Әміре - әншіліктің ақыны.
Табиғатынан Әміре әнші еді. Ол өзінің осы қасиетін ерте сезінді.
Оның балалық шағы Дегелең тауының етегіндегі Тоқырауын өзенінің
жағасында өтті. Бұл ән мен күйге бай өңір еді. Әміренің үлкен атасы
Жанай әнші болған. Ел қариялары Әміреге ән салдырады. Оны сүйсіне
тыңдап, жас әншіге баталарын береді.
Әміренің үздік әншілік өнері қазақ халқының бай өнерін дүние жүзіне
паш етті. Халқымыздың әндері Әміредей асыл жүректі әншілер арқылы
бізге жетіп отыр.
•
Достарыңызбен бөлісу: