Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет138/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

1. Бөліп-тарату қызметі
– орындауға арналған бағдарламалар 
мен стратегияларды қаржыландыру мақсатында ақшалай қаражат 
қорларын құру, капиталдың оңтайлы құрылымын жасау және 
банкротқа ұшырау қаупін мейлінше төмендету.
2. Ынталандыру қызметі
өндіріс шығындарын барынша 
төмендету, жаңалықтар мен инновацияларды енгізу, ғылыми-
техникалық прогресстің жетістіктерін өндірісте пайдалану.
Сонымен, 
пайда
дегеніміз – бұл тауардың нарықтық сату бағасы 
мен оны өндіруге жұмсалған шығындардың айырмасы.
Пайданың құру, бөлу, өзара әрекет ету және пайдалану факторлары 
бар:
1. Құру факторлары: 1) өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды, 
қызметтерді сатудан түскен түсім; 2) материалдық және материалдық 
емес қорларды сатудан түскен түсім; 3) негізгі құралдарды сатудан 
түскен түсім; 4) басқа әрекеттерге қатысудан келген табыстар; 5) 
құнды қағаздардан келген табыстар; 6) айыппұлдар мен өсімпұлдар.
2. Бөлу факторлары: 1) пайданың бюджетке және бюджеттен тыс 
қорларға бағытталуы; 2) пайданың кәсіпорында қалуы; 3) пайданың 
қарыздарды өтеу және пайыздарды төлеу үшін банкке бағытталуы; 
4) пайданы бөлудің басқа да факторлары.
3. Өзара әрекет ету факторлары: 1) бағалар, тарифтер, алымдар; 
2) салықтар және салық мөлшерлемелері; 3) несиелік пайыз 
мөлшерлемелері; 4) айналым құралдарының айналымы; 5) өнімнің 
өзіндік құны; 6) еңбек өнімділігі; 7) қор қайтарымдылығы; 8) қормен 
қарулану.


159
4. Пайдалану факторлары: 1) жинақтау және қорлану (өндірісті 
және ғылымды дамыту); 2) әлеуметтік мұқтаждықтар; 3) күрделі 
қаржы салымдары; 4) тұтыну (дивиденд, материалдық көмек, т.б.); 
5) басқа да шығындарды өтеу.
Пайданың негізгі төрт түрі бар:
1. Бухгалтерлік пайда
– айқын шығындарды төлегеннен кейінгі 
фирманың қарамағында қалған пайданың бір бөлігі. Бухгалтерлік 
пайданы анықтау үшін сатудан түскен жалпы түсімнен бухгалтерлік 
(айқын немесе сыртқы) шығындарды алып тастаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет