Құрсақ қуысы артында кездесетін қатерлі ісіктер
тіндері) көптеген қан тамыршалары кездеседі.
Соңғы деректер бойынша /D.Angіo G.І., Breslow N.,
1992/ нефробластома гистогенезі
үш түрлі
саркомадан
тұрады:
жайлы, қалыпты және жайсыз.
Біріншісіне:
муль--
тикистозды, тубулярлы
және
фиброаденоматозды
ісік
түрлері жатса; екіншісі бөлінбейді, ал үшіншісіне: көптеген
атипиялық ісік ошақтарынан тұратын –
ашық түсті саркома
мен
рабдоидты
түрі жатады. Вилмс ісігінің гистологиялық
жайсыз түрі шамамен 12% жуық кездеседі /Haas І.E., Palm--
er N.F., Weіnberg A.G., 1981/. Бұл ісіктер өте қатерлілігімен,
жайыла-көсіле өсіп, тез арада метастаз ошағын берумен
ерекшелінеді. Ашық түсті саркома - сүйекке, ал рабдойдты
түрі бас миына береді. /Weeks D.A. et al.,1989/.
Ал, 1996 жылғы Стокгольм қаласында қабылданған
Вилмс ісігінің патоморфологиялық жіктеуі бойынша: төменгі
дәрежелі, аралықты және жоғарғы дәрежелі қатерлі ісік бо--
лып үш түрге бөлінді. Ісіктің осы – патоморфологиялық
түрлері – қазіргі таңда балалар қатерлі ісіктері туралы ре--
естрге енді.
Алғашқыда, ісіктің өзіндік сыртқы қабы болады, ол
бүйрек паренхимасы мен тостаған – астау бөлігінен жұқа
фиброзды қабықша арқылы бөлініп тұрады. Бірақ, ісік өсе
келе өзінің сыртқы қабын бұзып-жарып бүйрек тініне, па--
ренхи-масына т.б бүйрек бөліктеріне ене өсіп кетеді. Опера--
циядан кейін, яғни ісікті алғаннан соң, байқағанымыз: ісіктің
сырты кейде кедір- бұдырлы, немесе тегістеу, аса қатты
тығыз емес, элластикалы болып келеді. Ісікті кескен кезде,
әртүрлі көлемдегі ақ түсті (балық еті тәріздес) фиброзды
түйіндерден, олары - талшықты тіндерден тұрады. Кейде,
ісік – тығыз фиброзды түйіндермен қатар торсылдақтармен,
ұйыған қандары бар, некрозға ұшыраған бөліктермен де ке--
леді.
176
Достарыңызбен бөлісу: |