болатынын ескеру жөн, ол хаттарды бөлектеліп көшіруді іске асырады, үлкен хаттардан
бас тартуға жол береді және т.б.
Поштаны қабылдау үшін пошталық серверден хаттарды таңдамалы түрде
компьютерге көшіріп алуға, папкалармен жұмыс істеуге және т.б. мүмкіндік беретін
әлдеқайда жаңартылған IMAP-протокол қолданылуы мүмкін.
Электрондық хат адресатқа жетпеген кезде, бірнеше себептермен болуы мүмкін.
Мүмкін, алушының сервері берілген жіберушінен хаттар алмаған жағдайда. Мұнан басқа,
егер сервер жұмысы аса көп болса және сұранысты қарастыралмаса, жіберілім кері
қайтарылады. Егер хат алушы серверімен жоқталмаса да, ол қайта оралуы мүмкін,
мысалы, алушы атын жазу кезінде қателессеңіз – жүйе мұндай атты алушының жоқтығы
туралы хабарлайды. Және, соңғысы, көрсетілген атты алушы бар болса да, оның
пошталық жәшігі толып кеткен кездегі жағдай туындауы мүмкін.
Арнаулы таңбаларды және толтырма хабарламаларды жөнелту
SMTP-протокол ASCII-дың барлық символдарын жіберуді рұқсат етпейді, ал
олардың ішінен ағылшын алфавитіне сәйкес келетін және ASCII кодтаудың негізгі
кестесімен айқындалады. ASCII кодтаудың екі кестесін анықтайтыны белгілі: базалық
жетібиттік (0-127 нөмерлі символдар) және кеңейтілген сегізбиттік (128-255).
Кириллица символдары кодтаудың кеңейтілген кестесіне жатады, және SMTP-
протоколы үшін олар арнаулы символдар болып келеді. Арнаулы символдарды жіберу
кезінде әдетте MIME стандарты (Multipurpose Internet Mail Extensions – Интернеттің
көпмақсаттың кеңейтілулерлі пошталық стандарты) қолданылады, ол арнаулы
символдарды жіберу және мәтіндік емес ақпаратты электрондық пошта арқылы жіберу
үшін кодтауды рұқсат етеді, мысалы хатқа қосымшада орналастырылған графикалық
файлдар.
Бастапқыда электрондық пошта файлдарды жіберу үшін арналмаған етін, сондықтан
қайсыбір файлды жіберу үшін оның мәтіндік хабарламаға сәйкес қайта кодировкасы
керек. MIME стандарты
файлдың тақырыбы арқылы оның қандай типті мәлімет
(мәтін,
графика, әуен және т.б.)
қамтитынын анықтай алады
және қосарланған файлдарды
кодтаудың біртұтас әдісін ұсынады. MIME стандарттары қолданған кезде, кириллицаны
кодтау проблемалары туындамайды.
Достарыңызбен бөлісу: