85
Тепе-теңдік күйі бұзылғанда газдарда
жылудың немесе қозғалыс
мӛлшерінің ағыны пайда болады. Сондықтан осындай құбылыстарды
тасымалдау құбылыстары деп атайды.
Тасымалдау құбылыстарының келесі үш түрі кездеседі: диффузия, жылу
ӛткізгіштік және ішкі үйкеліс (тұтқырлық).
Жылу ӛткізгіштік құбылысы ортаның әр түрлі нүктелерінің
температуралары әр түрлі болғанда жүреді және ортаның температурасы үлкен
бӛлігінен кіші бӛлігіне жылу тасымалданады. Жылу ағыны дегеніміз белгілі бір
беттен бірлік уақытта тасымалданатын жылу мӛлшері болып табылады.
Газдарда жылу берілу: конвекция және жылу ӛткізгіштік, жылулық сәуле
берілу арқылы болады.
Газдардың
жылу
ӛткізгіштігі
газ
молекулаларының
жылулық
қозғалысына байланысты жүреді. Жылдамдығы
жоғары молекулалардың
жылдамдығы тӛмен молекулалармен үздіксіз араласу нәтижесінде газдың бір
қабатынан екінші температурасы тӛмен қабатына жылу тасымалданады.
1) Диффузия деп - әр түрлі қоспалардың
молекулаларының жылулық
қозғалыстың нәтижесінде ӛздігінен бір-бірімен араласып орналасуын айтамыз.
Диффузия кезінде газдың І кӛлемінен ІІ кӛлеміне зат тасымалданады.
2) Жылу ӛткізгіштік құбылысы кезінде газдың температурасы жоғарғы
кӛлемінен температурасы тӛмен кӛлемге энергия тасымалдайды.
3) Ішкі үйкеліс кезінде газдың бір қабатынан
екінші қабатына импульс
тасымалданады.
Диффузия кезінде масса, жылу ӛткізгіштік
кезінде энергия, ішкі үйкеліс
кезінде импульс тасымалданады. Сондықтан бұл құбылыстар тасымалдау
құбылыстары деп аталады.
Газ молекуласының еркін жолының ұзындығы:
Газ молекуласының кӛршілес екі соқтығысу арасында жүріп ӛткен ара
қашықтығын газ молекуласының еркін жолының ұзындығы деп атайды.
Ӛлшем
бірлігі
.
86
мұндағы: z –1 секундтағы соқтығу саны
,
.
Газ молекуласының соқтығысу кезіндегі центрлерінің бір-біріне
жақындайтын ең аз ара қашықтығын газ молекуласының эффективтік диаметрі
деп атайды.
- газ молекуласының эффективті қимасы,
мұндағы:
екенін ескерсек
.
Газ молекуласының еркін жолының
орташа ұзындығы абсолют
температураға тура пропорционал және газдың қысымына кері пропорционал.
Достарыңызбен бөлісу: