Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет15/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

«Рейгано-
мика»
атты мемлекеттік саясатында көрініс тапты.
ИНСТИТУЦИОНАЛИЗМ.
«Институционализм» термині 
«заң негізінде орнатылған тәртіп немесе дәстүр» дегенді білдіреді. 
Институционалдық-әлеуметтік бағыт қазіргі экономикалық теорияда 
маңызды орын алады. Бұл теорияның негізгі өкілдері: американдық 
экономистер 
Торстейн Веблен
(1857-1929), 
Джон Коммонс
(1862-
1938), 
Уэсли Митчелл
(1874-1948), 
Джон Гэлбрейт
(1908 жылы 
туылған). Бұлар экономикалық мәселелерді дәстүрлі емес әдістер 
арқылы зерттейді. Неоклассиктердің «экономикалық адам» мәселесін 
«әлеуметтік адам» ретінде қарастырды. Бұл жағдай олардың пікірін-
ше, институттар арқылы реттеледі, яғни ол институттарға мемлекет, 
отбасы, адамгершіліктік және құқықтық нормалар, корпорациялар, 
кәсіподақтар, басқа да экономикалық құбылыстар мен тетіктер жатады. 
Сонымен қатар, институттар адамдар сақтайтын заң нормаларының 
жиынтығы ретінде өзіне қоғамдық пікір, сән-салтанат, жоғары 
білім, еркін бәсекелестік, жеке меншік, несие сияқты құбылыстарды 
да жатқызады. Сонымен, 
институционализм
бұл адамдардың 
экономикалықтан басқа, әлеуметтік, мәдени, саяси, адамгершіліктік, 
құқықтық құндылықтарын зерттейтін ерекше бағыт.


18
Институционализм теориясынан негізгі екі бағыт тарайды: 
неоинституционализм және қоғамдық таңдау теориясы.
Неоинституционализм
бағыты меншік құқығының экономикалық 
теориясы деп аталады. Негізін салушы болып американдық экономист, 
Нобель сыйлығының лауреаты 
Рональд Коуз
(1911 жылы туылған) 
табылады. Бұл бағыт трансакциондық шығындар теориясына аса 
мән бере отырып, нарықтық қатынастарды дамытудағы меншік 
құқығының жаңа рөлін қалыптастырды және өндірісті нарықтық 
тұрғыдан тиімді үйлестірудің шығындарын анықтауды алға тартты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет