Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет127/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

фатумнан
(fatum – латын сөзі, тағдыр) анағұрлым бөлек. Егер фата-
лизм адамның өмірі, жүріс-тұрысы мен іс-әрекеті алдын ала болжанған, 
онда ешқандай таңдау, еріктік, кездейсоқтық жоқ, оған қарсы тұруға 
болмайды деп есептесе, фортуна ұғымы әлеуметтік қажеттілікпен 
теңелгенмен, ол ешқашанда адамның ерікті іс-әрекетін толығынан жоя 
алмайды. Н.Макиавелли: 
«Елу де елу»
формуласына жақын фортуна 
біздің іс-әрекетіміздің жартысын өзіне көндірсе, екінші жартысы біздің 
өзіміздің еркіміз, өжеттілігіміз, қайрат-күшімізбен байланысты», – 
дейді. Сондықтан «абайлаудан гөрі батылдық жақсы», өйткені «фор-
туна – әйел, ал онымен тіл табысу үшін оны оқтын-оқтын сабап алу 
керек», неге десеңіз, ол «әйел ретінде жастардың досы, ал олар алды-
артына қарамай, батыл түрде тарпа бас салып, оны өз еркіне көндіреді». 
Алдына үлкен мұрат-мақсаттар қойып, оларды іске асыру жолында 
адамның батыл, тиімді іс-әрекеттер жасауын Н.Макиавелли 
«вирту»
(vіrtu – лат. сөзі, айбындылық, қайраттық) деген сөзбен береді. 
Алайда толыққанды виртуды іске асыру әрбір адамның қолынан 
келе бермейді. Қарапайым адамдар, әлбетте, өте жақсы да, жаман 
да емес, өздерінің жүріс-тұрыстарында «ортаңғы жолды» ұстайды, 
оның өзі үлкен нәтижелерге ешқашанда әкелмейді. Ал тарихтағы 
ұлы тұлғаларға келер болсақ, олардың жүріс-тұрысы, іс-әрекеті тіпті 
басқаша, олар алдына үлкен мақсаттар қойып, бүкіл санасезімін, еркін, 
күш-қуатын сол істі өмірге енгізуге тырысады. 
Н.Макиавелли ұлы адамдардың іс-әрекетінің нәтижелілігі тек қана 
олардың айбындылығымен, виртумен ғана байланысты деген пікірден 
аулақ. Ұлы адамдардың қайратты іс-әрекетінің жемістілігі – сол 
заманның қойған талаптарына сай келуінде. 
Қорыта келе, «вирту» ұғымы жаңа гуманистік моральдың негізгі 
көрінісі ретінде Қайта өрлеу заманының негізгі құндылығына айнала 
бастады. Өзінің мүдделерін өмірге кіргізу жолында адам форту-
наны ауыздықтай алады. Адам – ерікті, саналы, айбынды, күш-қуаты 
мол пенде, ол алдына қойған мұраттарды іске асыра алады. Бұл 
Н.Макиавеллидің идеялары Жаңа заманның ой-санасына зор әсерін 
тигізіп, жалпы алғанда, жүре келе Батыс менталитетінің өзегіне айна-
лады.


148


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет