149
•
Төсек жағдайын қадағалау (тамақ қалдықтарын сілку, төсек жаймасында
қатпарлардың болмауын, тегістігін жасау).
•
Науқастың киімінің жағдайын тексеру (лас киімді уақытылы ауыстыру; науқас
денесіне бағытталған дөрекі тігісті, ішкі түймелері бар киімдерді қолданбау).
•
Тері жағдайын күнделікті тексеру.
•
Терінің әлсіз жерлерін сабынды жылы сумен немесе дезинфицирлеуші
ертінділермен күніне 2 рет өңдеу жүргізу (қажет жағдайда бірнеше рет).
•
Терінің құрғақтығында ылғалдайтын иісмайларды қолдану, әсіресе болашақ ойық
пайда болатын жерлерді. Күшті тер бөлініс кезінде - құрғататын сепкіш қолдану.
•
Науқастың тағамдық рационын бақылау (қолданатын тағамның сапалық және
сандық қасиеттерін). Рационында қажетті ақуызды, минералды тұзды және дәруменді
сапасын бақылау. Қажет жағдайда диетаға өзгеріс енгізу.
•
Сұйықтық қабылдау режимін бақылау – тәулігіне қолданатын сұйықтық санына
қарсы көрсеткіш болмаса 1,5 л аз болмауы керек. Сұйықтық саны азайса зәр
концентрациясының жоғарлауына әкеледі, бұл зәр шығару жолдарының инфекциясын
даму қаупін жоғарлатады.
•
Зәр тоқтамаған жағдайда үлкендерге арналған памперстерді қолдануға болады, оны
уақытылы ауыстырып отырған жөн (4 сағат сайын). Ер адамдарға сыртқы зәр
қабылдағыштарды қолдануға болады. Памперсті ауыстырғанда (жаялықты) міндетті түрде
сабынды жылы сумен ластанған жерледі гигиеналық өңдеу жүргізіп, құрғатамыз.
•
Бірінші қызаруы немесе терінің бозаруы пайда болған сәттен бастап лимон
шырынымен, 10% камфор ертіндісімен немесе ылғалды сүлгімен сүртеміз және квару
шамымен сәулелендіру емін жасаймыз.
•
Айқын көрінген ойық жараны шұғыл түрде калий перманганат ертіндісімен,
Вишневский майымен, синтомицин эмульсиясымен немесе перуан майы қосылған
самырсын бальзамымен емдейміз.
Алдын алу шаралары емдік шараларға қарағанда тиімді. Егер уақытылы шараларды
дұрыс қолданса 95% жағдайда ойықтың алдын алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: