Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет164/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

Нанотехнология әлемі
Жақын болашақта, 2020 жылға дейін наноқұрылымдарды алу 
және өңдеудің дамуын қарастырған кезде нанотехнологияны химия 
және биологияда пайдаланудың үлкен мүмкіндіктері анық көрінеді.


Дәстүрлі химиялық және биологиялық «жоғарыдан төменге» 
мен «жоғарыдан төменге» әдістерінің комбинациясы наномасштаб- 
ты деңгейде функционалды құрылғылар алуға мүмкіндік тудырады. 
Олардың арқасында мүлдем жаңа өнімдер алуға және жаңа ұрпақ тех- 
нологиясын дамытуға болады.
2015 жылы нанотехнологиялық өнімдер нарығы өте үлкен бола­
ды. 14.3-кестеде болашақта нанотехналогия пайдаланылуы мүмкін 
аймақтар көрсетілген
Бүгінгі таңда шамамен 4000 компания мен ғылыми-зерттеу 
ұйымдары нанотехнологиямен айналысады, оның ішінде қызмет 
көрсету аумағында 1900 ұйым және жаңа өнімдер шығаратын 2100 
ұйым бар. Жалпы нанотехнология нарығы 2006 жылы шамамен 300 
млрд доллармен бағаланса, ол 2015 жылы 1000 млрд доллармен 
бағаланады.
Қазір АҚШ, Жапония, Қытай мен Германия нанотехнология бой­
ынша зерттеулерде басшы орынды алып отыр. Кейбір бағалаулар бой­
ынша Қытайдағы нанотехнологиялық компаниялар саны 2003 жыл- 
мен салыстырғанда 2006 жылы 600-ге артқан және қазірдің өзінде де 
өсу қарқыны өте жоғары болып қалып отыр.
Наноматерилдар мен нанотехнологияларға деген әлемдік 
қызығушылық бүгінде барлық өнімдердің сапасын арттыруға 
көмектесіп отыр. Наноматериалдардың жаңа қызықты қасиеттерінің 
ашылуыныңнәтижесіндеөтетиімді,болашағызорнанотехнологияларға 
қаржы салу да артып келеді.
Бүгінде көптеген келешекті материалдар фантастика болғанмен, 
ертеңгі күні-ақ олар шындыққа айналуы мүмкін. Нанотехнология- 
да өте ұсақ ілгерілеулердің өзі де үлкен жетістіктерге алып келуі 
мүмкін.
14.3-кесте. Нанотехнологияның келешекте қолданылуы мүмкін 
аймақтар
Өнім
Сипаттамасы
Керегедегі экрандар
Теледидар мен бейнеойындарды 
жақсарту
Керегедегі акустикалық калон- 
калар
Бейнеойын теледидар мен дыбыстық 
жүйелерді жақсарту
Бағдарламаланатын бояулар
Команда бойынша түс пен оюларды 
өзгерту


Қайта бағдарламаланатын 
кітаптар
Команда бойынша кітап түрі мен 
мазмұнын өзгеруі
Қайтадан пайдалануға болатын 
қағаздар мен маталар
Түс пен өрнектердің өзгеруі
Өздінен реттелетін креслолар
Креслоның пішінін адам мүсініне 
сэйкестеп келтіру.
Үстел үстіндегі ойындарға 
арналған өздігінен 
бағдарламаланатын бояулар
Ойын алаңының пішіні мен мөлшерін 
кез келген бетке сэйкестендіру
Көптеген бөлшектері бар үстел 
үстіндегі ойындар
Компьютерлерік стратегияларға сэйкес 
реалды стратегиялық шынайы ойын- 
дарды жасау
Мөлдірлігі өзгеретін терезелер 
мен керегелер
Жарықтану дэрежесін реттеу мен 
энергияны үнемдеу үшін мөлдірлілікті 
өзгерту
Пішіні өзгертілетін терезелер 
мен керегелер
Бөлме көлемін команда бойынша 
өзгерту
Өтіп кете алатын керегелер
Керегелердің механикалақ 
кедергілерінің команда бойынша 
өзгеруі
Бағдарламаланатын бөлмелер
Команда бойынша пэтер пішімі мен 
жабдығының өзгеруі
Өздігінен ұшталатын 
пышақтар
Абсолютті үшкір жиек түзетін 
микробөлшектер пайдалану
Өздігінен тазаланатын ванналар
Кір жабыспайтын жамылғылар
Бағдарламаланатын гигиеналық 
құралдар
Жуынбай-ақ тер, май, кірді кетіруге 
арналған гигиеналық құралдар
Бағдарламаланатын киім күтуге 
арналған құралдар
Автоматты түрде кірді кетіре алатын 
материалдан тігілген киім
Температураға сезімтал киімдер
Сыртқы температураға байланысты ав- 
томатты түрде жылуөткізгіш қасиетін, 
мысалы, талшықтардың орналасу 
тығыздығын, өзгерте алатын материал- 
дан тігілген киімдер
Жұқа бояу немесе жамылғы 
тэрізді термометрлер жэне қол 
сағаттар
Бірмезетте мэлімет алу; енді сағатты 
жоғалтып алатын деп қорықпауға 
болады


Адам ағзасында 
бағдарламалауға болатын дәрі- 
дәрмектер
Команда бойынша дәрі-дәрмектің доза- 
сы мен енгізу уақытын өзгерту
Мекеме тербелістерін автоматты 
сіңірушілер
Жер сілкінісі мен борандардың 
қорқынышты салдарын болдырмау
Өздігінен жинақталатын толық 
масштабты өнімдер
Сызудан өнімге дейінгі өздігінен 
жинақтаудың толық шеңбері
Бағдарламаланатын формалар 
мен штамптар
Бетоннан бастап пластмассаға дейінгі 
әртүрлі материалдардан қажетті 
бөлшектер жасау үшін
Бағдарламаланатын тұсаукесер 
тақтасы
Арнайы қаламмен жазылған жазу- 
лар автоматты түрде компьютермен 
оқылады
Өздігінен диагностикаланатын 
кострукциялық материалдар
Автоматты түрде өз жағдайын, 
жүктемесін, тозу және құрылымдық 
бүтіндігін анықтайды
Сезімтал шиналар
Жүктеме мен жол жүру шарттарына 
байланысты пішіні мен қасиеттерін 
өзгертеді
Ақылды бамперлер
Аяқ астынан келеңсіздікке 
жақындағанда, пішінін 
өзгертеді(мысалы, үлкейеді)
Бағдарламаланатын голограм- 
малар
Команда бойынша көрсету
Виртуалды шындыққа арналған 
контактілі линзалар
Компьютерлік ойындар мен басқару 
жүйесін жақсарту үшін
Толық виртуалды шындық
Көрсету, сезу және т.б сезу мүшелері 
үшін ақуалды боямалайтын қоршаған 
орта
Ғарыштық лифт
Жүктемелерді ғарышқа жеткізу
Жасушалық терапия
Жасуша деңгейінде ауруларды анықтау 
және емдеу
Имплантацияланатын компью- 
терлер
Әрқашан өзіңмен бірге жүретін ком­
пьютер
Имплантацияланатын аударма- 
шылар
Әрқашан өзіңмен бірге жүретін аудар- 
машылар
Әжімдерді кетіретін 
ылғалдандырушы кремдер
Әжімдердің автоматты түрде жойылуы


Өздігінен басқарылатын 
спорттық құрал-жабдық
Спорттық жабдықтарды спортшыға 
сәйкестендіріп, автоматты түрде 
өзгеріп түрлендіру
Соққыға қарсы және 
антикоррозиялық жамылғылар
Қозғалтқыштар мен аспаптар, 
транспорттық құрылғылардың 
төзімділігін арттыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет