Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды өткізу тәртібі


Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау



Pdf көрінісі
бет20/65
Дата24.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#170023
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65
Байланысты:
027-1

Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 18–ші
беті
әдістемелік комитет хаттамасымен бекітіледі. 
факультеттің 
Оқу-әдістемелік комитет ұсынысты
Академиялық департамент ұсынады.
Бітіруші білімгерлер арасында диплом жұмысынан немесе дипломдық жобадан
босатылғандар үшін кешенді емтихан қабылдау түрлері қорытынды аттестауға бір ай бұрын
университеттің Оқу-әдістемелік комитетте талқыланып, Сенат хаттамасымен бекітіледі.
факультеттің
Оқу-әдістемелік комитетке және Сенатақа ұсынысты Академиялық департамент
ұсынады.
8.1.5 Денсаулық сақтау даярлау бағытының бакалавриат және интернатура білім
алушылардың қорытынды аттестаттау оқытудың қорытынды нәтижелеріне сәйкес өткізіледі
және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № ҚР
ДСМ-46 бұйрығымен бекітілген Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім
алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларына сәйкес екі кезеңді:
- бірінші кезең – білімді бағалауды (компьютерлік тестілеу);
- екінші кезең – дағдыларды бағалауды қамтиды, объективті құрылымдалған клиникалық
емтихан әдісімен тиісті мамандық бойынша практикалық дағдыларын аттестаттау.
Қорытынды аттестацияның бірінші кезеңін тапсырмаған бакалавриат, интернатура білім
алушылар екінші кезеңге жіберілмейді.
8.1.6 Қорытынды аттестаттауға білім беру бағдарламаларының, жеке оқу жоспарларының
талаптарына сәйкес оқу үдерісін толық аяқтаған студенттер ғана жіберіледі.
8.1.7 Бітіруші курстың студенті білім беру бағдарламаларының, жеке оқу жоспарларының
талаптарын орындамаса оқудан шығарылады.
8.1.8 Білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін білім беру бағдарламалары немесе
даярлау бағыттары бойынша аттестаттау комиссиясы құрылады. АК төрағасы Сенат шешімі
негізінде, құрамы факультет деканының ұсынысы негізінде ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан
кешіктірілмей университет басшысының бұйрығымен бекітіледі және ол бір күнтізбелік жыл
бойы қолданыста болады. АК құрамына оның мүшелері құқығымен: факультет деканы немесе
кафедраның меңгерушісі кіреді. АК-тың басқа мүшелері тиісті бейініне сәйкес келетін
профессорлардан, доценттерден, жоғары білікті мамандардан, жұмыс берушілерден құрылады.
АК хатшысы кадр даярлаушы кафедра оқытушылары арасынан тағайындалады.
Денсаулық сақтау даярлау бағытының бакалавриат және интернатура білім алушыларға
қорытынды аттестаттауды өткізу үшін университет мемлекеттік аттестаттау комиссиясын
(МАК) қалыптастырады.
Мемлекеттік аттестаттау және аттестаттау комиссияның құзыретіне төмендегілер кіреді:
- білім беру бағдарламалары белгілеген талаптарға сай бітіруші мамандардың теориялық
және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру;
- бітірушіге бакалавр дәрежесін беру немесе тиісті білім беру бағдарламасы бойынша
"маман" біліктілігін беру;
- кадрлар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
Қорытынды / мемлекеттік аттестаттау өткізу үшін бакалаврларды даярлау бағыты
бойынша 5 адамнан аспайтын аттестаттау комиссиясы құрылады. АК төрағасына ақы сағаттық
мөлшерде төленеді: бір білім алушыға 0,5 академиялық сағат мөлшері есебінен, бірақ күніне 6
академиялық сағаттан аспауы тиіс.
8.1.9 Бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға немесе
дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.
8.1.10 «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға кешенді емтиханды қайта
тапсыруға, сондай-ақ диплом жұмысын (жобасын) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың
осы кезеңінде рұқсат берілмейді.


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет