін көреді. Бұл – Құдайберген
Жұбанов енгізген терминдік қолданыс. Бұл жерде сыншы Сағат
Әшімбаевтың айтқанына алып-қосарымыз жоқ. «Ауыз әдебиетінің» орнына
«халық әдебиеті» деп қолдансақ та, артық болмас еді. Құдайберген
Жұбановтың: «
Халық әдебиеті – халықпен құрдас, бірге жасасып келе
жатқан кәрі нәрсе... Жаңа шығармасы сол ескі тамырға көктеп еседі...
Қазақтың халық әдебиеті де сахна әдебиеті болатын, көпшіліктің
тындауына бейімделген шығарма болатын
», – дегені әбден егжей-тегжейлі
зерттеп барып айтылған сөз екендігіне дау жоқ. Ол халық әдебиетіндегі басы
артық, қыстырма сөздердің үш түрлі пайдасын тізбелейді: 1) тыңдаушыға
демалыс болады; 2) миға гимнастика болады; 3) негізгі тақырыпты жақсы,
жанды түрде түсінуге себеп болады.
Осындай қисындармен Абай әлеміне тереңдей келе, профессор оның
қазақтың жазба әдебиетінің атасы екенін қапысыз дәлелдеуге кіріседі. Тағы
да өзіне жүгінбеске лажымыз жоқ. «
Достарыңызбен бөлісу: