Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды өткізу тәртібі


Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау



Pdf көрінісі
бет26/65
Дата24.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#170023
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65
Байланысты:
027-1

Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 23–ші
беті
- емтихан сұрақтарының күрделілік дәрежесі қалыптастырылатын пәннің оқыту
нәтижелеріне байланысты болуы тиіс;
- кешенді емтихан сұрақтары пәннің оқыту нәтижелерін Блум таксономиясы негізінде
бағалау бойынша деңгейлік сұрақтарды дайындауда бакалавр үшін қолдану деңгейінде.
(
қосымша 5
)
Кешенді емтиханды бағалау критерийлері академиялық мерзім басында дайындап,
бағдарламасында көрсетеді. Емтиханға келген білім алушының бағалау критерийлері туралы
толық мағлұматы болуы керек. Жазбаша емтиханның жауап парақтарын тексеретін ПОҚ-ы
бағалау критерийлерін 
қолданады.
Емтихан жұмыстарын бағалау бағдарламада көрсетілген критерийлерге сәйкес 100-
балдық жүйеде жүзеге асырылады. Ол үшін білім алушының берген жауабының толықтығы
есепке алынады
8.3.36 Білім алушы қорытынды аттестаттаудың нәтижелерімен келіспесе, аттестаттау
өткізілгеннен кейінгі бір жұмыс күннен кешіктірмей апелляцияға беруіне болады. 
8.3.37 АК жұмысы біткеннен кейін барлық хаттамалар университет мұрағатына сақтауға
тапсырылады.
Қорытынды аттестаттау нәтижелерін жариялау рәсімі
8.3.38 Кешенді емтихан немесе дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау аяқталғаннан кейін
қорытынды аттестаттау нәтижелері өткізілген күні жарияланады.
8.3.39 Аттестаттау комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері негізінде хаттама
жасалады, оған АК төрағасы, мүшелері, АК хатшысы қол қояды.
8.3.40 АК хатшысы аттестаттау комиссия мүшелерінің дауыстарын есептейді, тіркейді,
университеттің автоматтандырылған ayu.edu.kz домені бар жүйесіне баға қояды.
8.3.41 Дәрежені беру бойынша дауыс беру рәсімі аттестаттау комиссияның барлық
мүшелерінің қатысуымен алқалы талқылау арқылы жүзеге асырылады. Дипломдық жұмысты
(жобаны) қорғау бағалары туралы, берілетін дәрежесін тағайындау және біліктілік беру немесе
өзіндік, мемлекеттік үлгідегі (үздік емес, үздік) диплом беру туралы шешім АК мүшелерінің
отырысына қатысушылардың көпшілік дауысымен жабық отырыста ашық дауыс беру арқылы
қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда АК төрағасының дауысы шешуші болып
табылады.
8.3.42 АК-ның жұмысы аяқталғаннан кейін оның төрағасы есеп жасайды және екі апта
мерзім ішінде университет басшысына тапсырады. 
8.3.43 АК төрағасының есебі бір ай мерзім ішінде университет Сенат отырысында
талқыланады және бекітіледі.
8.3.44 АК төрағасы есебінде төмендегілер көрсетіледі:
- университетте осы БББ бойынша кадр даярлаудың деңгейі;
- білім алушыларды кешендіемтихандарда анықталған білімдерінің сипаты, жекелеген
пәндер бойынша мамандар даярлаудың кемшіліктері;
- дипломдық жұмыстың (жобаның) орындалу сапасы;
- дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыптарының қазіргі заманғы ғылымның,
техниканың, мәдениеттің жай-күйіне және өндірістің талабына сәйкестігі;
- БББ бойынша кадрлар даярлау сапасына талдау;
- кадр даярлауды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсынымдар.
8.3.45 АК төрағасының есебіне жоғары білім бағдарламасын оқып бітірген, білім
ұйымының басшысы қол қойып, берілген дипломның нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген
бітірушілердің тізімі жалғанады.


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет