Онкологиясы


Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері



Pdf көрінісі
бет92/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері
Биологиялық белсенділікке:
1. лактатдегидрогеназа мөлшерінің 500Е/л жоғарылауы;
2. церуллоплазмин мөлшерінің 200 Е/л жоғарылауы;
3. ЭТЖ 30 мм/сағ жоғарылауы т.б жатады.
Лимфосаркоманың негізгі зақымдайтын ортасы
1. 30-40% жуық құрсақ қуысындағы ішек пен лимфа 
түйіндерін біріншілік зақымдауы;
1. 20-30% көкірек қуысы лимфа түйіндері мен айырша 
безін зақымдауы;
2. 12-20% жуық шеткі аймақтық лимфа түйіндерін;
3. 12% жуық жұтқыншақ-вальдейр сақинасындағы лимфа 
түйіндерін;
4. т.б – жұмсақ тіндерді, теріні зақымдауы
Лимфосаркоманың клиникалық жіктелуі Murhy 
(1980)
I өсу дәрежесі – бір экстралимфатикалық немесе 
бір лимфа түйінінің зақымдануы (құрсақ, көкірек қуысы 
зақымданбаған)
II өсу дәрежесі – бір экстралимфатикалық + шеткі 
аймақтық лимфа түйіндерінің зақымдануы;
– 2 немесе одан да көбірек лимфа түйіндер аймағының 
зақымдануы;
– 2 экстралимфатикалық ісік + көк еттің бір жағындағы 
шеткі аймақтық лимфа түйіндерінің зақымдануы;
– құрсақ қуысындағы біріншілік ісік ;
III өсу дәрежесі – көк еттің екі жағында бірдей, 2 
экстралимфатикалық ісіктің болуы;
– 2 және одан да көбірек лимфа түйіндерінің көк еттің 
екі жағында бірдей зақымдануы;
– көкірек қуысындағы барлық біріншілік ісіктер;
– құрсақ қуысындағы алынбайтын ісіктер;


148
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
IV өсу дәрежесі – жоғарыда айтылғандарға қоса ОЖЖ 
мен сүйек кемігі де зақымдалса.
Шеткі аймақтық лимфа түйіндерінің 
 
лимфосаркомасы
Мойын мен бұғана айналасындағы лимфа түйіндерін 
зақымдаған лимфосаркома олардың мөлшерін ұлғайтып-
ісіндіріп, ісінген лимфа түйіндері бір-біріне жабысып-
бұдырланып, өте тығыз, қатты күйге ауысады. Ісік кейде 
мойынның екі жағын бірдей зақымдауы мүмкін. Мұндай 
жағдайда баланың мойын айналасы күдірейіп, мойны 
бұрылмай, бала тез шаршағыш, жиі есінен танып құлап 
қалғыш келеді. Ісіктің көлемінің ұлғаюымен науқастың 
да жалпы хәлі ауырлай түседі. Себебі, улану белгілері 
ісіктің көлеміне тікелей байланысты. Ісікті сипаған кезде 
байқайтынымыз (әрі Ходжкин ісігімен салыстырар болсақ): 
лимфа түйіндерінің тығыз, қатты болуы, бір-біріне және де 
айналасындағы тіндерге, теріге жабысып өсуі, ауру сезімінің 
болмауы, қозғалмауы. 
Морфологиялық жіктелуінде Т және В- жасушалы 
түрлері де кездеседі. Сүйек миы 20% жуық зақымдануы 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет