Ушатов марат әбдікаламҧлы педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту



Pdf көрінісі
бет48/63
Дата03.02.2023
өлшемі3,6 Mb.
#167289
түріДиссертация
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
Байланысты:
Ushatov Marat Abdikalamuly D2

 
 
0
10
20
30
40
50
60
70
БТ экспериментке 
дейінгі
БТ эксперименттен 
кейінгі
Жоғары
Орташа
Тӛмен
Сурет 34 - Студенттердің лидерлік әлеуетін дамыту деңгейлерінің ӛзгеру 
динамикасы (іс-әрекеттік). Бақылау тобы 
Деңгейл
ер 
БТ,% 
ЭТ,% 
Экспер. 
дейін 
Экспер. 
кейін 
Экспер. 
дейін 
Экспер 
кейін 
жоғары 
16,7 
22,2 
25 
37,5 
орташа 
61,1 
66,7 
62,5 
56,25 
тӛмен 
22,2 
11,1 
12,5 
6,25 


144 
Сурет 35 - Студенттердің лидерлік әлеуетін дамыту деңгейлерінің ӛзгеру 
динамикасы (іс-әрекеттік). Эксперименттік топ 
Бақылау эксперимент қорытындыларында студенттердің лидерлік 
әлеуетін дамыту жоғарыда кӛрсетілгендей нақты ӛзгерістермен сипат алды. 
Сонымен осы тараушадағы эксперимент нәтижесі кӛрсеткендей,
жоғарыдағы суреттер мен кестелердегі мәліметтер эксперимент тобында 
біршама ӛзгерістердің болғандығын анықтайды. Бұл жүргізген зерттеуіміздің 
тиімділігінің дәлелі болып саналады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


145 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Зерттеу барысында жасалған теориялық талдаулар барысы мен алынған 
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар негізінде тӛмендегідей тұжырымдар 
жасауға болады: 
1.Педагогикалық жоғары оқу орнының студенттерінің лидерлік әлеуетін 
дамыту мынадай әдіснамалық амалдыр негізінде жүзеге асты: тұлғалық амал, 
іс-әрекеттік амал, жүйелілік амал, аксиологиялық амал, акмеологиялық амал, 
синергетикалық амал, рефлексиялық амал. 
2.Жоғарыда кӛрсетілген әдіснамалық амалдар негізінде біз, студенттердің 
лидерлік әлеуетін дамытуда мынадай қағидаларға сүйендік: жүйелілік, 
конструктивті ӛзара әрекеттесу, ӛз-ӛзін жүзеге асыру мен рефлексия. 
3.Зерттеу барысында «әлеует», «лидерлік» ұғымдарына контент -талдау 
арқылы студенттердің лидерлік әлеуетінің мәні анықталды. «Студенттердің
лидерлік әлеуеті - кәсіби және тұлғалық сапалар жиынтығымен сипатталатын, 
басқару саласындағы білім, біліктер жүйесі мен әмбебап құралдарын 
меңгерген, ізбасарларының ӛзін-ӛзі бекітуі мен командалық жұмысқа барынша 
дайындық деңгейін қамтамасыз ететін іргетасы» деп нақтыланды. 
4. Диссертациялық зерттеу барысында педагогикалық жоғары оқу 
орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамытудың моделі жасалды, 
модельдің құрамдас бӛліктері ретінде мақсаттық (мақсат, міндеттер), 
әдіснамалық (әдіснамалық амалдар, қағидалар), мазмұндық (мазмұны, 
формалары, әдістері) және нәтижелік (компоненттер, кӛрсеткіштер, деңгейлер 
және нәтиже) блоктар қарастылып, оларға сәйкес әр блоктың мазмұны 
ашылды.
5. Педагогикалық жоғары оқу орнының студенттерінің лидерлік әлеуетін 
дамытудың әдістемесі дайындалып: «Лидерлік» атты элективті курс 
бағдарламасы; студенттерге арналған «Кӛшбасшылар» клубының ережесі, 
бағдарламасы; Абай атындағы ҚазҰПУ сайтындағы «Кӛшбасшылар» 
клубының электронды парақшасы (клуб ережесі, жоспары, әлем және 
Қазақстан кӛшбасшылары, бейне материалдар, хабарландырулар және т.б.) 
жұмысы ұйымдастырылып, тиімділігі эксперимент арқылы тексерілді.
Әзірленген 
диагностикалық 
құралдар 
эксперименттік 
топта 
студенттердің лидерлік әлеуетін дамытуда сапалы ӛзгерістерді байқатты. 
Зерттеу нәтижелерін саралай келе, педагогикалық жоғары оқу орнының 
студенттерінің лидерлік әлеуетін дамытудың мақсатында тӛмендегідей 
ұсыныстар берілді: 
- Педагогикалық жоғары оқу орнының оқу жоспарына таңдау компоненті 
ретінде біз құрастырған «Лидерлік» атты элективті курсты, сонымен қатар 
зерттеу барысында жинақталған материалдарды пән мазмұнына енгізу; 
-
-ЖОО-ның институт кӛлемінде студенттердің лидерлік әлеуетін дамыту 
мәселесі тӛңірегінде оқытушыларға арналған семинарлар мен дәрістер циклы 
ұйымдастырылса;


146 
- сонымен қатар, зерттеу нәтижесі ретінде баспадан шыққан «ЖОО 
студенттерінің лидерлік әлеуетін дамытудың ғылыми-теориялық негіздері»
атты оқу –әдістемелік құралды жоғары оқу орнының біртұтас педагогикалық 
үрдісінде пайдалануға ұсыну. 
Зерттеу жұмысымызда осы мәселелер толық шешімін тапты деуге 
болмайды. Келешекте зерттеу мәселесі техникалық жоғары оқу 
орындарындағы студенттердің лидерлік әлеуетін дамытуды қарастыру болып 
отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет