Аристотель және оның философиялық жүйесі Аристотель (384-322 б.з.д.) – көне заманның ең ұлы философы,
заманының ең дарынды, жан-жақты білімі бар тұлға болған. Аристо-
тель сонымен бірге өз заманының ұлы қолбасшысы, үлкен империя
жасаушы Ескендір Зұлқарнайынның оқытушысы ретінде де тарихта
аты қалған.
Аристотельдің тағы да жасаған бір үлкен жұмысы – ол Афина
қаласында даңқы бүкіл әлемге әйгілі мектеп – Ликейді ашады (қазіргі
лицейлердің аты содан шыққан). Мектептің жанында үлкен бақ, ал онда
адамдар серуендейтін үсті жабық жолдар болған, оларды грекше «пери-
патос» дейді. Тарихта Аристотельдің философиясын қолдап, ары қарай
жалғастырған мектепті
перипатетиктер дейді.
Аристотель жан-жақты терең білімді тұлға болғаннан кейін, оның
мұрасын ғалымдар бірнеше топқа бөледі.
Логикалық еңбектері (негізгі кітап
«Органон», «Категориялар» т.с.с.
Табиғат философиясына арналған еңбектері:
«Физика» 8 кітап,
«Аспан жайлы» 4 кітап,
«Аспандағы құбылыстар жайлы» т.с.с.).
Жан дүниесі философиясына арналған:
«Жан дүниесі жөнінде», «Өмір мен өлім туралы», «Тыныс алу туралы» т.с.с.
Тіршілік философиясына арналған:
«Жануарлардың дене мүшелері жайында», «Жануарлардың дүниеге келуі туралы» .
Бірінші физика 14 кітаптан тұратын. Соңынан
«Метафизика» деген атаққа ие болды.
Моральдық философияға арналған:
«Никомахтың этикасы», «Үлкен этика».
84
Саясат пен экономикаға арналған:
«Саясат», «Экономика», «Афи- наның саяси өмірі». Көркем сөйлеу мен көркем сөзге арналған:
«Риторика өнері», «Өлең сөз жөнінде».