Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет296/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Таза ішкі өнім
– жалпы ішкі өнім мен амортизациялық аударымдар 
арасындағы айырма.
Таза экспорт
– экспорт пен импорттың айырмасы.
Тарифтік емес тосқауылдар
– мемлекеттің елдер арасындағы 
сауда түрлеріне шек қоюды енгізетін кедергілері: импорттық квоталар, 
лицензиялар, стандарттар, еркін экспорттық шектеулер, т.б.
Тапшылық
– берілген бағалар (тепе-теңдік бағадан төмен) кезінде 
өнімге деген сұраныс көлемінің оның ұсыныс көлемінен артып кетуін 
білдіретін шама.
Тауарлар нарығы
– фирмалар өндірілген өнімдерін сататын және 
үй шаруашылықтары сол өнімдерді сатып алатын нарық.
Тепе-теңдік баға
– бәсекелес нарықтарда сұраныс көлемі мен 
ұсыныс көлемін теңестіретін баға.
Тепе-теңдік көлем
– бәсекелес нарықтарда тепе-теңдік баға 
кезіндегі сұраныс пен ұсыныс көлемі.
Технология
– тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін қолдануға 
болатын білімдер мен тәжірибелер жиынтығы.
Толық жұмысбастылық
– тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін 
қажетті барлық жарамды ресурстарды қолдану; циклдік жұмыссыздық 
нөлге тең болып, нақты жалпы ішкі өнім өзінің әлеуетті деңгейіне 
тең болғанда және жұмыссыздықтың табиғи деңгейі ғана сақталатын 
кездегі жұмысбастылықтың деңгейі.
Толық емес жұмысбастылық
– экономиканың қолданылатын 
ресурстар арқылы тауарлар мен қызметтердің максималды көлемін 
өндіре алмауы.


350
Төлем балансы
– белгілі бір уақыт аралығында шетелдік 
мемлекеттерге төленген жалпы төлемдер мен шетелдік мемлекет-
терден алынған жалпы төлемдер арасындағы айырма.
Төлем балансының тапшылығы
– ағымдық операциялар 
балансы мен капитал қозғалысы балансының теріс сальдосы.
Тігінен бірігу
– дайын өнім өндірісінің әртүрлі сатыларын жүзеге 
асыра-тын бір фирманың меншігі болып табылатын кәсіпорындар 
тобы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет